Развлечение ко дню Нептуна ,,Царь воды,, (средняя группа)


Тақырыбы: «Су патшасының күні»
Мақсаты: Балаларды қимылды ойындар, жаттығулар арқылы денсаулықтарын нығайту.
Міндеттері:
Теңіз патшалығы туралы білімдерін кеңейту, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлеңдер арқылы білімдерін тиянақтау.
Ептілікке, жылдамдыққа баулу, дене бітімдерін жан-жақты дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, зейінділікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен жабдықтар: Су бүркетін ыдыс, доп, шарлар, жалаушалар, ау.
Әдіс-ілдері: Сұрақ-жауап, ойындар, тәжірибе.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді таза ауада ойнауға шақырамын. Қане, бәріміз қол ұстасып шеңбер құрайық. Қарандаршы, бүгін күн қандай тамаша!
Көңіл күйлерің өте көтеріңкі! Табиғаттағы біздің жақын достарымызды атаңдаршы?
Балалар: Таза ауа, ағаштар, күн, аспан, су, жер, құстар, жануарлар.
Тәрбиеші:
Бәріміз бірге қайталайық.
Біздің ең жақын достарымыз,
Біздің адал да сүйікті достарымыз.
Күн мен жер, су және таза ауамыз.
Балалар, шөпті жалаң аяқ басып көрейік. Оның жұмсақтығын байқадыңдар ма? Қане, бәріміз көзімізді жұмып, табиғатты тыңдайық. Қолдарыңды күнге қарай созыңдар, жылылығын сездіңдер ме? Гүлдердің хош иісін искейік. Құстардың дауыстарын естідіңдер ме? Ал енді көздеріңді ашып «Табиғат – ана» саған көп рахмет, сенің бізге берер сыйлығың көп, біздің көңілімізді көтердің деп, лебіздеріңді айтыңдар. Ал енді біраз дем алайық, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақтар:
Мейріммен сүйеді ол бар адамды,
Һзіне жаратпайды қарағанды,
(Күн)
Құйрығы жерге тимейді,
Жотасы күнге күймейді.
(Балық)
Жылт, жылт етеді,
Жылғадан өтеді
(Су)
(Теңіздің толқыны жайлы әуенін қосу)
Балалар қандай дыбыс естідіңдер
Балалар: Теңіздің дыбысы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, теңіздің дыбысы шығады.
(Су патшасы мен Су перісі келеді. Су перісі ауға оралған, су патшасы балалармен амандасып, балалардан көмек сұрайды)
Су патшасы: Сәлеметсіздер ме балалар. Менің қызымды, мыстан кемпір ауға орап тастады, енді ол суда өмір сұре алмайды. Менің қызыма сендер ғана көмек бере аласыңдар. Аудан құтқару үшін сендер қызымның көңіл күйін көтерулерін керек.
Тәрбиеші: Су патшасы, біз сіздерге көмек беруге әзірміз.
«Теңіз толқиды» ойыны:
Ойын шарты: Балалар мен Су патшасы шеңбер құрып тұрады. Теңіз толқиды бір, деп оңға тербеледі.
Теңіз толқиды екі, деп сол жаққа тербеледі теңіз пішіндері тоқта. Бір орында қимылдамай тұрулары керек.
«Су бүрку» суықтыру шарасы.
Су патшасы: Балалар, мен сендерге су бүркіп, шомылдырамын. Ал, сендер судан қашып, денелеріңді суламауға тырысасыңдар.
(Су перісі көңіл көтеріп, аудан босайды)
Тәрбиеші: Ал Су патшасы, Су перісі аудан босады.
Су патшасы: Рахмет сендерге, менің қызымның сендермен ойнағысы келеді.
«Егер саған ұнаса» ойыны.
Ойын шарты: Су перісі ішкі шеңберде тұрады, ал балалар сыртқы шеңберге тұрып, өлең сөзімен «Егер саған ұнаса былай жаса» - деп, әр түрлі қимылдар жасайды. Су перісі ұнаған қимылдарын қайталайды.
«Балықшы мен балықтар» ойыны.
Су патшасы: Мен қолымдағы ауды сендерге қарай лақтырамын, ал сендер менің ауыма түспеулерің керек.
Су перісі: Балалар, мен сендерді теңізге шақырамын. Теңізде батып кетпеу үшін, жүзе білулерің керек.
Сергіту сәті: «Жүзуді үйренеміз»
Сылдырлайды теңіз су (Орында тұрып айналу).
Теңіз суға денеңді жу (Денені жуу).
Қолды екі жаққа созайық (Екі қолды екі жаққа созу).
Балыққа ұқсап қанат сермейік (Қолдарын сермеу).
Жоғары-төмен қарайық (Жоғары-төмен қарау).
Біз жүземіз теңізде (Екі қолмен алға қарай сермеу).
Үйрендік мұны лезде.
Су патшасы: Балалар, мен сендермен қоштасқалы тұрмын, менің қызымды, мыстан кемпірдің ауынан құтқардыңдар. Сендерге көп рахмет!
Су перісі: Менің көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге қатты ризамын! Мен бәрінді келесі аптада теңіз патшалығына шақырамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, міне көрдіңдер ме, сендер Су перісіне көмектестіңдер. Олар сендерге ризалығын білдіріп жатыр. Қане, енді қонақтармен қоштасайық.