Урок по казахскому языку для 6 класса Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері
Қазақ тілі мұғалімі: Сауленхан Алмагүл Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлеріСабақтың мақсаты: білімділік - сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту;дамытушылық - оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыру; тәрбиелік - сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу білім алуға, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.Сабақтың типі: жаңа білім беру.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, топтастыру, ойын.Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс: әдебиетСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау.1. 142 - жаттығудың орындалуын тексеру. Зымыран сұрақтарға жауап алу.2. Сын есім дегеніміз не?3. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?4. Негізгі сын есім дегеніміз не?5. Туынды сын есім дегеніміз не?6. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?7. Дара сын есім дегеніміз не?8. Күрделі сын есім дегеніміз не?9. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.Жаңа сабақ.Төмендегі сын есімдерді негізгі, туынды сын есім деп бөлек - бөлек жазу.СЫН ЕСІМЖаңа сабаққа жаттығу жұмыстарын орындату146 - жаттығу (жазбаша)Сапалық сын есім Қатыстық сын есімСергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында)Бір сөзбен айтқанда1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам.3. Тез ашуланатын адам.4. Көрінгенге соқтыға беретін адам.5. Керексіз көп сөйлейтін адам.6. Бойы ұзын адам.7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам.8. Бір сыныпта, бір мектепте оқыған басқаларды бір сөзбен айтқанда.147 - жаттығу (ауызша)Жұмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын айт.1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші. (радио)2. Темір қайшы - қос қайшы,Шығыршықсыз бос қайшы.Еңбектерге дос қайшы,Еріншекке қас қайшы (сағаттың тілі)3. Ешбір тілеусіз күмбез,Ешбір сүйеусіз күмбез.Ешкім көтере алмайтын күмбез,Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (аспан)Ойлан, ізден, тап.1. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын қай сөздер?2. Екі әріптен ғана тұратын сын есім.3. Құрамында үш а әрпі келетін сын есімді тап.4. Тек қана қ әрпінен басталатын сын есімдерді ата.5. Қара - қызыл, түкті - түсіз сын есімдерді қай жұмбақтарда кездеседі?151 - жаттығу.Төмендегі өлең жолдарын есте сақтап жазу (берілетін уақыт 3 минут)ЖайлауЖайлау қандай тамаша,Көзді тартар қараса.Қызыл - жасыл төңірекБейне жайған алаша.Жылдам жауап.Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тегінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын.Үлгі:асқақ ------- тәтті ------ жақсы ----- аласасезім -------- ә ---------- а ----------- лқасқа --------- т ---------- қ ----------- аақылды ----- т ---------- с ----------- сқоңыр ------- і ---------- ы ----------- аҚұрамындағы қатыстық сын есімдерді табу керек.Өзімді - өзім сынаймын.Бұл ойынға 12 тестік сұрақ белгіленеді. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары бар. Дұрыс жауап берген оқушы алуға құқылы.1. Сын есімА) заттың санын білдіреді Ә) заттың атын білдіреді. Б) заттың сапасын білдіреді.Ұтыс: дәптер2. Сапалық сын есімді тап.А) қорқақ Ә) білгіш Б) ашушаңҰтыс: сызғыш3. Сын есімнің сұрақтары.А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?Ұтыс: қалам4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.Белі бүкір, алысқа түкір.Ұтыс: кәмпит5. Туынды сын есімді тап.А) жалтыр Ә) тәртіпті Б) биікҰтыс: өшіргіш6. сын есімді тап.А) кеше Ә) әлсіз Б) сарыҰтыс: күнтізбе7. Негізгі сын есімді тап.А) таза Ә) әлсіз Б) кешкіҰтыс: «5» баға8. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.Аттан биік, иттен аласа.Ұтыс: стержен9. Қатыстық сын есімді тап.А) заңгер Ә) ымырт Б) өнегелі10. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер тауып айт.А) семіз Ә) мөлдір Б) сотқарҰтыс: маркер11. Дара сын есімді тап.А) тап - таза Ә) ақ Б) өте жақсыҰтыс: қаламсап12. Құрамындағы үш т әрпі кездесетін қандай сын есім?Сабақты бекіту:1. Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі.2. Сын есімнің мағынасына қарай нешеге бөлінеді?3. Сапалық сын есім дегеніміз не?4. Қатыстық сын есім дегеніміз не?Қорытынды.Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалаймын.