Бала тілін дамытуда?ы ?олданылатын ?діс — т?сілдер.


Бала тілін дамытудағы қолданылатын әдіс- тәсілдер. 
Тіл адамдардың бір –біріне пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Ал, тілдіде, тіл мәдениетін игеру де баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Сондықтан баланы бақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген сабақ уақытының көбі балалар тілінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалған. Бала бақшада өткізілетін оқу іс әрекеттердің барлығы осы салаға сабақтасып жатады. Мысалы: сурет оқу іс –әрекеті бойынша «Күзгі жапырақтары» тақырыбы бойынша балаларға алдымен көркем сөз оқимын. Алтын, сары, қызыл, көк. Алуан- алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп. Көз тартады атырап. Балалар тақырыпты бейнелемес бұрын, көркем сөзбен өлең жолдарынан қандай сурет салатындарын да байқап қалады. Әрбір сабақта тақырыпқа сай алынған көркем сөздердің, өлең жолдардың, жұмбақтардың, мақал- мәтелдердің енгізілуі, оқу іс –әрекетінде тартымды да нәтижелі болуына маңызы ерекше. Біздің мектепалды даярлық тобында 24 бала тәрбиеленуде. Балалардың дендері сау, сана –сезімдері жастарына қарай жетілуіне балалардың ынтасы епті, айтқаныңды тез ұғады. Әңгіме, ертегілерді толық әңгімелемегенімен өз ойларымен қысқаша жауап бере алады. Осы топта Иман- Мәдиді алатын болсақ, ересек тобында болғанда сабақ кезінде, сабақтан тыс уақытында, серуен кезінде де сөйлемейтін еді, мерекелік ертеңгіліктерде тақпақтар айтпайтын, сұрақ қойсақ, өзіңе сыбырлап жауап  HYPERLINK "http://military.ru/" \t "_blank" беретін еді. Осы баланың ата –анасымен сөйлесіп, жеке жұмыс жүргіздім. Осы дайындық тобына келгеннен кейін балалармен араласып ойнап, сабаққа қатысып, қойған сұрақтарыма жауап беретін болды. Жаңадан келген Мөлдір деген қыз бала бар, онымен бірге жеке жұмыс жүргізудеміз, оған әлі де біраз көмек қажет. Сосын кіші топтан келген Дана, Жаннұр, Айдостарға да жеке жұмыс жасамаса оларда тез түсіне қоймайды. Топта оқу іс- әрекеттердің бәрі ойын түрінде өтіледі. Сабақтардың тақырыбы жоспарға сай ұйымдастырамыз. Мектепке дейінгі кезең, жас баланың жеке басының қалыптасуы кезеңі. Балабақша табалдырығын аттаған бала адамгершіліктің бастамасы «сәлемдесуден»- тәрбие басталады. «Имандылықтың белгісі иіліп сәлем бергенің» деп бекер айтылмаған. Біз ең алдымен балалардың сәлемдесуіне көп мән береміз. Балалардың бәрі «Сәлеметсіз бе?» деп ертеңгілік амандасады, балабақшадан кетерде «Сау болыңыз!» деп қоштасады. Баланың тілдерін жаттықтырып, ой –өрісін кеңейту үшін көп жұмыстыр жүргіземіз. Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргіземін. Балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тартамын. Әкем менің- қауыншы, Апам менің- сауыншы, Ағам менің- егінші, Жеңгем менің- тігінші, Атам болса ұсташы Бәрі- бәрі жұмыста Отырамын мен текке Менде кеттім мектепке. Өлең шумақтарын оқып беріп, балаларға қайталаптып жаттықтырамын. Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында сабақтарда, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Осы жұмыстарды жүргізе отырып, олардың әр сөзінің сауатты, салауатты болуын қадағалаймыз. Яғни дұрыс айта алмаған сөзін дұрыстап қайталап айтуын талап етеміз. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Күз», «Күзгі жапырақтар» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады. «Алтын сақа», «Қарлығаш пен дәуіт», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алдар көсе мен бай», Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерін әңгімелеп бере алады. Топтағы балалардың бәрін елгезек, алғыр деп айта аламын. Әсіресе Нұрдәурен. Олжас, Ақерке; Дәурен, Мая, Мейрамгул сынды балалар ертегінің мазмұнын тыңдап рөлдерге бөліп ойнай алады. Мен жұмыс жасаған топтарда баланы ең алдымен өз ана тілінде еркін, сөйлеу, білуге баланың сөздік қорын байыту және сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу, әдіс- тәсілдерді қолдануды басшылыққа алып отырдым. Мысалы: тіл дамыту оқу іс –әрекеті бойынша» Көктем құстары»тақырыбында, өткен осы сабақта сұрақ –жауап әдісін қолданған өте тиімді. Құстар жайлы қойылған сұрақтарға балалардан толық жауап беруін талап еттім. Сұрақтардың жауаптары құстар жайлы үлкен бір әңгіме құрайтындай қылып дайындадым. Жауап бере алмаған балаға дұрыс жауапты қайталаттым. Сонымен бірге құстар жайлы мына мақал- мәтелдерді қолдандым: 1. Құс жеткен жеріне қонады. 2. Қарақұс басып жейді, Сұңқар шоқып жейді. 3. Құстың алғанынан салғаны көп. Сергіту сәтіне: Торғай , торғай, тоқылдақ Жерден тары шұқып –ап Бөтегесі бұлтиып Шиқ-шиқ етіп отырмақ.- өлең шумағын пайдаландым. Балаларға бұл сабақта құстар өмірі жайлы ғана емес, туған жердің өте ыстық болатыны туралы патриоттық түсінік алды. Балабақшадағы балаға берелетін бүгінгі тәрбиенің ең бір өзек алатын жері ол ата – бабадан қалған асыл мұра. Баланың сана сезімін, ата – бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің маржан сөздерін құлағына құйып, көңіліне сендіре отырып бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру. Балаларды халық дәстүрімен таныстыра отырып, кемеңгер Абай ақынның нақыл сөздерін балаларға айтып естеріне түсіремін. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз Өсек, өтірік, мақтаншақ. Еріншек бекер мал шашпақ Бес дұшпаның білсеңіз,- деп атамыз жаманнан алшақ, жақсыға жақын бол, деп бізге өсиет қалдырған екен деп балаларға нақыл сөздерін айтып отырамын. Баланың ең алдымен өз ана тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуге үйрету туралы ойлары әрқашан басшылыққа алынып отырып, баланың сөздік қорын байыту, «іс –әрекеттерді білдіретін сөз тіркестерін айтуға, сөз тіркестерін орынды қолдана білуге, сонымен қатар ойды жалғастыра байланыстыра сөйлеуге назар аударылады. Сабақтарды жоспарлаудан бұрын сабақтың мақсатын, көрнекілігін, әдіс тәсілдерін шығармаларда кездесетін сөз тіркестерін балаға қойылатын сұрақтары алдын ала даярланып алуы керек. Мысалы: тіл дамыту сабағын қолданылатын негізгі әдістерді алатын болсақ: 1. Берілген шығармалар туралы әңгімелер. 2. Балаларға түсінікті мәнерлі дауыс ырғағына келтіріп оқып беру. 3. Сабаққа атрибуттар қолдану. 4. Берілген шығармалар бойынша рөлдерге бөліп орындау 5. Әңгіменің, ертегінің, өлеңнің мазмұнын талдау, әдістері. 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер беру; туған жерге, елдің әдет- ғұрпына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. « Ертегілер елінде» топтамасының тақырыптарын өмірмен байланыстырып үйретеміз, баланың қиялына ерік береміз. Ертегі туралы өз ойын қиялдай отырып жеткізеді. Жаңылтпаштар кез- келген тақырыпта тіл ұстарту, сөздің дыбысталу нақышын дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырады. Айта алмайтын дыбыстарын тез айтуға жаттығады. Бүгінгі таңда тіл туралы аз айтылып жатқан жоқ. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, жұмыс жағдайын, тыныс- тіршілігін жақсы біледі. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа да өзгерістер біздің сана –сезімге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.