?аза? ?дебиеті. Мыржа?ып Дулат?лы Шешені? балаларын с?юі


Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8«А»
Мұғалімнің аты-жөні: Сайлаубаева Тогжан Жаслановна.
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі».
Сабақтың мақсаты: М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін кеңейту.Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, топтастыру, жеке жұмыстар.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекіліктер: слайд, видео,оқулық,бағалау парақшасы, интерактивті тақта,хронологиялық кесте.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Амандасу,оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық. «Сәттілік» тренингі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Батыр Баян»поэмасын тақтаға шығып әңгімелейді.
ІІI. Жаңа сабақ.
(Тақтаға күннің жадымен сабақтың тақырыбын жазу.)
1.М.Дулатұлы (өмірі мен шығармашылығына шолу, хронологиялық кесте)
1885 ж
Міржақып Дулатұлы Торғай облысы, Жангелдин ауданы,Қызбел атырабында дүниеге келді
1897 -1902
Екі жылдық орыс-қазақ мектебінде оқып, білім алды
1909 ж
«Оян, қазақ!» кітабы жарық көрді
1910 ж
« Бақытсыз Жамал » романы басылып шықты
1913 -1918
« Қазақ » газетінің негізін қалайды
1905 -1920
Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш өкіметі, Алаш әскері қатарында
1935 ж
Ресей өңірі, Ақтеңіз-Балтық каналындағы Сосновец лагерінде қаза болды.
1988 ж
Республика Жоғары сотының коллегиясында ақталды.
1992 ж
Торғай өңіріндегі бейітке қайта жерленді
М.Дулатов– Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы – педагог, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Негізгі мамандығы ұстаз болғандықтан, ол балаларға арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер, өлеңдер жазған. Соның бірі - « Шешенің балаларын сүю » өлеңі.
Қызығушылықты ояту.
-Отбасының ұйтқысы
-Жарық дүние тіршіліктің тірегі
-Өмір сыйлаушы
-Мейірімді жан
-Өмірдің шуағы
-Қамқор жан.
ІV. Мәтінмен жұмыс.
1. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі мәнерлеп оқылады.
-Балалар, өлеңнің тақырыбы не? ( Бала үшін өмірдегі ардақты жан – ана туралы жазлыған)
-Ақын өлең арқылы қандай ой айтпақ болды?
— Ақын ананың балаға деген сезімін қалай жеткізді?
V. Сергіту сәті. Видеодан жаттығуды қайталау.
VI. Өлеңге сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: М.Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
3. Жанр түрі– поэзия ( өлең) Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен
қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып
келетін өрнекті сөз жүйесі
4. Идеясы– автор тақырып арқылы шындық өмір көрністерін суреттегенде,
оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы,
соның амандығы
5.Шумақ– аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6.Тармақ— өлеңнің әр шумағы
7. Бунақ– белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ
8. Буын саны– сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. ( 8,11 буын)
9.Ұйқас. Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас
дейміз. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
10. Арнау– бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына
қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде
сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы
құрылады. ( Сұрай арнау)
11. Түсіндірме сөздік( бұл өлеңде түсінуге қиын тиетін сөздер жоқ)
12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
VIІ. Сабақты бекіту. «Білімді мыңды жығар».
І топ.
М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндаудың тірек-сызбасын құрастырыңыз, сол жоспар бойынша қаламгер туралы әңгімелеңіз.
ІІ топ.
Ана туралы даналық ойлар айту. Мақал –мәтелдер айту.
ІІІ топ.
« Ана» сөзінің кілтін табу
А – дамның
н– ағыз
а — сылы
“Мен анамды сүйемін ” ойтолғау жазу.
VIII. Үйге тапсырма:
1) М. Дулатов « Шешенің балаларын сүюі » өлеңін жаттау.
2) « Менің аяулы анам » тақырыбында шағын шығарма жазу.
IX. Бағалау. Бағалау парақшаларына бағаланады.