Он ж?не теріс сандар 6 сынып


Сабақ тақырыбы:ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС САНДАР. 6 сынып Мұғалім: АДИЯТ БАЙДОЛДА Сабақ мақсаты:Біліктілік: Шамалардың өзгерісінің сан мәнінің жазылуымен оқылуын таныстыру. Оң сандар мен теріс сандардың анықтамаларымен таныстыру.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.Тәрбиелік: Оқушылардың математика пәніне ынталығын, қызығушылығын арттыру. Кейбір шамалардың тура мағынасы, тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы бағыты болады.Өлшеу, есептеулер жұмыстарында шамалардың тура мағынасындағы өзгерістердің сан мәні мен қарама қарсы мағынасындағы өзгерісінің сан мәнін ажырата білу қажет. 1 мысал: Іле Алатаудағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973м биіктікте жатыр.Ала Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210м төмен.Теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, ал теңіз деңгейінен төменгі тереңдік «-» таңбалы санмен жазылады.Демек, Талғар шыңының биіктігі + 4973 м ( плюс 4973 метр деп оқылады).+4973- сан оң санҚара теңізінің ең терең жеріндегі биіктігі: -2210м (минус 2210 метр деп оқылады.)Мұндағы -2210 саны – яғни теріс сан 2 мысал.Таңертең термометр ауа температурасының 3 градус суықтықты көрсетті, ал түсте 2 градус жылылығын көрсетті.Термометрдің көрсетуі 0 градустан төмендегенде суық болатынын, 0 градустан жоғарылағанда жылы болатынын білеміз.Олай болса 3 градус суықты -3 деп ал, 2 градус жылылықты +2 депжазып оқимыз Анықтама:«+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп атаймызМысал: +111; +440; +3,5 Анықтама:«-» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп атаймызМысал: -111; -440; -3,5 «0 » саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. Шама мәндерінің өсуі оң сандармен, ал шама мәндерінің кемуі теріс сандармен жазылады. Мысалы: 5;45;455 сандары – оң сандар-455; -45; -5 сандары – теріс сандар Егер берілген өрнектерде оң сан бірінші орында тұрса немесе бір ғана сан болып, оң сан болса онда алдына + таңба қоймаймыз. + 222 222 +10х-6 10х-6 Кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазылуы: Шаманың аты Оң санмен өрнектелуі Санақ басы 0 саны Теріс санмен өрнектелуі Ұзындық Биіктігі +24мТеңіз деңгейінен жоғары +25 Теңіз суының деңгейі 0 м Тереңдігі -23м Температура Дене температурасының жоғарлауы +15 градус Мұздың еруі 0 градус Температураның төмендеуі -15 градус Уақыт Алдағы уақыт +23минут Қазіргі уақыт Өткен уақыт -23 минут №1 тапсырма Түнде 2 градус суық------------------------Түсте 3 градус жылы----------------------- Ауа температурасы бойынша жылы суығын ажыратып жаз. №2 тапсырма Теңіз деңгейінен жоғары 25 метр-------Теңіз деңгейінен төмен 25 метр----- №3 тапсырма 20; 56; -999; 36; 0; -52; 1000000; 2333; 0; 100; -122 Оң сандарды _____________________________________Теріс сандарды ____________________________________Оң санғада теріс санғада жатпайтынын ___________________теріп жаз Үйге тапсырма Ережелерді қайталау.№289, 299 Бағалау