Балаба?ша?а арнал?ан баяндамаБалаларды? психофизиклы? дамуында?ы дамытушы ортаны? ма?ызы



Ахмадиева Айгуль Қадылқановна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауылдық «Айгөлек»
балалар бақшасының КМҚК әдіскері
Балалардың психофизикалық дамуындағы дамытушы ортаның маңызы
Мектепке дейінгі баланың  жекебасын және танымдық процесcтерін дамыту, қарым - қатынас дағдыларын, және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен әлеуметтік өзара іс - қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Дамушы заттық орта  - бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани және физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны. Заттық ортаның негізгі  элеметтері  - сәулетті - ландшафтық және табиғи - экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; тәрбие мен оқытудың аудиовизуалдық және ақпараттық құралдары болып табылады. Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай - ақ участкені заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс 
 Эстетикалық тұрғыдан алғанда-барлық модульдарды баланың бойына сәйкес болу керек және де, баланың көзі , қолы жетердей жерде орнату керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда-баланың жас ерекшелігіне назар аудара отырып, ұйымдастыруды кажет етедіӘр тәрбиеші педагогтың негізгі міндеті: топка келген әр сәбиге топ ішінде толыққанды өмір сүруіне, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызу.Топ табалдырығын аттаған әр сәби өзінің кішкентай ғана алақанын тәрбиешінің аялы алақанына сала отырып, тәрбиешінің көмегімен айнала қоршаған әлемге сеніммен қарап, құшағын айқара ашады,өзінің өнерімен ересектерді сүйсіндіріп таңқалдырады. Қазіргі заман философтары « орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының системасы деген тұрғыда қарастыруда. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалаптасу социумның модулі болып табылады.Дамытушы орта ол-сан түрлі ойын мен сенсорлық сезімді тәрбиелеуге қажетті материалдарға бай орта.Балабақша ұжымының бірден- бір ерекшелігі дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде баланың физикалық және психосоциалдық тұрғыда жан-жақты дамуына көп мән береді.Дамытушы орта бала тәрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады , сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге және толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс . Өйткені, бала жылдам өседі, сондықтан да, ертеңіне ол орта баланың дамуына әсер бермейді, ал кейін оның дамуына кедергі келтіреді.2 айдан соң дамытушы ортаны өзгертуді және толықтыруды қажет етеді, бұл практика жөнінде дәлелденді. Кішкентай сәбилер ірі ойын жабдықтарын ұнатады, сонымен қатар ол жабдықтар көзге тартымды , ашық түсті болғаны дұрыс. Топтағы дамытушы орта балаға сан-түрлі іс-әрекет кездерінде сараптауға, ойлауға септігін тигізуші болыпта табылады.Балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтарды пайдаланған жөн.Дамытушы ортаны жобалағанда баланың жеке тұлғасына да аса көңіл бөлген жөн.1.Баланың жеке тұлға ретіндегі іс-әрекетімен байланыстыру керек . Осы мақсатта топтарда сәбилердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, әр түрлі белсенді іс - әрекеттерді атқаруға бірнеше орталықтар жасақталады.Қимыл-қозғалыс орталығыОйын әлеміБейнелеу-шығармашылық орталығыКонструктивтік орталық2.Топта балалардың тынығып демалуына «тыныштық әлемі» немесе «оңашалану орталығын» ұйымдастыруға болады.3.Мүмкіндігінше “жеке бұйымдар” орталығын ұйымдастыруға болады, яғни әр бала өзінің жеке затын сақтау үшін арнайы жер дайындау.Дамыту ортасын ұйымдастырып жасақтауда бала дамуындағы маңызды ролі басшылыққа ала отырылып ұйымдастырылады және онда бала өзін еркін сезіне алуына,денсаулығына нұқсан келтірілмеуіне,дүниетанымын кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуға аса көп мән беріледі.Ұйымдастырылған дамытушы орта ыңғайлы болуы керек және баланың айнала қоршаған әлеммен байланысын айқындатуына септігін тигізу керек.Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері педогогикалық ұжымның көп жылғы іс-тәжірбтелері мен творчестволық ізденістерінің нәтижесі болып табылады.Балабақша- бала дамуындағы маңызы зор кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, балабақша қабырғасында жүрген кезеңдерінде бала көп нәрсені үйреніп, жеке тұлға ретінде қалыптасады. Ол көруге, тыңдауға, қуануға, уайымдай білуге, сезінуге, жүруге,жүгіруге, сөйлеуге, қатарларымен қарым қатнас жасауға, ұжымшылдыққа, ойлауға, ойнауға, татулыққа үйренеді. Осыншама қысқа кезеңде ол айнала қоршаған әлеммен танысып үлгереді.Ұлы гуманист-педагог Ф.Фребельдің ата-аналар мен тәрбиешілерге арнап айтқан мынадай қанатты сөзі бар: «Біз балаларымыз үшін өмір сүреміз». Дүнидегі ең қымбаты да, ең бағалысы да ол-бала. Сондықтан да оның жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек