Ерте?гілік. ?ош, с?йікті ?ліппем!


Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.Әдемі .Көз салып қараңызшы боймызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Мейрамбек .Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппемен қоштассақ, Өсті білім, бойымыз. Құтты болсын тойымыз. Айым. Армысыңдар, аналар! Бармысыңдар, балалар! Сөзіме құлақ салыңдар, Бір серпіліп қалыңыз! Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр-әніміз! Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті – Әліппе! Ол сүйікті – Әліппе! Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе: Армысыңдар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаңа. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық!
 Хор: «Әліппе»Гүлжанат: Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Ұстазым оның кілтін алып берді. Бақыт: Достастырған өзіңмен, Ұстазыма мың алғыс. Иландырған сөзіне, Қамқоршыма мың алғыс. Айнұр: Арналады ұстаздарға, Құрмет деген, төр деген. Біздің елде адам бар ма, Ұстаз алдын көрмеген? Тамирлан: Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп. Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп. 
Айнур: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.
Ән «Ана»
Айым: Алфавиттің «А» тұрады басында, Әдемі: Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Бақыт: Байқадың ба «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші. Айым: «А» деген ол - аналар ғой ардақты, Әдемі: «Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты, Бақыт: «Б» деген ол-балалар ғой әдемі, Хормен: Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей... Сондықтан да расында, Тұрады олар алфавиттің басында. Көрініс: «Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс 
Ертеде бір шал болыпты. Оның төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап была депті:
-Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болтын уақыттырың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарыңмен ақылдарыңды көрсетіңдер, -
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
Міне, менің байлығым. Ал кім бой болса сол ақылды, -
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
Мен осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, -
Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ...

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:
Сен неге үндемейсің? Сен қай байлығыңмен мақтанасың?-
Сонда кенже ұлы былай депті:
-Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдікте жок. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім бар.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнады. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Арсен: Баланың да тірегі, Дананың да тірегі, Шаншылмасын ешқашан, Аналардың жүрегі. Көркемай: Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Күн-алыста, ал анам, Ылғи менің қасыма. 
«Қазақ биі»
Дастан: Ана! Ол-біздің елде ардақты адам, Кіші де, үлкен де оны ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанды да, «Ана» деп біздің халық текке айтпаған. Дильназ: Отанды жас-кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәрімізде, Туып, өмір сүреміз. Берік: Халқымыздың анасы, Атасы- ол, данасы. Көз жетпеске көсілген Қазақстан даласы. Ән «Мереке»Зарина: Білім алып мектепте, Талай пәнді оқимыз. Мұғалімнің айтқанын Зердемізге тоқимыз. Бейбарыс: Білімнің көзі – мектебім, Жарқыраған күнмен тең. Сыңғырлаған қоңырау, Сиқырлы, сырлы үнмен тең. Темирлан: Тәрбиесі жақсы – игі, Аяулы менің мектебім. Шәкірт деп соққан жүрегі, Ұстаздарым көп менің. Хор: «Алғашқы ұстазым» Гүлім: Әліппе- білім анасы, Әліппе- кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы?! Әлішер: Әліппем, менің Әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Гүлжайна: Ашыла берді алдымнан, Кең дүниенің есігі. Соғылған сандар алтыннан, Әліппе – білім бесігі. Ибрагим: Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырмысып бақ намысқа. Сраж: Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық тойладық. Ислам: Қош бол, құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық. - Математика: - Математика-ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды,есептеуді үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме? (Санамақ айтқызу.)
Сраж: Бір дегенің бесігіңді түзедің
Зарина: Екі дегенің – Егеменді ел дедің.
Исламбек: Үш дегенің – ана тілім асылым,
Басқа тілден мәртебесін асырдың.
Көркемай: Төртіншіңіз төреліктен таймаған,
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған.
Темирлан: Бес дегенің дегенің - берекелі болғаны.
Берік: Алты дегенің – ұраны айбының асырған.
Дильназ: Жеті дегенің - ту ұстадық жасылдан.
Тамирлан: Сегізінші салт - дәстүрің оралған.
Ибрагим: Тоғызыншы атың кетті алысқа,
Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа.
Гүлім: Он дегенің – орындалып ойдағың,
Наурызыңды өз мәнінде тойладың.
Әліппе: - Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: - Сәлематсыздар ма, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілідің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Әліппе: - Әліппенің бетін жарық ет, Ұл-қызды түгел білімді ет! Келесі оқу жылына, Аман-есен түгел жет! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Гүлжанат: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ана-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! 
Би: «Әліппе» Мұғалім: Келесі кезекті мектебіміздің бастауыш кластар бойынша әдіс бірлестік жетекшісі Наурыз Лаззат апайға береміз. Ата-аналарға береміз:Мұғалім: - Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!