Биология п?нін о?ытуда БЛУМ таксономиясыны? р?лі
3847465-5969000«Алғырлар» мен «білгірлер» сайысы
Куанышбаева Салима Батырбаевна
Астана қаласы, №80 мектеп-гимназияның
биология пәні мұғалімі
Биология пәнінен 8 сыныптар арасында «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында қайталау сабағын сайыс түрінде өткіздім.
Сабақтың мақсаты:
Адамның қаңқасы, бұлшықеті және дене шынықтырудың тірек қимыл жүйесіне тигізетін пайдасы жөнінде оқушылардың алған білімін жинақтап қорыту және тірек қимыл туралы алған білімін жүйке жүйесі, ас қорыту, тыныс алу, қанайналым жүйелерімен байланыстыра отырып, қазақтың ұлттық ойындарында тірек-қимыл жүйесінің дамытуға , алған білімін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Сабақта «Қаңқаның құрылысы», « Бұлшық еттің құрылысы», «Сүйектердің өзара байланысы», «Омыртқа жотасының қисаюынан сақтандыру» сызба-суреттері, картотекалар, құмсағат, эмблемалар, генталь, т.б қолданылды.
Сабақтың барысы.
Оқушылар «Алғырлар»мен «Білгірлер» болып екі топқа бөлінеді.
Сайыстың 1-шарты бойынша топтар өздері дайындаған өлең жолдары мен өздері таныстырады.
Сайыстың 2-шарты – сұрақтарға жауап беру.
«Алғырлар» тобына :
Тірек –қимыл жүйесі неден құралады және оның атқаратын қызметімен маңызын айтып беріңіз?!
Омыртқа жотасының қисаюы мен жалпақ табандылылықтан қалай сақтануға болады?
Сүйектер құрылысына қарай қандай топтарға бөлінеді?
Сүйек ауруларына не жатады?
Сүйектердің байланысуың қандай түрлері бар?
«Білгірлер»тобына:
Адам қаңқасы мен жануарлар қаңқасының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?айырмашылығын немен түсіндіресіз?
Буын ауруларына не жатады?
Бастың,кеуденің және қол сүйектерін көрсетіп беріңіз
Жамбас белдеуі мен аяқтың қаңқасын көрсетіңіз.
Ұлы физиолог И.П.Павлов 86 жасында қайтыс болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін спорттың ойынның түр түрәмен айналысып, бау бақшада жұмыс жасаған, оның ұзақ өмір сүруіне әсер еткен не нәрсе деп ойлайсыз?
Сайыстың 3-шарты бойынша екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
«Алғырлар» тобына
Сан түрлі дәмге мәне беріп,
Сөз сөйлеткен әнге еріп.
Бір жапырақ қызыл ет,
Атқарады үлкен қызмет.(Тіл)
Соғады күні-түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің. (Жүрек)
«Білгірлер» тобына
Екі асыл нүкте,
Соқтырамайды түкке. ( Көз)
Кемеңгер жөн нұсқаған ақыл тауып,
Үстінде алтын нүкте қалың сауыт.
Шықпайды ордасынан қадам аттап,
Екеуі тұр қарауылдап, екеуі тыңдап,
Үшеуі жүр тамақ беріп, дәмін сынға ап.
Екеуі өзен жуындысын кетеді алып,
Өзімен бірге ағызып терең шыңға ап.(Ми,ми сауыты, 2 көз, құлақ, қол, тіл, танау тесіктері)
Сайыстың 4-шартында- топ мүшелерінің күшін анықтау.
1.Білек сайысы. 2.Генталь көтеру
Осы сайыста әрбір топтан бір-бірден ер бала шығады.
Қазылар алқасы жеңген оқушы тобын есепке алу керек.
Сайыстың 5-шартында-екі топ мүшелеріне екі түрлі перфокарта беріледі.
Соны екі минут ішінде толтырып берулері қажет( артына топ атымен оқушы аты жазылады).
Сайыстың 6-шартында- 2 топ бір-бірінің дайындаған сұрақтарына жауап береді.
«Алғырлар» тобына.
Егер адамды дауыстап шақырса, ол дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. Бұл қимылды тудыратын не немесе қалай жүзеге асатынын түсіндіріңіз.
Жас балалардың сүйегі неге майсқыш болады?
Оқушы орындығының арқасын неге аласа етіп жасайды?
«Білгірлер» тобына
Еттің жиырылуы неге байланысты? Етті жиыратын энергия қайдан алынады? Еттерге түсетін заттың салмағы мен еттердің жиырылуы адамның жұмысына қалай әсер етеді?
Ересек адамадардың сүйегі неге сынғыш?
Тірек-қимыл жүйесі дамуына әсерін тигізетін қазақтың ұлттық ойындары мен түрлі қозғалыстарын атап беріңіздер. Оның бұлшықеттің шынығуына тигізетін пайдасы қандай?
Сабақ соңында сөз 2 топ жарысының қорытындысын шығарып бағалау үшін қазылар алқасына беріледі.
Қайталау сабағын саыс түрінде өткізу оқушыларды пәнге қзықтырып, «мен көп білсем екен»
Дегізіп, білімді болуға ынталандырады.