Конспект урока 9-сынып Кенесары-Наурызбай


Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаныСабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлт-азаттық қозғалыс жыршысы Нысанбай жыраудың дастанымен таныстыра отырып, дастандағы және тарихтағы Кенесары бейнесін түрлі көзқараста с арқылылыстыра отырып, сабақ мақсатына жету.
Дамытушылық: ізденіс арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін шыңдау, шешен сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін зерделей отырып өз пікірлерін ортаға салуға үйрету.
Тәрбиелік: Дастандағы батырлар бейнесі арқылы ұлтжандылық сезімін дамыту.
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, қосымша материалдар, сызба, слайд, бейнефильм.
Алдын ала берілген тапсырмалар:
1 - топ:
Тапсырмасы: «Кенесары –Наурызбай көтерілісі,Кенесарының тарихи бейнесі
2 – топ:
Тапсырмасы: Нысанбай кім? Қандай шығармалары бар?

Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау
Ұлт азаттық көтеріліс дегеніміз не? Тарихта қандай маңызы бар?
ІІ Үй тапсырмасы
Алдын ала берілген тапсырмалар:
І топ «Ізденушілер» («Кенесары –Наурызбай көтерілісі,Кенесарының тарихи бейнесі)
ІІ топ «Әдебиетшілер» (Жыраудың шығармашылығы)
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың айдары:
Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
(М.Әуезов)
Мұғалім сөзі:
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атаған. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», - деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).
Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.

Сұрақтар:
Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?
Дастанның негізігі идеясы қандай?
Басқа да қандай батырлар бейнесін көруге болады?
Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?
Бұқар жырау Ортақ қасиеттерНысанбай

Оқулықпен жұмыс (Дастаннан алынған үзіндіге талдау)
І топ
Шығарманың компазициялық құрылысы. (Үзінді бойынша)
ІІ топ
Батырлар жырына ұқсастығын табу
ІV. Қорытындылау
«Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»
МұхтарӘуезов «Әдебиеттарихы», 1927 жыл.
Тапсырма: Осы сөздерді шығарманың оқиға желісімен дәлелдеп көр
V.Бағалау
VІ. Үйге тапсырма. «Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.».СәбитМұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл. Осы ойды негізге ала отырып,ойтолғау жаз.

Сабақ жобасы
Сабақтың негізгі мазмұны, элементі Әдіс-тәсілдер, оқу формалары Оқу жабдығы, қосымша материал
Дар
Ι. Ой тастау: Нысанбай жырау кім,шығармашылығы туралы не білеміз?
Сұрақ – жауап, пікірлесуΙΙ. Проблемалық сипаттағы сұрақ
Дастанның тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңіздер?
Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.
Қашан ? Қайда? Қандай оқиға?
1837 ж. Қараша Ақтауға шабуыл
1838 ж. 26 мамыр Ақмолаға шабуыл
1843 ж. 27 маусым Көтерілісті басуға Лебедев отряды жіберілді
1845 ж. Сәуір Кенесары аулына елшілер кірді
1847ж. Қырғыз жеріне Кенесары әскері басып кірді
Көтерілісшілер қырғыз жерінде
… (сол жердегі көтерілістің барысы бойынша түсінік беру)
Дастанның жанрлық ерекшелігін, поэтикалық тілін талдау.
Жырдың жанрлық ерекшелігі,поэтикалық тілі Дәлелдеме
Тарихи жыр2.Батырлық эпос үлгісінде жырланған
«Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивте ркөп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.»
СәбитМұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жылОқушы хабарламасыОқушы хабарламасыСлайд, кесте, карта, суреттерСлайд, кесте1.Дастан неге «Кенесары – Наурызбай» деп аталған? («Қырғыздағы қырғын», «Қазақтың соңғы ханы», «Көтерілістің күйреуі» емес ...)
2.Осы дастанды жырлаудағы ақынның басты мақсаты не деп ойлайсың?
«Кенесары– Наурызбай» - тарихи жыр.
Алайда әдебиет – тарих емес, тарихи күрестің, оқиғалардың сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын талап етуге болмайды. Кейдедәлкелсе, кейде тарихи шындықтан ауытқып жатуы мүмкін. Олай болуы заңды.
Түйінді ой: «Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»
МұхтарӘуезов «Әдебиеттарихы», 1927 жыл
а) проблема-
лық сипаттағы сұрақ
ә) оқушының салыстыру жұмысы мен хабарламасы
б) әңгіме – лекция
КестеДастанда Кенесары бейнесі, көбінесе тіке, тура суреттелмей, қасындағы батырлар ерлігін, тапқырлығын көрсете отырып сомдалады. Ақын дастанда соғыс барысын баяндай отырып, Наурызбайдың батырлығын, қайратын айрықша сипаттайды.
Сонда дастанныңбастыкейіпкерікім?
Дастаннан дәлелді мысалдар келтіреді.
№ Сұрақтары Оқушыныңжауабы
1.
2.
3.
4.
5. БіроқиғанысуреттегенүшшығармадағыКенесарыныңбейнесіқандай?
Дастан мен трагедиядағыНаурызбайбейнесінсомдаудағыайырмашылықнеде?
Дастанныңбастыкейіпкерлерікімдер?
Ұлт-азаттықкөтерілісінжырлағанжырау мен жазғанжазушылар неге Кенесары мен Наурызбайдыбастыкейіпкерретіндеалған?
Бұлшығармабізгенесіменқұнды? Түйінді ой: «Кенесарының қайғы – өкінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе – Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әлдеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады.»
МұхтарӘуезов «Әдебиеттарихы», 1927 жыла)Проблемалыбаяндауә) проблема
лықсипаттағысұрақ
б)оқушыхабарламасыв) интервью – сұхбат
г)салыстыруКесте, слайд,
суреттерСабақты қорытындылау.
Кеңесті жүргізуші: әр топ жоба-болжам бойынша жұмыс жасады, қорғады. Ғылыми кеңес алдына қойылған проблемалы сұрақтардың жауабын іздеу барысында мақсатына жетті. Қорытындылай келсек, М.Әуезов «Кенесары – Наурызбай» жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес»деген еді.
Хан Кененің қалдырған іздері – шайқас болған жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай жырдың біреуі - Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» тарихи дастан ы. Бұл – тарихи таным тұрғысынан да, көркемдік тұрғыдан да құнды туынды.
Түйіндіпікірдішығару Жоба – болжамкестесі Бағалау. Топ басшыларының бағасына мұғалім сыни көзбен қарай отырып қорытынды бағасын шығарады.
№ аты- жө
ніСұрақтар Оқушыныңойынжеткізуі
1 2 3 Ой жүйе. Нақты. Айқын, таза.
Бағалаупарағы
Үйге тапсырма. «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ойтолғау жазу.
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың өмірі мен жыраулық өнері.
«Кенесары - Наурызбай» дастаны (1- сағаты)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;
дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;
тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың технологиясы: Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы».
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға слайд түрінде көрсетілген мәліметтер, пікірлер, деректі фильм т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой тастау.
Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы – Кенесарының өкінішті қазасы екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді. Хан Кененің қалдырған іздері - шайқас жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің, одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды. Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Тарихымызға да көзқарастар өзгерді. Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін, жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да, батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.
Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы бүгінгі сабағымыздың негізгі арқауы болмақ.
ІІ Үй тапсырмасы
Алдын ала берілген тапсырмалар:
І топ «Ізденушілер» ( Н.Жаманқұлұлының өмір жолы)
ІІ топ «Әдебиетшілер» (Жыраудың шығармашылығы)
ІІІ топ «Жыраулық дәстүр» (Жыраулық өнер және Нысанбай Жаманқұлұлы)
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың айдары:
Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
(М.Әуезов)
Мұғалім сөзі:
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», - деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).
Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
Дастанға арқау болған оқиғаның себебі неде? Бейнефильмге назар аударайық.
(Бейнефильмнен үзінді көрстеіледі.)
Сұрақтар:
Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?
«Қазақтың соңғы ханы», «Жеңіліс тапқан көтеріліс» емес.
Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?
Кенесары - Абылайдың немересі. Әр кезде қазақ хандарының сенімді кеңесшісі, данагөй, ақылгөй жырауы қасында болған. Кенесарының атасы Абылайдың ақылшысы Бұқар жырау болса, Хан Кененің сенімді серігі, жақсы көрген ақыны Нысанбай жырау болды. Екі жырау да сол кездегі хандарымен бірге аумалы-төкпелі заманды басынан өткізді. Салыстырып көрелік.
Бұқар жырау Ортақ қасиеттерНысанбай

Оқулықпен жұмыс (Дастаннан алынған үзіндіге талдау)
І топ
Шығарманы құрылысына талдау. (Үзінді бойынша)
ІІ топ
Үзіндідегі бейнелі сөздерді табу.
ІІІ топ
Үзіндіде кездескен көнерген сөздерді табу.
ІV. Қорытындылау

Нысанбай жырау


Мұғалім: 1847 жылы Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырап, Кенесары қаза болғаннан кейін Нысанбай жырау туған жерінен қашып шығып, Орталық Азия елдерінде біршама уақыт жасырынып жүреді. Туған жеріне қай жылдары қайтып келгені туралы дерек жоқ. Қазіргі Аққошқар елді мекенінен екі шақырымдай солтүстік тұсында Шеңгелсай деген жер бар. Нысанбай жырау сол жерге жерленген. Кезінде қам кесектен там тәрізді салынған бейіті құлап, төмпешік болып қалады. Өткен ғасырда Аққошқар елді мекенінде өмір сүрген Тұңғатов Алдаберген ақсақал бала кезінде бейітті көріп өскен. Бейіт құлағаннан кейін сол ауылдың азаматтарына жыраудың басына белгі қоюды аманаттайды. Қазіргі кезде кесене де салынған.
Нысанбай жыраудың бұл күнде тараған ұрпағы жоқ. Оның Жабық, Жабағы деген екі ағасынан тараған ұрпақ қана бар. Нысанбай жыраудың шығармалары да толық зерттеліп бізге жетпеді. Өздерің қарастырған «Кенесары - Наурызбай» дастаны мен өзі жайлы айтқан толғауы ғана бар.
Нысанбай жыраудың халық арасына тараған жыры ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап баспа бетін көре бастады. Бұл жырға кезінде Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев тиісті бағаларын берді. Зерттеуші ғалымдар Х.Досмұхамедұлы, Ә.Қоңыратбаев, Е.Бекмаханов т.б. құнды пікірлер айтты.
2014 жылғы 11 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихты ұлықтау жылы» деп атап, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді тапсырды. Бұл күнде қазақ елі тәуелсіздік туының астында бақытты ғұмыр кешуде. Ол тәуелсіздік бір күнде келген жоқ. Қазақ хандығы құрылғаннан бері қазақ жерінде жері үшін, елі үшін қаншама қан төгілді. Соның бір куәсі - Кенесары мен Наурызбай бастаған көтеріліс. Ендеше тәуелсіздігіміздің қадірін білейік!
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма
Дастанды толық оқу
Композициялық құрылымына талдау.