Жалпы есім мен жал?ы есім Саба? жоспары (1-сынып)


Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылы
А.Құсайынов атындағы ЖОББ мектеп-балабақшасы
Казенова Шолпан Азаматовна
Сабақтың тақырыбы: Жалпы және жалқы есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік;
Зат есім , жалпы есім және жалқы есімді бекіту;
Дамытушылық:
-Жеңілден күрделіге өте отырып, логикалық ойлауын, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шыармашылық жұмыс істеу қабілетінің артуына ықпал жасау;
Тәрбиелік:
-Ынталы да, зейінді болуға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, іздену, баяндау, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Балалардың бір-біріне жылы лебіздер білдіруі.
3.Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Балалар бүгінгі ашық сабағымыз қазақ тілі.
Ақындардың тілімен айтар болсам:
Қазақ тілі- өз тілім, анам тілі,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағы бақытым, дара тілім.
Сұрақ –жауап:
Тіл сөзіне ой қозғап көрейік.

1863321-6811900 Тіл
41979852097730016429682077010026475381976520033108901974500025120116954500
Дене мүшесі орысша пән қызыл сөйлейді
«Тіл» сөзі қай сөзтабына жатады? Зат есім. Ендеше , зат есім туралы не білеміз,еске түсірейік.

254679619591500 Сөз табы
14960602178050033511881062810014721458618600жалпы есім Зат есім жалқы есім
33310901656600көпше түрі жекеше түрі
Бүгінгі сабағымыз, жыл бойы өткенді қайталау тарауы бойынша жалпы және жалқы есім.
Келесі «Ойнайықта,ойлайық!», ауызша жауап береміз, логикалық ойымызды дамытайық әрі дұрыс сөйлеуге үйренеміз.
Не? Кім? Нешінші?
Сабақ, қоңырау, мұғалім
Түн, күн, ұйқы
Күлкі, күлдіргіш
Күнделік,жалқаулық,екілік,мұғалім
Ағаш, топырақ, тұқым
Жаңбыр, бұлт,лайсаң
4. Дәптермен жұмыс.
«Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық»
Тапсырмалар:
1. Алдымен жалпы есімді, содан кейін жалқы есімді теріп жаз.
Мал,көкініс,Дина,Тайбурыл,Бетпақдала
2. Мына сөздерге көптік жалғауын жалға,сөйлем құрастыр.Әже,әке,аңшы.
3. Поэзиялық минут
4. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы, жаз.
Сергіту сәті.
5. «Кім зейінді» ойыны. Ойынның шарты:көзді жұмып,іштей жазуға дайындаламыз.Сөздер тез арада оқылады.Балалар қаншалықты сөзді есіне сақтады, қағаз бетіне түсіріп береді. Түгел жазған бала «зейінді» бала атанады.
Айран,ақын,достық,құлыншақ,Астана,Ақтөс, балдырған.Жалпы есімді тауып астын бір сызықпен,жалқы есімді тауып екі сызықпен сыз.
6. Шығармашылық тапсырмалар.
Сурет бойынша тақырып таңдап алып,шығарма жазу.
7. Қорытынды.
8. Үйге тапсырма: 4-жаттығу
9. Бағалау