«Интернет ж?не біз» (10 сынып о?ушыларымен ?ткізген пікір — талас)


Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі
«Интернет және біз»
(10 сынып оқушыларымен өткізген пікір - талас)

Өткізген: Гарифуллина Г.Т. – информатика
пәнінің мұғалімі

2013-2014 оқу жылы
«Интернет және біз»
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерің нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру; Оқырмандарға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқырмандардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгін 21 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында өтетін қауіпсіз – интернет апталығына байланысты «Интернет және біз» атты пікір – таласқа қош келдіңіздер!
Қазіргі заман «ХХІ ғасыр – компьютер ғасыры». Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екенін білеміз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтын дәрежеге жетті. Кез келген өокениеттің екі жағы болатынын білеміз: біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі.
Көптеген тұтынушылар компьютердің пайдалы екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Қажетті құрылғыларымен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.
Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсерін ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.
Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.
Жүргізуші: Міне, біздің бүгінгі пікір-таласымызға күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен интернет төңірегінде болмақ. «Интернет және біз» атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Бұл пікірталаста 10 сынып оқушыларынан құралған «Жақтаушы» тобы және «Даттаушы» тобы болып екіге бөлінеді. Пікірталас шарттары:
Екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады.
Сұрақ – жауап кезеңі
«Жақтаушы» тобына сөз берейік.
Армысыздар құрметті оқырмандар! Біз бүгін пікір – таласта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет». Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.
«Жақтаушы» тобының мүшесі:
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкіл ғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрілігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдарды пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабелдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық – талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланыстыруға болады.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд. адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бірі бөлігі ғалам тор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Жүргізуші: Келесі «Даттаушы» тобына сөз береміз.
Сәлеметсіздер ме! Біздің қарсыласымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатыр, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

«Даттаушы» тобының мүшесі:
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы – ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.
«Жақтаушы» тобының мүшесі:
Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
Алысты жақындату
Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
Сана – сезімді жоғарылату.
Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжатты, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
Күн сайын емес, сағат сайын, сәт бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
Қаржылық операциялар жасауға;
«Mail.ru агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын)
«Жақтаушы» тобының мүшесі:
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орында ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қалаларға болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мән жазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Алда болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы дайындалудамыз. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.
«Даттаушы» тобының мүшесі
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат санына насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет – ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы – осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
«Даттаушы» тобының мүшесі:
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды – таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуліктік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қаладағы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
«Даттаушы» тобының мүшесі:
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық – зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық – зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеңнен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
«Жақтаушы» тобының мүшесі:
Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағлұматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған пікір – талас өзекті.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан мен «Жақтаушы» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.
«Асыл тастан, өнер жастан» демекші, осылай жас – ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселелерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен әр керек мағлұматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауатты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек жағдайларда пайдалану керек. «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұқпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - деп елбасымыз Н.Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың онлайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.
Жүргізуші: Сұрақ – жауап кезеңі
Компьютер деген не?
Компьютердің миы? (процессор)
Компьютердің ішкі жады? (жедел жады)
Баспа құралы? (принтер)
Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы? (сканер)
Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі? (бит)
Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туғалы ғылым? (информатика)
Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек? (55-70 см)
Microsoft Office бағдарламаларын ата? (word, excel, power point, access)
Желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)
Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы? (пернетақта)
Жүргізуші: Қорытынды
Құрметті пікір таласқа қатысушылар елбасы Н.Назарбаевтың 20 жыл ішінде ҚР «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма» деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Интернет және біз» атты пікір – таласымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!