Елбасы – ел тірегі та?ырыбында сыныптан тыс іс-шара


« № 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елбасы – ел тірегі
Сыныптан тыс іс - шара
Мерзімі: 27.11.15ж.
Үйде оқыту мұғалімі:
Сейдикеримова А.Қ
2015-2016 оқу жылы.
Тақырыбы: “ Елбасы – ел тірегі ”
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып , білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 1.Дамытушылықмақсаты:1. Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Тәрбиелікмақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақкөрнекілігі: Ту, слайд, шарлар, суреттер т. б.
. Сабақтыңтүрі: Сыныптан тыс.
Пәнаралықбайланыс: музыка, әдебиеттік оқу, тарих ;Сабақбарысы: I.. Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыңдар ма? оқушылар, бүгінгі « Елбасы – ел тірегі » атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. . « Елбасы- ел тірегі » сабақ барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін, өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, , еркін сөйлей алатынын көрсеткісі келіп отыр.
II. Психологиялықдайындық:
Ақ пейілді, тілекпен.
Таза адал жүрекпен,
Амандасып алайық.
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық.
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, бір – бірімізге тілек айтамыз.
Елбасы туралы слайд.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң, халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды жеккен, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Гимн бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын
жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
2006 жылы 7-қаңтарда гимн қабылданды.Егемен елімнің гимн жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.(Гимн айтылады)Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауыТуды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік!
Мұғалім:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

IV. 1- оқушы: Қазақта тұңғыш Елбасы
Пана боп Алла қолдасын!
Тіліммен дінді сақтаған,
Бар қазақ сіздей болсашы
Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан.
Мен сізден үлгі алам,
Өз еліммен мақтанам.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп.Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет.Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген.Өз туы, елтаңба, әнұраны барАйтыңдаршы, енді елім кем де неден?

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні .



1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам!Басыңнан серпі бостандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым.Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.
2- оқушы : Астана
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы менің –арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрт сарайын құратын
Қала болсын Астана
Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз оссын бәйгеде
Осы – менің тілегім!
3- оқушы: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы қорғайды.
Астанаға саяхат – слайд.

V. “Арман қалам - Астанам”-эссе жазу .
VI. Сергітусәті.
VII. Президент тұлғасына оқушыларға психологиялық суреттеме жасату.


Н.Ә.Назарбаев
Қ.Р - ның президенті




VIII. Мақалды жалғастыр”
Үлкенге құрмет
... ... ...
Ерді намыс өлтірер,
... ... ..
Батыр бір рет өледі,
... ... ...
Батырлық білекте емес,
Ғалымның хаты өлмейді.
“Кино әлеміне саяхат”
Мұнда кино саласы бойынша. Кинодан үзінді беріледі. . Ол үшін барлығымыз назарымызды экранға аударайық. Киноны көрсету. «Балалық шағымның аспаны»* Сұрақ- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?- Дұрыс берілген кинодан үзінді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы. Елбасымыз ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ елбасымыз өз еліне қызмет ету жолын таңдаған екен. Себебі ұшқыштың оқуы Украина қаласында болғандықтан әкесінің өз еліңе қызмет ет деген сөзі ақылға салып, кенші оқуына түседі.
X.Қорытынды.
Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев. Мемлекеттік басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.Көрегенді басшысы бар ел – ең бай мемлекет, бай халық.Елбасының бастауымен еліміз әлемге танылды.Елім елдігін көрсетті,ерлігін танытты. Міне , бүгінде 30 елдің қатарына қосылғалы ұмтылыста , қазақ хандығына 550 жылдығын тойлаудамыз. Бұл біздің тарихымыз.
Уа, халқым , сөз қадірін білмесең.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар елім бар,
Тау көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолың бар.( Төле би)
XI.Мадақтау, марапаттау.
XII . “ Атамекен” әнімен аяқтау.
« № 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
“ Отбасым - алтын діңгек ”
Ашық тәрбие сағаты
Мерзімі: 20.01.16ж.
2 « В » сынып.
Сынып жетекші :
Сейдикеримова А.Қ
2015-2016 оқу жылы.

Отбасы - алтын діңгек
Сабақ мақсаты: а  ) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,                            
Мұғалім:Құрметті   ата-аналар, ұстаздар,оқушылар
 «Отбасы-алтын діңгек » атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Жазира:
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ.
Жибек :
Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.
Балнұр:
 Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі.

Алмасхан :
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті бар!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.
Жансая :
Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден  ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Мұғалім :
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақниетті аналар!
Ән «Аналардың тілегі»
Орындайтын: Жибек Таңатарқызы.
Видеоролик“ Әке мен бала ”
Балнұр :
Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.
Әбубәкір:
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Жибек :
Не десең де әкежолыбірбөлек,
Қайдажүрсең  қолтығыңнантұрдемеп.
Нағызәкеақылгөй де асқаржан,
Барлықұрпақәкелерденбасталған.
Ән « Анажаным » хор
Видеоролик“ Баланың тәрбиесі ”
Мұғалім:
Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.
Жазира:
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы  ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспынайналсам да жербетінен.
Ерсұлтан:
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы  бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Гүлсезім:
Ержетіп есейген де балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
 

Ата - анатуралы дана сөздердітыңдайық 
Мұғалім:
Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады
Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
Балнұр :
Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. 
Жазира :
Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы. 
Жібек:
Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
 

Енді осы тақырыптағы мақал - мәтелдерге кезек берейік. 
Ата – аналармен байланыс орнатылады.1 Бала тәрбиесі бесіктен
2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер.
4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ
Ойын “ Өз балаңызды танисыз ба ? ” ата –аналармен жүргізіледі.

Қортынды:
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жердемектеп бар. Мектеп пен ата - ананыңміндетіәрбалағабақыт, қуанышсыйлау.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасыаясындатүлепөседі, оңы мен солынсондатаниды. Олотбасыжағдайындаөмірдегіәртүрліжағдайлардаөзінқалайұстауды, адамгершілікәліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендерменжәнекішілерменқандайқарым - қатынаста болу сияқтытәжірибежинақтайдыжәне оны меңгереді. 
«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
Марапаттау.
“ Атамекен ” әнімен аяқтау.