Тышкан мен торгай (открытый урок)
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Әлімханова А.Қ
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: Көркем әдебиет
Тақырып: «Торғай мен тышқан»
Мақсаты: «Торғай мен тышқан» ертегісін сұрақ- жауап ,
әңгімелеу әдістерін қолдана отырып ,балалардың тілдерін дамыту.Еңбекке,достыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, игравизор т.б
Билингвалдық компонент: Торғай – воробей,тышқан – мышь.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы Балалар , «Бұл ненің дыбысы?» ойынын ойнауға дайынсыңдар ма?
Үнтаспадан тышқан мен торғайдың дыбысын тыңдап , ненің дыбысы екенін ажыратады. Иә, дайынбыз.
Торғай.
Тышқан.
Ұйымдастырушылық ізденіс Балалар , енді көгілдір экран арқылы
«Торғай мен тышқан» ертегісін көрелік.
Ерте- ерте , ертеде торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі егін егіпті.Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып , дән сеуіпті . Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бидайды жинап алып , бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады . Соны қайсысы аларын білмей ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналап ,бір- бірімен
Ұзақ төбелеседі .
Оларды арашалайтын
Ешкім болмаған соң , екуі де шаршайды.
Ақыры, өздерінің билеріне барып жүгінбек болады. Алдымен тышқан биіне келеді.
Тышқан биі:
-Бұл бидайды тышқан алуы керек. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып , ұртымен бидай септі,- дейді.
Бұл шешімге торғай келіспейді. Енді тышқан екеуі торғайлар биіне барады.
Торғайлар биі :
Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егінге түскен барлық құрттарды құрттқан. Егінді күзеткен,- дейді.
Бұған тышқан келісе алмайды.Енді торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келедді.Шал дәнді алып,екеуіне тең бөліп береді.Бұған торғай да,тышқан да разы болып,өз жөңдеріне кетеді.
Тәрбиеші:
Балалар , ертегі қалай аталады?
Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар?
Ал, енді мына суреттерді пайдалана отырып ертегіні баяндайық.
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын «Ретімен орналастыр»
-Торғай мен тышқан артық қалған бидай үшін кімге ақыл сұрауға барады? Ретімен карточкаларды орналастырамыз.
«Конус» театры.
Ертегіні баяндау.
Балалар мұқият тыңдайды.
«Тышқан мен торғай»
-Торғай, тышқан, торғай би, тышқан би, ата.
Балалар топтасып не кезектесіп ертегіні айтады.
«Конус» театры.
Ертегіні баяндайды.
Рефлекстік түзету -Көгілдір экраннан қандай ертегіні көрдіңдер?
-Осы ертегі арқылы нені түсіндіндер?
-Қол ұстасып тұрайық,көріскенше күн жақсы сау-сәлемет болайық!
Балаларды мақтап, мадақтау. Балалардың жауаптары.
-«Тышқан мен торғай»
-Бір- бірімізбен төбелеспеу керекпіз.
-Барлығымыз дос, тату болу керек екенін.
- Ерінбей еңбек ету керек.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Торғай мен тышқан ертегісін.
Түсінеді.Тапсырмаларды дұрыс орындауды достық қарым-қатынасты,еңбексүйгіштікті
Қолданады: Сұраққа нақты , толық жауап беруді.
Қостанай қаласының білім бөлімінің № 13 бөбекжай-бақшасы
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Екінші кіші «Жұлдыз» тобы
Тақырыбы: «Торғай мен тышқан»
Өткізген: Әлімханова А.Қ.
Қостанай, 2015 жыл