Білім беру ж?йесінде Блум таксономиясыны? тиімділігі
Білім беру жүйесінде Блум таксономиясының тиімділігі
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты мақсаты білім сапасын арттыру. Әрбір педагог жаңа технологияны қарастырып, өзінің әдістемелік шеберлігін арттыра отырып, оқушының өз білімін дамытып, жаңа тақырыпты өзі игеріп, өз ойын ортаға салып, сол тақырып төңірегіндегі материалдарды біліп, одан әрі дамуына жағдай жасаған кезде өз бетімен жұмыс істей алатын тұлға болып қалыптасады.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі мақсаты: тек білім беріп қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, оны өз бетінше меңгеруіне, теориялық білімін іс жүзінде пайдалануға, өз бетінше ізденуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, өз білімін бағалай білуге үйрету. Ал бұл үрдісті жүзеге асыратын жетекші- ұстаз.
Мұғалім әрбір тақырып бойынша түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру жолдарын қарастыруы керек. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімдісі Блум таксономиясы.
Блум таксономиясының алты сатысы бойынша ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтып, алдағы уақытта бала оқыту тәжірибесінде қолдануға бағыт-бағдар береді.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бір қалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1) Білу
2) Түсіну
3) Қолдану
4) Талдау
5) Жинақтау
6) Бағалау
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну - Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
Блум таксономиясының деңгейлері төмен деңгейден басталып, орта, жоғарғы деңгейге дейін көтеріледі. Бұлай оқу оқушылар үшін тиімді. Себебі балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі. Сондай – ақ берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады. Өз ойын сараптай отырып, берілген тапсырмаларды орындай алады. Сабаққа ынтасы арта түседі. Оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады. Әрбір оқушы өз білімінің деңгейін көре алады, сондықтан алған білімдерін одан әрі шыңдай түседі, ойларын қорытындылауға үйренеді.
Жалпы Блум таксономиясы мен сабақ өткізу өзіме де оқушыларыма да ұнады. Себебі :
тақырып түгел қамтылады,
Бір сабақта деңгейлеп бірнеше тапсырмалар орындалады,
Сабаққа оқушылар белсенді түрде қатысып, өз ойын, пікірін дәлелдеуге дағдыланады,
Әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады,жұптық бағалау, ал сабақ соңында топ көшбасшылар топты критерий мен бағалап отырады.
Мұғалім де оқушы да көп ізденуге машықтанады.
Алдағы уақытта сабақтарымды Блум таксономиясының алты ойлау деңгейлері мен өткізуге атсалысамын.