Разработка урока по технологий ??Ж Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері


Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Мақсаты:
Білімділік:Сын есімнің мағыналық түрлері туралы зерттеушілік әдіс арқылы білім алуға,күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешудегі біліктілігін қалыптастыруға жағдай жасау.
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеті жеткенше біртіндеп орындауға жетелеу,жағдай жасау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тапқырлыққа,адамгершілік қасиеттерге,әдептілікке тәрбиелеу.
Тапсырмаларға қойылатын талаптар І кезең.Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
А)ұйымдастыру сәтін;
Ә)алдыңғы тақырыптардың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін б) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«Көпір» тапсырмалары-өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеру негіз болатын қайталау тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер.Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1.Сын есім дегеніміз не?
Ж:Сын есім заттың сынын,сапасын,көлемі мен түр –түсін сипатын білдіретін сөздер.
2.Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
Ж:Сын есім тұлғасына қарай негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып,ал құрамына қарай дара және күрделі сын есімдер болып бөлінеді.
3.Негізгі сын есім дегеніміз не?
Ж: тек түбірден жасалған сын есім.
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
Ж:Жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
5. Сын есімнің құрамына қарай қалай бөлінеді?
Ж:Дара және күрделі
6. Дара сын есім дегеніміз не?
Ж:Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі.
7. Күрделі сын есім дегеніміз не?
Ж:Екі не бірнеше сөздің тіркесуі,қосарлануы арқылы жасалады.
8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.
Ж:Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар,етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар .
9.Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді ?
Ж:Сапалық сын есім және қатыстық сын есім. Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз «Сапалық және қатыстық сын есім»
ІІ кезең(топтық жұмыс)жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:а)оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10минут)ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут) нәтижесі ауызша марапатталады.

Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай?нені?қашан? не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек) Бос орынға қажетті сөздерді қой. Сын есімдер мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып,заттың сынын,түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім сапалық сын есім. Жасыл ағаш,қызғылт көйлек,ыстық нан,әдемі зат.
Заттың сын-сипатын басқа сөз табының (зат есім,есімдік,етістік,үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім)қатысы арқылы білдіретін қатыстық дейміз.
Темірдей тәртіп,сусыз жер,мейірімді жан,кестелі орамал.

Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Сұрақтарға жауап бер.Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төмендегі берілген сөздерді неліктен сапалық ,қатыстық сын есім дейміз?
1.ақ,қызыл.қара,үлкен,кіші,аласа,биік
Ж:Себебі заттың түсін,көлемін білдіреді.
2.кешегі,бүгінгі,балалы,беделді.
Ж:зат есім,үстеулерге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалып тұр.
Теориясы: «Талдау»Салыстыр.Айырмашылығы неде?Ұқсастығы неде?Тақырыптың басты идеясы Берілген сөйлемдерді салыстыр,айырмашылығын тап.
ВЕНН диаграмма
Сапалық сын есім Ортақ қасиет Қатыстық сын есім
Жақсы сөз жан сүйсіндіреді Біраздан соң жұлдызды түн орнайды
Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім. Екеуі де сын есімнің сұрағына жауап береді. Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.
Тақырыптың идеясы неде?
Екеуі де сын есім.Олардың айырмашылықтары:бірі заттың сынын,түр -түсін тікелей анықтаса,бірі басқа сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақ жалғанады.
Теориясы: «Жинақтау» »(Қорытынды шығар,анықтама бер,мазмұнды жүйеле,кестені,тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр басқа түрдегі тапсырмалар оқушылардың «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады) Сапалық,қатыстық сын есім туралы білгеніңді жинақта Тірек сызба
Биік,пайдалы,жапырақты,тамырлы,жемісті
ағаш
Сапалық жуан қатыстық
сынесім сын есім
жасыл,қызыл,ыстық, таулы,ойлы,қырлы
Оқулықпен жұмыс(5 минут),төмендегі «Қолдану»және оқушылардың тақырып мазмұнына «Баға беру»тәсілдеріне сәйкес,яғнирефлексия жасауға,эссе жазуға арналған,практика жүзінде бекіту
тапсырмалары орындалады.Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі) Оқулықпен жұмыс
122-жаттығу.Қарамен берілген сөздерді қатыстық сын есімдерге айналдыр
123- жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазу
Сапалық сын есімдер                     Қатыстық сын есімдер
Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің? деген тапсырмалар)оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша)және біліктілігін(практикасы бойынша)өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сен қалай ойлайсың?
Сен қалай ойлайсың ,сапалық сын есім мен қарсылықты сын есімді басқа сөз таптарынан қалай ажырата аламыз?
Ж:Сапалық,қарсылықты сын есім қандай ?қай ? деген сұраққа жауап береді,заттың сынын,сапасын,түрін.түсін,сын есімнің жұрнақтары жалғануы арқылы ажыратамыз.
ІІІ кезең(кері байланыс-бағалау кезеңі) жеке жұмыс.Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ,оларды(әр деңгейдің білімділік,біліктілік,яғни,құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар)біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап,әділ бағалау жүзеге асырылады.Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында+3 минут қорытынды жасалады.Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып ,келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады,мониторингке тіркеледі.
Ідеңгей(5 балл)
Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?нені?қашан? не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктеліп, ІІ кезеңдегі қарағанда керісінше қойылады) Сұрақтарға жауап бер.Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Ойлан, ізден тап.
Оңға қарай оқысың да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын сөздер (қызық,...)
Екі әріптен ғана тұратын сын есімдер (ақ, ез, өр,...)
Құрамында үш а әріпі келетін сын есімдер (ап- аласа,...)
Тек қ әрпінен басталатын сын есімдер (қара, қоңыр,...)
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады Терме диктант .Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сын есім жаса
қаңтар---лы, шы---амды, айла---ер, т---йінді, то---ғақ, ас---л, көкпе----бек, кү---гірт.
қы---қыл.
ІІ деңгей(5балл+4 балл=9 балл)
Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі? не үшін? Сұрақтары оқушылардың жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Сұрақтарға жауап бер.
1.Сын есім дегеніміз не?
а) заттың сынын білдіреді
ә) заттың атын білдіреді
б) заттың қимылын білдіреді
2.  Сапалық сын есімді тап
а) қорқақ   ә) білгіш   б) ашушаң
3. Сын есімнің сұрақтары.
а) не істеді?,    ә) қандай?, қай?   б) қанша?, неше?
 4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
           Белі бүкір, алысқа түкір
Туынды сын есімді тап
       а) жалтыр,     ә) тәртіпті     б) биік6.  Сын есімді тап.
а) кеше   ә) әлсіз    б) жүгірді 7.  Негізгі сын есімді тап
        а)  таза   ә) әлсіз  б) кешкі 8. Қатыстық сын есімді тап.
     а)  заңгер  б) ымырт   б) өнегелі
 9. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
      а) Аттан биік, иттен аласа 10. Дара сын есімді тап.
    а) тап- таза   ә) ақ   б) өте жақсы
Теориясы: «Талдау»1.Салыстыр.2.Айырмашы лығы неде?3.Ұқсастығы неде?4.Тақырыптың басты идеясы 124-жаттығу Сөздермен сөз тіркестері қатыстыра отырып ,сөйлем дер құраңдар.Сыныптастарыңа сипаттама беріңдер.
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегі
қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Семантикалық кесте
мысалы Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Үлкен,сұр,биік,көкпеңбек + Бойшаң адам,өнерлі бала +
ІІІ деңгей(9 балл+3 балл=12
Теориясы: «Жинақтау (Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды жүйеле,анықтама бер,кесте,сызба,ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек) Сын есім туралы білгеніңді жинақта.
Сын есім
Практикасы «Баға беру» (сен қалай ойлайсың?Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) Сұрақтарға жауап бер.
Сөйлеуде сапалық,қатыстық сын есімдерді қолданудағы қажеттілік неде деп ойлайсың?
Ж:Адам өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруде,өз ойын кез келген заттың,құбылыстың сын-сипатын,көлемдік түр түсін,сапасын білдіреді.
Тәуелсіздік-қасиетті ұғым.(эссе)