М?тін ж?не оны? т?рлері.
Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Мәтін және оның түрлері
Мақсаты а) Мәтіннің түрлерін қайталау сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.ә) Сөздік қорларын молайтып, ауызекі, жазба тілінің, логикалық ойлауының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы бізҚасымызда досымыз! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Кірпі.
Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.
- Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы).
- Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).
- Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан).
Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.
1) Жаралы кірпі.
2) Балалардың қамқорлығы.
3) Қолға үйренген кірпі.
- Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?
- Мәтінге жоспар құрдық.
- Жоспар не үшін керек?
Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.
Мағынаны тану 1-топ. Мәтінді түсініп оқы, мәтін аяқталған ба?осы сөйлемдердің қайсысымен мәтінді аяқтауға болады? Мәтін мазмұнын әңгімелеп айт.
Нан асықтан алынады. Астықты өсірген адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады.
2-топ Мәтінді оқы, мәтіннің құрылымын анықта. Мәтінді қалай атауға болады? Мәтіндегі негізгі бөлімді көшіріп жаз.
Азамат, Ернар, Талғат көрші балалармен футбол ойнауға шықты. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат йынға қатыспады.
Балалар оынды қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай, допты өз қақпасына қарай теуіп жіберді. Доп қақпаға кіріп кетті.
Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.
Ой толғаныс Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін ӘҢГІМЕЛЕУ мәтіні деп аталады.
Оқушылардың назары 1-бөліктегі сөйлемдерге аударылады. Оларды оқиды. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. Осылайша 2-3-бөліктегі мәтіндер оқытылып, оларды салыстырады. Екі мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы әңгімелеу мәтіні екені анықталады.
- Енді 4-бөліктегі берілгенді оқыңдар. Мәтін деуге бола ма?
- Бұл - жоспар. Жоспар бойынша мәтін құрастыруға болады.
4-бөліктегі жоспар бойынша мәтін құрастырту. Құрастырылған мәтін мәтіннің қай түріне жататындығын айтады.
Оқулықтағы жаттығулар орындатылып, мәтін туралы алған білімдері пысықталады.
Үйге тапсырма 1. Мәтін дегеніміз не?
2. Абзац дегеніміз не?
3. Жоспар қалай құрылады?
4. Мәтіннің түрлерін айтыңдар.
Жауап іздеу
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 153007779407 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады