Баяндама Мектепке дейінгі баланы? тіл м?кістігімен к?ресу жолдары
«Мектепке дейінгі жастағы баланың тіл мүкістігімен күресу жолдары»
Тіл балалардың өмірінде әртүрлі қызмет атқарады. Тіл қызметінің қалыптасуы балалардың тілді, оның фонетикасын, лексикасын, грамматикалық қатарын, диалогтік тілді үйренуіне түрткі болады.
Бала тілі сыртқы ортамен байланысқан үш қызметті атқарады:-коммуникативті қызмет;-танымдық қызмет;-реттеушілік қызмет.
Тілдің дыбыстық мәдениетімен байланысты материалдарды қарастыра отырып, келесі кезеңдерге көңіл бөлген дұрыс.Олар:- тілдің анық артикуляциясын қалыптастыруға;- есту қабілетін тәрбиелеуге бағытталған материалдардың барына: есту арқылы дыбыстарды анықтау біліктілігіне;- фонематикалық естуді дамытуға бағытталған материалдардың болуына;- артикуляциялық аппаратты дамытуға бағытталған материалдардың болуына;- берілген материал сөйлегенде тынысты дұрыс алу жұмысына мүмкіншілік беруге;- дыбысты дұрыс айтуды меңгертуге;- сөз және сөз орамын анық, дұрыс айтуды қалыптастыруға.
Экзогендік(сыртқы)факторларЭндогендік (ішкі)факторларАнаның жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулар (вирустық аурулар, қызылша, сары ауру), ұрықтың анасының паразиттермен улануы, әйелдердің түрлі аурулары( жүрек, өкпе аурулары т.б), анасының дұрыс тамақтанбауы, дәрумендердің, көмірсулардың, ақуыздың, майлардың жетіспеуінен болады.Түрлі жарақаттар, ауаның лас болуы, түрлі улы заттар (темекі шегу, арақ ішу т.б. себептер), түрлі зиянды дәрілерді қолдану.Ми құрылысының дамуына әсер ететін екі негізгі фактор:
Тіл мүкістігі бар балалармен төмендегі жаттығуларды атқарғанда ғана тиісті нәтижеге жетуге болады: Артикуляциялық аппаратқа арналған жаттығуларҚол моторикасына арналған жаттығуларТыныс алуға арналған жаттығуларОсы жаттығуларды ұйымдастырғанда келесі принциптерге назар аудару қажет:Жаттығулар балаларға қызықты, тартымды болуы қажетЕресек пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділіктен құрылуы қажет
Артикуляциялық аппаратқа арналған жаттығулар
Топпен жұмыс
Тыныс алуға арналған жаттығулар
Қол моторикасына арналған жаттығулар
Қорыта айтқанда бала тәрбиесімен оқытуына жауапты мамандар мен ата-аналар барлығымыз бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана біз баланың тіл кемістігін жоя аламыз, нәтижесін көре аламыз. Бүгін алдымызда отырған бала ертең ол қандай азамат болып өсетіні бізге байланысты. Күнделікті сабақта, үйде, балалармен тіл мүкістігін алдын алуға және жоюға арналған шараларды белсенді қолданайық.
Тыңдағандарыңызға рахмет!