Урок по алгебре на тему Б?тін к?рсеткішті д?реже ж?не оны? ?асиеттері
«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп МДШО» МКМ
Математика пәні
Мұғалім : Садыков Аскар
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін меңгеру
Өзі үйрене отырып, өзгені де үйрету дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін
меңгереді
Есеп шығаруда қолдана алады
Өзара топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады
Оқыту әдістері Жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін және оқуды бағалау модулдерін пайдалану
Қажетті құрал-жабдықтар Флипчарт, маркер,7-сынып оқулығы,стикерлер,
Тапсырмалар Миға шабуыл
Топтық жұмыс: «көрші қуанышымен бөлісу»
Жұптық жұмыс: есептер шығару
Сергіту сәті: Жадыны дамыту
«Кезбе тілші әдісі»
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе бөлім Сыныппен амандасу
Топ номерлері жазылған боялған асықтарды таңдау арқылы бір - бірінің ең жақсы қасиетін айту Топқа бөлу, көтеріңкі көңіл сыйлау. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Топ мүшелерін «Көшбасшы», «хатшы», « баяндамашы», «уақыт сақшысы», «бақылаушы» ролдерін тағайындату
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Кілең төрттік алғандар,
Бесті ғана армандар.
Оқушыларды бағалау бағалау парақтары арқылы жүргізіледі
Оқушылар сабаққа дайындалады
Топта ролдерге бөлінеді
Сабақ жоспарымен танысады
Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл»
Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесі.
(Көбейтіндіні дәрежеге шығару үшін көбейткіштердің әрқайсысын осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтеді)
Бөлшекті дәрежеге шығару ережесі.
(Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның алымының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады)
Дәрежені дәрежеге шығару ережесі.
(Дәрежені дәрежеге шығарғанда, негізін өзгертпей, көрсеткіштерін көбейтеді) Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің есептерін тексереді
Негізгі бөлім Ауызша, ой түрткі:1. Бұл тақырыптың мақсаты қандай деп ойлайсың?2. Осы сабақта өз алдыңа қандай мақсат қоясың?
3. Осы тақырып бойынша не білесіңдер? Балаларды ойлануға және ойларын еркін айтуға бағыттау
Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын өз беттерімен меңгеруіне «Көрші қуанышымен бөлісу» әдісін пайдалану 10 мин.
Әр топқа хат келеді, хатта жаңа сабақтың түсіндірмесі, мысалы бірге беріледі.берілген мәтінді топта талқылап, топтан үздік баяндамашы анықталады. Топ баяндамашы топ жұмысын сыныптастарының алдында сызба арқылы қорғап шығады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Жұппен жұмыс: Есептер шығару 10 мин
№38 №40 № 42 №44 №46
Оқушылар жаңа сабақтың есептерін қай деңгейде жұппен орындай алғандығын бағалау.
Сергіту сәті: жадыны дамытуға арналған ойын 5мин
Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады
Ереже:
1. Топтан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз тобыңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз
Сізге мынаны ойластыру керек:
· Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз?
· Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз?
· Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын?
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады Конвертте жазылған мәтін бойынша оқушылар жаңа сабақты топта және сынып алдында талдап түсіндіреді
Жұппен оқулықтан есептер шығарады
Топта бір-бірін бағалайды
Бақылаушы бағалау парағына жазып отырады
Оқушылар сергіту сәті арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Бекіту Есептеңдер: 2:2-2
А) 8 B) 2 C)1/4 D)0 Жауабы: А
Есептеңдер: 8*2-4
А)1/4B)2C)1/2 D) 1Жауабы: C
Есептеңдер: 163: (4-2)-3
А)2 B)1C)-1D)0 Жауабы: B
Есептеңдер: 410*4-2*4-5*4-4
А) 1 B) 16C)4 D)0,25Жауабы: D
Ықшамдаңдар: (х9*х3*х4)2:(х7)4
А) х4B) х3C)х5D)х6Жауабы: А
Топта бір-бірін тексереді, бағалайды
Қорытынды бөлім Сабақты « Кезбе тілші» әдісі бойынша бекіту
Топ бақылаушысының қорытынды бағалауы бойынша сыныпты бағалау
Рефлексия оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін басмармақ арқылы білдірту
Сабақт кезбе тілші әдісі бойынша қорытындылайды
Бақылаушы бағалайды
Сынып сабақ бойынша өз көңіл күйлерін білдіреді.
Үйге тапсырма №39, 41, 43, 45 Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
Бағалау Топ басшыларының бағалау парақтарын жинап, қорытынды баға шығарады Бағалау парағы
Топ мүшелерінің аты-жөні Үй тапсырмасы Топтық жұмыс
«Көрші қуанышымен бөлісу»
(Топтар бір-бірін бағалайды) Жұппен жұмыс
Есептер шығару
(Бір-бірін бағалайды) Тест тапсырмалары Топ мүшелерінің белсенділігі Қорытынды баға
Еліміздің көркеюі, дамыған елдер қатарына қосылуы үшін талантты да, қабілетті балаларды тауып, оқу барысында дамыту - ол менің ұстаздық парызым деп білемін. Сондықтанда курста алған білімімді өз тәжірибемде барынша қолдануға тырыстым. Сабақтар барысында оқушылар бойынан пәнге деген қызығушылығын байқадым. Ал, бұл топтық жұмыста барлық бала өздерінің талантты екенін, соның ішінде Толқын, Мұхит, Нұрболат, Назерке ерекше көзге түсіп, алғырлықтарымен өздерін көрсете білді. Осы сабақтағы барлық тапсырманы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, құрастырдым.