Front Page редакторы ж?не олармен ж?мыс


Сабақтың тақырыбы: . Front Page редакторы және олармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға FrontPage редакторы туралы білімдерін жетілдіру, олармен жұмыс істеуді үйрету.Дамытушылық: Оқушыларға FrontPage редакторы туралы толық түсіндіре отырып, өз беттерінше жұмыс істей алуларына дағдыландыру.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, практикумСабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, FrontPage редакторы, тапсырмалар, сызбалар.Сабақтың жоспары:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.3. Сабақты бекіту4. Сабақты қорытындылау.5. Бағалау.6. Үйге тапсырма беру.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.Егер бірінші ЭЕМ - нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған). Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet — деген атау алады.Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web - беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML - редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы – Front Page бағдарламасы да Web - беттерді құру үшін құрылған.Біз Web - бет жасауға кірісер алдында негізгі түсініктермен және терминдермен танысуымыз қажет. Ол үшін мына сызбаларға назар аударайық!Сайт - Web - серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.Web – сервер - Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.Web – торап - Web - беттердің жай жиынтығынан анағұрлым үлкен. Бұл — торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі.Үй беті (домашняя страница) - Сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web - бет.Шаблон - Мүмкіндігіне орай FrontPage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі.1 - сызба. Негізгі түсініктер мен терминдер.Front Page редакторы3. 2 - сурет Менің сыныбым беті2) Сөзжұмбақ шешу1. F o l d e r s ---------------1. Инструменттер панелінде қапшықтар және файлдармен торап ішінде жұмыс істеу режимі.2. P r e v i e w -------------2. Нәтижені браузердегідей қарау.3. R e p o r t s --------------3. Есеп берулер, торап жөніндегі ақпарат.4. n o r m a l ---------------4. Бетті визуальды жасау (Word - тағыдай жасау)5. H T M L -----------------5. Гипермәндік белгілеу тілі.6. J P E G -------------------6. FrontPage бағдарламасындағы көп түрлі графикалық форматтардың бірі.7. T a s k s ------------------7. Тапсырмаларды бейнелейді.8. N a v i g a t i o n -------8. Навигация, ол тораптың құрылымын қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді.9. W e b - с е р в е р -----9. Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер3) Тест сұрақтарына жауап беру.1. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін қызмет түрі:А) InternetB) ArpanetC) WWW *D) Usenet2. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін мыналар болуы керек:А) Компьютер, модем, телефон *В) Компьютер, сканер, модемС) Компьютер, телефонД) Компьютер, модем, принтер3. Frontpage - де ең жиі қолданылатын графикалық формат.А) BMP файлдары; TIFF (TIF);В) Sun Raster (RAS); Postscript (EPS);С) Paintbrush (PCX);Д) JPEG (JPG); *4. Шаблондар дегеніміз....А) Сайттар мен беттердің үлгісі *В) Бағдарламалық модульС) Тапсырмаларды бейнелейдіД) Түстер палитрасы5. Сайт дегеніміз не?А) Сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web - бет.В) Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.С) Web - серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны. *Д) Мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі.6) Сервердің алғашқы бетінде жазылатын адрес.А) IP адресіВ) URL адресі *С) DNS адресіД) SRL адресі7. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға:А) серверВ) протоколС) провайдер *Д) модем8. Web беттерді құруға арналған бағдарламаА) PowerPointВ) PaintС) WordД) FrontPage *ІV. Сабақты қорытындылау.Балалар, сонымен біз бүгін Web бет құруға арналған редактормен таныстық. Ол редакторды пайдаланып сендер өздеріңнің Web – беттеріңді қалай құруға болатыны туралы білесіңдер, өздерің берілген тапсырманы өз беттеріңше орындай алатындай болдыңдар.V. Бағалау.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау және тапсырмаларын орындаған оқушыларға да баға қою.VI. Үйге тапсырма.«FrontPage редакторы және олармен жұмыс» тақырыбын оқу, сұрақтарға дайындалып келу.