Айтыс. Біржан мен Сара айтысы
Сабақ тақырыбы:Айтыс. “Біржан мен Сара”айтысы.Қостанай облысы Науырзым ауданы Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы
Мақсаты:І. Айтыс өнері мен оның майталмандары жайлы және тарихы жайлы түсінік беру.ІІ. Айтыс өнерін оқыту барысында ұшқыр ойлап,шебер сөйлеу тілін дамыту. ІІІ. Шебер сөйлеп,жағымды әсер беріп,ақылмен ойлап, әділ шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО,диалогты оқыту,оқу үшін және оқытуды бағалау,РАФТ әдісі, Венн диаграммасы.Сабақ түрі:Жаңа білімді игеру. Көрнекілігі:Ақын суреті,суреттер,портреттер.Пәнаралық байланыс:тарих.Күтілетін нәтиже: Айтыс өнерін оқыту негізінде сөзді ұтымды да шебер қолдану арқылы тығырықтан шығып,өз ойын айтып,шешім қабылдай алатын,сыныпта еркін қарым-қатынас жасайтын сабақ мәнін терең ұғынған тұлға .
Сынып ахуалын қалыптастыру: 1. “Сын есімді қос” тренингі. 2. Айтыс түрлеріне байланысты топқа бөлу..
Өткенді пысықтау .Төмендегі анықтамалар дұрыс па?1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз эпостық жырлар.2.Эпостық жырлардың негізгі идеясы елін жаудан қорғау,елі үшін ерлік жасау.3.лиро-эпостық жырлардың кейіпкерлері: қамбар батыр,алпамыс батыр,ер тарғын.4. Қыз Жібек пен Төлеген махабат пен пәктіктің символы.5.Жұмбақтар –әзіл әңгімелер,тұжырымдар.
Мақал-мәтелдерЕрекшелігі мен түрлері
АйтысАсыл мұраСөз өнеріталантПікірталас түріСөз сайысыӨнер сайысыСөз барымтасыСөз додасышабыт
Жаңа сабақты “блумның таксономиясы” әдісі арқылы игеру.І топ. Білу,түсіну.Тапсырма: Айтыс дегеніміз не-анықтама беру,түрлеріне тоқталып, топтастыру. “біржан мен сара”айтысының ерекшелігін көрсету.
ІІ топ.Қолдану,талдау.Тапсырма. Айтыс өнерінің берер тәлім-тәрбиесі,қажеттілігі.Айтыстағы өзекті мәселелер және қазіргі кездегі айтыс ерекшелігі.
Ііі топ.жинақтау.Тапсырма. айтыс өнерінің тәлімдік жағын топтастыру және айтыс майталмандары жайлы деректер жинақтау
ІҮ топ.Тапсырма.бағалау.Айтыс өнерінің бұрынғы және қазіргі кездегі ұқсастығын бағалау.Қазіргі кезде айтыс өнері керек пе,әлде жоқ па? ақын-жазушылардың айтыс өнерін бағалаулары.
Бекіту.Әр топ басқа топтарға жаңа сабақ бойынша сұрақ қойып,қандай да бір тапсырма (сурет,көрініс,өлең) орындауын талап етеді.Үйге тапсырма:Тест құрастыру,реферат жазу.
Рефлексия.Оптимистер-айтыстың болашағы,құлаштап өркендеуі жайлы құнды пікірлер айтады.Пессимистер-керсінше айтыстың бүгінгі күнде дамуына кедергі болып жатқан факторлар туралы ой қозғайды.Реалистер-айтыста өрбитін өмір шындығы жайлы нақты мысалдар келтіріп,ой өрбіту.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.