Берілген заттарды? физикалы? ?асиеттерін зерттеу


Сабақтың тақырыбы: Берілген заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.
Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.
Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер: спиртшам, шынытаяқша, қысқыш, сынауыққа салынған заттар: мыс сым, темір шеге, алюминийден жасалған бұйымдар, күкірт, ас тұзы, су, мырыш түйірлері.
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.
мақсат қою кезеңі.
Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.
Жұмыстың орындалуы.
Тапсырма. Берілген заттарды зерттеп, оның физикалық қасиеттерін сипаттау (анықтамалыққа сүйене отырып).
Жұмысты орындау үлгісі
Қасиеттері Заттар
Су Күкірт Ас тұзы Мыс Темір Мырыш
Түсі
Агрегаттық күйі
Тығыздығы
Балқу температурасы
Қайнау температурасы
Жылтырлығы
Суда ерігіштігі ІІ. Физикалық құбылыстардың мысалдары.
Кәрлен тостағаншаға аздаған парафин немесе аз ғана қант салып қыздырыңдар. Содан кейін қандай өзгеріс болғандығын анықтап, себебін түсіндіріңдер. Сынауыққа су құйып, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
ІІІ. Химиялық құбылыстың мысалдары.
Тұнба түзілетін, газ бөлінетін немесе сіңірілетін реакция теңдеулеріне мұғалімнің ұсынуымен таңдап алынған реактивтермен тәжірибе жасаңдар. Байқалған құбылыстардың себебін айтып беріңдер.
Үйге тапсырма: қайталау