Конспект Та?ырыбы: «Т?уелсіздік тол?ауы»
Астана қаласы
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
А.Ж.Мукушева
Тақырыбы: «Тәуелсіздік толғауы»Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін оқушыларға ұғындыру, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, бейнероликтер, суреттерБарысы: 1-жүргізуші: Ассалаумағаликум, халқым менің!Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,Ендігі елдігіңнен тартынба, елім.Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?Армысың, жиналған топ, үлкен, кіші.Армысың, айналайын халқым менің!2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар және ұландар!16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты әдеби кешке қош келдіңіздер! ҚР Әнұраны
2-жүргізуші :
Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,Тарих – ол ұлан ғайыр Отаныныңның аймағы.Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.1-жүргізуші: Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты!Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ!«Абылайлап» атой салып атқа қонған, қасық қаны қалғанша ұлан-байтақ жерін қорғап өткен бабаларымыз, ғасырлар бойы азаттық үшін күресті, елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді, қазағым деп қайғырды, Алаш деп аһ ұрды, жанын пида етті, Отан деп от кешті.2-жүргізуші: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Көрініс «Төле би мен Әнет баба» Автор: Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты.Төле: «Қалай бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дейді. Автор: Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын, бір бума шыбық алдырыпӘнет баба: «Балам, мынаны сындырып көрші» - дейді. Автор: Төле шыбықты алып әрі - бері иіп, сындыра алмайды.Әнет баба: «Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы»Автор: Төле ортасы буылған шыбықты оңай сындыра береді. Әнет баба: «Бұдан не түсіндің балам?» - дейді. Төле: «Бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп – оңай алады», - дегеніңіз ғойӘнет баба: «Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл».Ән «Атамекен-ай»
1-жүргізуші: Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығы, ұлт- азаттық көтерілістер, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің озбырлығы, сонау 30 жылдардың опасыздығы мен 41-дің қырғыны, кешегі 86-ның ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.2-жүргізуші: Иә, Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстүкке қарай босты.Көрініс «Ата –бабам аңсаған тәуелсіздік» күй орындалып тұрады.Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіз. Маған сіздердің ақыл – кеңестеріңіз керек.Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.Әйтеке би: Жөн! Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.Бұқар жырау: Армысың, Абылай?!Абылай хан: Армысыз, Бұқар баба?!Бұқар жырау: Біз бармыз- ау, хан ием! Қазақтың халын айтсаңдаршы, сол мендегі сор, сол мендегі запыран... Қандыауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң, ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар, Абылай! «Берекесі жоқ елдің, бірлігі жоқ». Не қылмақ ойың бар, ай, Абылай?Абылай: Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек! Қазақтың халі қыл үстінде тұр, ағайын!
Бұқар жырау: - Не арман , тілегің бар?
Абылай : - менің үш арманым бар: қан көп төгілді, мен төкпес ем, дұшпан менің қанымды төгетін болды. Халық жер қызығын көре алмады, қала , кент салып бере алмадым. Елдің басы бірікпеді, тентегі -тебісі көп болды. Осыған өкінемін!
2-жүргізуші: Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.
«Тәуелсіз Қазақстан» өлеңі1-жүргізуші: Азуын айға білеген Ресей үкіметінің құрамына ену қазақ халқы үшін жоңғар шапқыншылығының езгісінен құтылудың жолы болды. Бірақ ұлы держава қазақтардың мойнына отаршылдық қамытын кигізді. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалтудың алдында тұрды. 1909 – 1911 жылдары: Столыпин реформасы қазақ еліне қанды тырнағын салды.1914 – 1916 жылдары: бірінші дүниежүзілік соғыста қазақтарды қара жұмысқа айдап, талайларды оққа байлады. 1917 – 1922 жылдары: Азамат соғысында қызылдар мен ақтардың шайқастарында талай ауыл жойылды, аштықтан 1 млн. 500 мың адам қырылды.
1927 – 1931 жылдары: Он мыңдағын байларымыз тәркіленіп, итжеккенге айдалды. 1931 – 1933 жылдары: 2 млн 300 мың адам ашаршылықтан қынадай қырылды, миллиондар босқыншылыққа ұшырап шетелдерге ауды.1937 – 1938 жылдары: 100 мыңнан аса зиялымыз қуғын – сүргін құрбандарына айналды, атылды, итжеккенге айдалды. 1941 – 1945 жылдары: Екінші дүниежүзілік соғыс ер азаматтарымыздың жартысын жалмады.1946 – 1954 жылдары: Тағы да он мыңдаған зиялы қауым өкілдері қуғын – сүргінге ұшырады. 1954 – 1956 жылдары: Тың және тыңайған жерлерді сылтауратып солтүстік өңірлерімізге Мәскеу қылмыскерлерді орналастырды. 700 қазақ мектебі жойылды. 1986 – 1989 жылдары Желтоқсан, Жаңаөзен көтерілістері аяусыз жаншылды. Бұған тәуелсіздік үшін күреске шыққан қазақтардың 300-дей басып жаншылған көтерілістерін қосыңыз!Ән: «Тәуелсіз Қазақстан» 2-жүргізуші : 1932 – 1933 жылдадағы ашаршылық – адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Қазақстан жерін ғана емес, Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 млн. адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстаннан ең кемі 2,3 млн адам аштықтан ажал құшты. «Атамның естелігі» монолог (күй орындалып тұрады)- Ашаршылық жылы. Ел аш, шетінен қырылып жатыр. Бұл – қазаққа Голощекин әкелген реформалар «жемісі». Ел іші үрейге толы, «Адам жепті» дегенді естігенімізбен, көрмегенбіз. Ашқұрсақ, жетім балалар бұралып, ауылдан – ауылға тентіреп тамақ іздейміз. Бірақ, бір ауылдан бір ауылдың артып тұрғаны шамалы. Бірде аш қарынның әуресімен сандалып жалғыз келе жатып айдалада ет асып отырған орыс еркек пен әйелге жолығып қалдым. Мені көре екеуі де жамырай: «Иди сюда, мальчик, иди» деп шақырды. Асылған қазан, бұрқыраған еттің иісі... сілекейім шұбырып, ішектерім шұрқырап кетті, қуанып жақындай бердім. Олар мені ошақтың қасына отырғызып, өздері қазанның қамымен жүр. Шамалаймын, еттері мол сияқты. Қазан асылып жатыр, ошақтың қасында тағы да бір сыпыра шикі ет жатыр, әлгінің бетіне әр жеріне қан сіңген орамал жаба салған.Қазан қашан оттан түсер екен деп тыпыршып отырғам, бір кезде от желмен лап етіп еді, әлгі орамалдың шеті ашылып кетті. О, тоба, ет деп дәмеленіп отырғаным – боршаланған адам еті, адам болғанда жас баланың сирағы көзіме анық көрінді. Сол мезетте бәрі белгілі болды: о, сұмдық, адам жегіштер! Атып тұрып зыта жөнелдім. Әлгілер бірін – бірі «Держи его, держи» деп артымнан түсті. Мен зәрем зәр түбіне кетіп зытып бердім. Жүрегім аузыма тығылып, қашып келем, аяғым – аяғыма жұқпайды. Артымнан ана екеуі қалмай келеді. Жан деген қанша тәтті болса да, аштықтан әбден қалжырағам, сілем қатып қуғыншыларымның қолына ілігетін болдым. Біреуі енді жағамнан ала бергенде, менің бағыма қарай жолдың бұрылысынан бір атарба шыға келді. Ағатайлап бар пәрменіммен солай қарай жүгірдім. Көзімнің қиығымен байқағаным: орыс жалт бұрылып, әйел күйбеңдеп, шөпшек терген болып жылыстап барады екен. Бір ажалдан сол бір атарба айдаушы аман алып қалып еді. Өлең «Қазақ тағдыры» Не көрмеген, бәрін көрген азаптың,Сол болды ғой сорақысы азаптың.Сардалаға ақ сүйегі шашылып,Ит мүжіді алтын басын қазақтың.Бауырына басу үшін даласынҚынадай ғып қырды қазақ баласын.Тең жарымы жер бетінен жоқ болған,Кімге айтады момын халық наласын?! Қиянатпен қолдан жасап аштықты,Қалың елдің көмейіне тас тықты.Елін жойып, жерін басып алатынКім болжаған мұндай сұмдық қастықты.Аштық жалмап небір жайсаң, нар ұлын,Таппай қалдың боздақтардың қабірін.Қадірлеуге, аялауға міндеттіБүгінгі ұрпақ тоқшылықтың қадірін.1-жүргізуші: Қазақстан жерінде ядролық полигон сынақтары жүргізіліп, ол жергілікті халықтың денсаулығына әсерін тигізді. Ядролық полигон әсерінен келген зардап жасырын болды. Полигондағы жарылыс саны -459, оның 113-і әуеде жарылды. Ашық ауада ядролық сынақ 14 жылға жалғасты «Заман - ай» клип2-жүргізуші: Азат күнді аңсаған ел еңсесі сонау 90 жылдардың дүрбелеңінде де езілмеді! Басқа түскен қиыншылық қазақты қайрай түсті. Халқының табандылығы мен төзімділігінен қуат алған Қазақ елі 1991 жылы Егемен ел атанды, тәуелсіздік алды!Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ! Ол - кешегі Ләзаттың қанымен, Қайраттың ерлігімен келген Тәуелсіздік!Көрініс «Желтоқсан оқиғасы» Қайрат сот залында...
Бір минут үнсіздік
«Желтоқсан» өлеңі 1-жүргізуші: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше ғана өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ қиын белестерден аса білдік.Ел ертеңі үшін шырылдаған, жазықсыз жала жабылып құрбан болған қазақ зиялылары аңсап өткен азаттық таңы осы болатын!2-жүргізуші: Бұл Тәуелсіздік шежіресі – қазақ тарихының ешқашан көнермейтін де көкейден кетпейтін де, жадымыздан жойылмайтын да, жоғалмайтын асыл ақиқатының анығы мен қанығы болып қала бермек. Ендеше ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, армандап өткен тәуелсіздіктің тұғырын – мызғымас берік, азаттықтың ақ туын еңкейтпей биік ұстау бүгінгі жас ұрпақтың мойнына жүктелген үлкен міндет!Өлең «Атамекен»
2-жүргізуші Естімейік енді елдің жылағанын,Қайта құлап, бостандық сұрағанын.Абылайдың жолымен алға басқанҚұт болсын нұрлы жолы Нұр ағаның!1-жүргізуші: Елім деген жүрек дамыл таппады,Ел еңсесі көтерілген шақта бұл.Жырлай түссін, жырла қазақ жастары-Ата – бабам аңсап өткен – Азаттықтың ақ таңын!- дей отырып әдеби кешімізді аяқтаймыз.Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!