?ош бол, ??тты ?ліппем!
№39 қазақ орта мектебіТәрбие сағаты
Тақырыбы: "Қош бол, құтты Әліппем"
Өткізген: Кобанова С.А
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: "Қош бол, құтты Әліппем!"
Мақсаты: Оқушылардың ең алғаш сауат ашқан сүйікті кітаптары әліппені қалай меңгергендіктерін,әріпті қалай танығандықтарын қорытындылау.
Көрнекілігі: шарлар,үнтаспа,бейнетаспа,қанатты сөздер.
1. Хор: "Ұмытпаспын ұстазым"
Такежан: Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар! Бүгінгі 1 сынып оқушыларының "Қош бол,құтты Әліппем!" атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын белестердің бірі.Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздермен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.
Алия: Армысыздар, бүгінгі кештің қонақтары!
Такежан: Бүгін ең алғаш білім жолында табысқан сырлас досымыз,аяулы оқулығымыз Әліппе.
Алия: Тұңғыш рет санамызға білім дәнін еккен,әріптермен таныстырған білім тұтқасы Әліппе.
Такежан: Қош бол,құтты Әліппем! атты қымбатты әліппемен қоштасу сәтіне...
Хормен: Қош келіпсіздер!
Алия: Иә,кеше ғана жұдырықтай жүрегіміз лүпіл қағып,мектеп табалдырығын жүрексініп аттап едік.
Такежан: Дұрыс айтасың,Алия. Сол сәттерді еске түсірсек қалай болады. (Бейнебаян)
Алия: Қолымызға әліппені алып,әріп танып едік. Енді міне сол әліппемен қоштасқалы отырмыз. Сол ертеңгілігімізге келген құрметті қонақтар ішінде осы білім ордасының басшысы Амитжанова Индира Базаралықызына сөз береміз.
Алия: Такежан, әліппе дегеніміз не?
Такежан: Әліппе- білім теңізінің кемесі.
Алия: Әліппенің кемеге қандай қатысы бар?
Такежан: Қазақта талай данышпан,ғалымдар,тіпті бүгінгі тұңғыш президентіміз де білім теңізінің кемесінен терең білім алып шыққан. Ал, әліппе кеменің алғашқы сатысы.
Алия: Ойбу,қонақтарымыз күтіп қалды ғой,кешімізді бастайық!
Ендеше жылдамдатып білім теңізіндегі "Әліппе" кемесін ортаға шақырайық. (Музыка әуенімен ортаға оқушылар шығады)
Такежан: Адамзат тек біліммен жарасады
Сол арқылы биікпен таласады.
Ғалым,ақын,данышпан,дарынды да
Әліппемен барлығы жол ашады.
Алия: Биік шың деп дұрыс айттың асқаралы,
Гүлденеді біліммен жастар жаны.
Келісемін құрбым-ау пікіріңмен,
Әліппемен барлығы басталады.
Такежан: Оқушалардан сұрап көрейінші!
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Алия: Ендеше,Әліппені ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе,Әліппе!
Әліппе Бекхан: Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер,балғандар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық
Не үйрендік,не білдік?
Қане ортаға салайық.
Такежан: Аса құрметті Әліппе! Сіз әліде келер ұрпаққа керек ұлтымыздың асыл қазынасы боласыз. Сондықтан,сіз шаршамаңыз, ұстазымыздың жанына жайғасыңыз,төрлетіңіз.
Ән Бақытжан: "Мектеп"
Омар: Ана-әке атын сен
Бізге үйреттің Әліппе
Бәрін нағыз жақсының
Сенен білдік Әліппе.
Дильназ: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз, бәрімізіді тансытарған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
Ұлан: Әліппем менің,Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Сабина: Көздері қорықты
Кіші мен ұлықта
Таныған әріпті
Бірінші сыныпта.
Мирас: Бәрінен жоғары
Тұратын рухта
Кеудеге қонады
Бірінші сыныпта.
Даниль: Ардақты арайлы,
Салт-дәстүр ғұрыпта
Бойыңа тарайды
Бірінші сыныпта.
Сымбат: Таң атып,күн шығып
Бұғады тұныққа
Біл сырын құлшынып
Бірінші сыныпта
Медена: Біртіндеп бойлайсың
Тұнса әлем тұныққа
Ғалымша ойлайсың
Бірінші сыныпта
Асқанда асқарда
Ұяңды ұмытпа
Ұлы арман басталған
Бірінші сыныпта
Мерлана: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырмысып бақ намысқа.
Хор: "Қош бол Әліппе"
Адия: Мың бұрала билеген
Шаршауды білмеген
Қарсы алайық кәніки
Қуыршақ биін көрермен.
Такежан: Альфавиттер шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты. (ортаға альфавиттер шығады)
Адия: А-ны айтқанда дауысым дірілдейді
Ұстазым көз алдыма күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп
Сөз оқимын айырып,буынды енді.
Аянат: Әдептілік - дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре -сарсаң әлегің.
Али: Балбұлақтың басында
Бір бәйтерек қасында
Бұлан,бұғы келіпті
Бір-біріне кезекті.
Алибек: Астанада өтпекші
Валейболдың жарысы
Жеңіске сонда жетпекші
Досымның барған мәнісі.
Бекжан: Гүлсім гармон ұсынды
Гүлшат берді мүсінді
Бәрін фото суретке
Гүлбану келіп түсірді.
Аружан: Дина келді Данаға
Дереу шық деп далаға
Дүкен жасап ойнаймыз
Деді анау араға.
Нүркен: Қиындықтан қорықпа
Қаймығып еш торықпа
Қайратың мен жігерің
Қол қанатың жорықта
Ернар: Отан - менің ата-анам
Отан-досым бауырым
Отан-өлкем,Астанам
Отан-туған ауылым.
Дидар: Киіз үйдің уығы
Балықтың уылдырығы
"У" әріпінен басталар
Алғашқы сүттің уызы.
Ән "Есеп сабағы"
Алия: Ал,қазір уақыт біраз жерге таяп қалағандықтан "Ана тілін" шақырып,Әліппемен қоштасып шығарып салайық.
Такежан:Әрине,шығарып саламыз.
Алия: Достарым менің,енді Әліппеміздің жолын жалғастырып, білімдеріңізге білім құятын "Ана тілі" пәнін ортаға шақырайық.
Ана тілі.Сымбат: Сәлеметсіздер ме, балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылы мен таңымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Такежан: Ортамызға Әліппені шақырып,батасын алып, шығарып салайық.
Бекхан: Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу-жылына
Аман-есен түгел жет!
"5" болсын алар бағаңыз! Аумин!
Алия:Ал,балалар Әліппені шығарып салмаймыз ба? Қане, бір,екі,үш Қош бол Әліппе! (Ана тілін Әліппенің орнына жүргізушілер екі жағынан ұстап отырғызады)
Бақытжан: Ұстаз десек көреміз қасиетін
Ұстаз десек елжіреп тас иетін
Ұстаз десек аспаннан күн күлімдеп,
Құдірет ол барша жан бас иетін.
Мерлана: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Нұрсұлтан: Қымбат оған шәкірттің самғағаны
Үзілмеген жүректен арман әні
Тебірентіп жүректі толқытатын
Ұстазыма бұл әнім арналады.
Ән: "Жарқын жүзді ұстазым"
Такежан: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз
Ана тілді қолға алып,
Азамат боп ер жетеміз.
(Музыка ойнап тұрады)
Алия: Келесі сөз кезегімізді ұстазымызға берейік.
Ата-аналардың құттықтау сөзі,
Оқушыларға сыйлық тапсыру.
Өтетін күні: 27.12.2014 жыл
Өтетін уақыты: 10:30
Өтетін орны: 105 кабинет, 1-қабат.