FRONT PAGE ТІЛІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ? ??РАЛ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
ІІ-Тарау
FRONT PAGE ТІЛІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1. Front page тілінің тиімді пайдаланылуы Front page тілінің тиімді пайдаланылуы дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрыннан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология, оның ішінде Front page тілі оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда.
Сонымен Front page тілі дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, Front page тілін оқу процесінде пайдалану негізінде:
• оқытудың сапасы артады;
• оқыту жұмыстарын үйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
• оқытушьшардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жүмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
• оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай Front page тілі оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.