2 сынып ?аза? тілі М?тін ж?не оны? т?рлері
5-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Дауысты,дауыссыз дыбыстар
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама.
Жалпы мақсаттар1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,
Оқыту нәтижесіТопқа бөлу Жеміс-жидектердің суреттерін пайдалана отырып, топқа бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасы I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
«Арива» биі Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді
Үй тапсырмасын сұрау
«Топтастыру» стратегиясыҚаратпа сөз туралы не білесіңдер?
Қызығушылықты ояту Сөз дегеніміз не?Мәндес сөздер дегеніміз не?Қарама - қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?Жауап берген оқушылар бағаланады.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Жаңа тақырыпты түсіндіру:Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Сергіту сәті Жел соғады гу-гу
Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.
Жаңбыр басталады.
Күн ашылады. Оқушылар мұғаліммен бірге жаттығады
Ой толғаныс
СөйлемДауысты дыбыстар саныДауыссыз дыбыстар саныАшық дауыстыларҚысаң дауыстыларЖуан дауыстыларЖіңішке дауыстыларЕріндік дауыстыларЕзулік дауыстыларШешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Саин)Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М. Әуезов)Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С. Мұқанов)Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.
Қосымша тапсырма Деңгейлік тапсырмалар:І деңгей1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж. Смағұлов)ІІ деңгей1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.ІІІ деңгей5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.
Үй тапсырмасы 4-ж Күнделіктеріне жазады
Бағалау Смайликтер арқылы