О?ушыларды? білімін жетілдіру ма?сатында Блум таксономиясыны? ?осар ?лесі ?андай?
Павлодар қаласындағы «Дарынды балаларға арналған
№8 лицей-мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрханова Айнұр Серікпайқызы
Оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында Блум таксономиясының қосар үлесі қандай?
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек.Себебі,елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын,шұғыл шешімдер қабылдай білетін,белсенді,шығармашыл азаматтар қажет.Мұғалім жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап,оның дамуын жан-жақты зерттей отырып,өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес.
Ал мұндай өзгеріске ұшырау үшін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі педагогтардың білімін жетілдіру білім ошақтары жұмыс жасауда.Міне, осының арқасында мектептерге де қозғау түсті.Бағдарламадағы ағылшын ғалымы Бенжамин Блумның әдісінің тиімді екені күннен-күнге өзін-өзі дәлелдеуде.1956 жылы Бенжамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум тасксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларынның кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық,эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру.Танымдық санадағы дағдылар белгілі бір тақырыпты білу,түсіну мен сыни ойлау тұрғысынан қаралады.Блум таксономиясы ең төмен үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңімен қозғауды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
1.Білу. Фактілерді,жағдайларды,негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдың есте сақталғанын растау.
2.Түсіну. Негізгі идеяларды ұйымдастыру,салыстыру,түсіндіру,сипаттау,бекіту жолымен фактілерді түсінетіндігін көрсету.
3.Қолдану.Жаңа білімдерді түрлі нұсқада пайдалану.
4.Талдау. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу.Қортынды жасау және жалпылаудың болғанын анықтайтынын растайтын дәлелді анықтау.
5.Жинақтау. Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементті қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну.
6.Бағалау. Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу,ақпарат бойынша қортынды жасау,бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау болып табылады.
Мысалы, бала мен ойыншықты Блум таксономиясына салсақ,осылай болар еді.
1.Білу.Бала ойыншықты ойнау құралы екенін білді.
2.Түсіну.Ойнау керектігін түсінді.
3.Қолдану.Ойыншықпен ойнап көрді.
4.Талдау.Ойыншықты бұзып.талдап ішінде не бар екенін білгісі кеп,сындырды.
5.Жинақтау.Ойыншықты қайта жинақтап керек жерін ғана құрастырды.Құрамағанын тастайды.
6.Бағалау.Бала сөйтіп, ойыншықтың сапасын анықтайды.
Кез келген проблеманы Блум таксономиясына салып жіберсек оп-оңай шешімі табылады.Яғни, бұл әдісті тек білім саласына ғана емес күнделікті өмірде де қолдануға болады деген сөз.Сондықтан болашақ ұрпақ үшін Кембридж университеті ұсынған бұл жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері өте тиімді.