Пікір-талас: Жас маман ол кім?
Мақсаты: жас тәрбиешілерді өзін-өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
І-бөлім.
Әдіскер жас мамандарды таныстырып өтеді.
(Жас мамандар бес түрлі түстен қиылған шеңберлерді таңдап топқа бөлініп отырады.) Тәлімгерлер тағайындалып, оларға жас мамандар бөліп берілді.
Амандасу.
Жас мамандар шеңбер жасап қол ұстасып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Ең алдымен тәлімгерлерімізбен танысып отырайық, олар әр топқа өз бағаларын беріп отырады. Әр топ келесі топқа өздерінің жалынды сәлемі мен лебізін білдіреді.
ІІ-бөлім.
Пікір-талас.
Әр топ үстелдерінің үстінде түрлі-түсті қағаз, плакат, түрлі-түсті қарындаштар, қайшы, желім қойылған. Мұнда топ тәрбиешілері өз ойларынан ұрандарын сурет салу арқылы түсіндіріп береді.
ІІІ –бөлім.
Ойын түрінде.
«Ерте, ерте, ертеде....» деп аталады. Ол үшін «қоршау», «тоғай», «жаңалық», «алаң», «өзен», «халық» осы сөздерден әңгіме не болмаса ертегі құрау қажет.
(5-7 мин)
IV-бөлім.
«Мені ұғын» деп аталады.
Тәлімгерлердің қасына әр топтан бір тәрбиеші келіп берілген сөйлемге өз ассоциациясын жазып береді, оның жазғанын тобындағы адамдардың айтқанымен қаншасы дәл келсе, санаққа алынып ұпай саны қосылады. (30-сек)
V-бөлім.
«Жұдырық, бармақ, алақан» деп аталады.
Әр топ ортаға келіп теріс айналып шеңбер құрады.
1,2,3 деген кезде айтылған іс-әрекеті біреуі көрсету қажет, қай топтың іс-әрекеті біркелкі жасалса сол топ жеңімпаз атанады. Мен «рахмет» деген кезде ғана қолдарын түсіреді.
VI-бөлім.
«Сиқырлы сурет»
Әр топ байланған көзімен бір жануардың суретін салып шығады. Қай топтың салған суреттері ұқсас келсе сол топ жеңіске жетеді.
VII-бөлім.
«Сөзсіз» мұнда бірдей жазулары бар кеспелер беріледі. Ондағы жазылған сөзді мимика, жест арқылы көрсетулері қажет. Қай топ өте нақты және күлкінішті етіп корсете алса жеңімпаз аталады. Мысалы: «Жүгірген балалар», «Еріп кеткен балмұздақ», «Желі шыққан дөңгелек», «Кеуіп қалған гүл»
VIII-бөлім.
«Сыйлығымды қабыл ал...» мимика арқылы әр топ бір-біріне сыйлық сыйлау керек, ал келесі топ не сыйлағанын шешуі қажет, шешімін тура тапқан топқа бал қосылады.
Қорытынды.
Тәлімгерлер сөз кезегін алып оз ойларын ортаға салады.
Ерекше көрінген әр топ тәрбиешілеріне «Ең көңілді», «Ең байсалды», «Ең сенімді дос», «Ең алғыр...», «Біз сізден мұндай күтпеген едік» т.б атты марапаттаулар берілді.