Сан есімні? ма?ыналы? т?рлері (6 сынып)
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлеріСабақтың мақсаты:1) Білімділік: Сан есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтінмен жұмыста түрлерін ажырата білгізу.2) Дамытушылық: логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.3) Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру. Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, плакат, парақшалар, т. б.Сабақтың түрлері: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сахналық қойылым, жеке, топтық жұмыс, қызығушылықты ояту.Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тіліСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын сұрау: парақша суыру арқылы өткенді қайталауА) Сұрақ - жауап (3минут).1. Сан есім дегеніміз не?2. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?. т.с.сЖаңа сабағымызды бастамас бұрын бағалау критерийлерін ескерту:
Оқушының аты - жөні Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі Парақшаға жауабы Жаттығу жұмысы Шығармашы-лық қабілеті Қорытынды бағасы
.
ІІ ЖАҢА САБАҚ:
Сабақтың мақсатымен таныстыру, өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру
Сан есімнің мағыналық түрлері
Түрлері Сұрақтары Жасалу жолдары Мысалдар
1. Есептік қанша? неше? бір, екі, үш, төрт, бес,
он, жиырма, отыз, елу,
жүз, жүз мың, бес мың
2. Реттік нешінші?
қаншасыншы? -ыншы, -інші,
-ншы, -нші бірінші, оныншы,
жүзінші, мыңыншы
3. Жинақтық нешеу? -ау, -еу біреу, екеу, үшеу,
төртеу, бесеу, алтау,
жетеу
4. Топтау нешеден?
қаншадан? -дан, -ден,
-тан, -тен,
-нан, -нен бестен, оннан, жүзден,
отыз бестен, екі-екіден,
бір литрден
5. Болжалдық қанша? неше?
қаншадай?
нешеге жуық? -дай,-дей,
-тай, -тей,
-даған,-деген,
-таған,-теген
-ер
-лап, -леп,
-дап, -деп,
-лар+септік жалғ.
есептік+есептік елудей, отыздай,
жетпістей,
ондаған, жүздеген,
мыңдаған
бірер
ондап, елулеп, жүздеп
ондарда, елулерде
екі-үш, елу-алпыс
6. Бөлшектік қанша? неше? есептік+шығыс септік
жарты, жарым,
ширек оннан бір, бір бүтін
бестен үш, мың жарым,
жүздің жартысы
Көрініс: «Сөз табы» еліндегі Сан есім қария мен оның алты ұлы (есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік)
ІІІ. Білімді бекіту жұмыстары:
А) Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Қазір алтыншы сыныпта оқимыз. Біздің көбіміз екі мың бесінші жылы дүниеге келгенбіз. Сабақта екі – екіден отырамыз. Жиналысқа он шақты ата – ана қатысып отыр. Бүгінгі сабақтар бес жарым сағатқа созылады. Сегіз сабақтың алтауы өтеді.
Слайдтағы мәтіннен сан есімдерін тауып, құрамына, мағынасына талдау
Ә) Оқулықпен жұмыс: 114-жаттығу (ребус шешу)
Б) ПОЛИГЛОТ (жұппен)
Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудар:
.… атасын білмеген жетесіз
2 .… ала болса ауыздағы кетеді,
… түгел болса ауыздағы кетеді.
.… тістен шыққан сөз,
… рулы елге тарайды.
... рет өлшеп, ... рет кес.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
Қызға ..... үйден тыйым
..... саусақ бірдей емес.
Ел құлағы-...
….. теңгең болғанша, … досың болсын.
Алыстан …… жасар бала келсе,Алпыстағы қария сәлем бере келеді.
В) «Сандарды сөйлет» (әр оқушы бір сөйлемнен оқиды)
Бір жылда күн бар.
наурыз - “Халықаралық әйелдер күні”.
Бір жылда ай бар.
Бір километрде метр бар.
жылы Н.Ә. Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды.
жылдары А.Құнанбаев өмір сүрген .
Ел Президенті «Қазақстан - .........» бағдарламасын ұсынды.
желтоқсан - “Тәуелсіздік” күні.
Қазақстанда Тілдер мерекесі ........ қыркүйекте атап өтіледі.
Бір метрде сантиметр бар.
Бір аптада ............ күн бар.
Желтоқсан оқиғасы ........... жылы болды.
......... жылы Қазақстанда ЕХРО көрмесі өтеді
Биыл Тәуелсіздігімізге ....... жыл
Ұлы Отан соғысы ............ жылдар аралығында болды.
Қазақстан халқының саны .............-ға жуық.
.................... жылдар – ел басындағы қиын, репрессия, нәубет жылдары болды.
Бүгін .......... жылдың ........ қараша күні.
Елімізде « ....... нақты қадам» бағдарламасы іске асуда.
«Сәулет» мектеп – лицейінің ғимараты ...... қабатты.
Г) «Кім тез ойлайды?» ойыны:
Ғ) Сәйкесін тап.♦ 1 асым тұз♦ 1 ұрттам қамыр♦ 1 жайым сөз♦ 1 ауыз су♦ 1 шымшым ет♦ 1 үзім қазы♦ 1 елі нанД) Логикалық жұмбақтар:
Е) Сергіту сәті:
IV. Қорытындылау
Үйге тапсырма: Қазақ халқының жеті, үш, бес сандарына қатысты ұғымдарын жазып келу
Оқушылар білімін бағалау (критерийлер бойынша)