Тема урока ”What date is it today?” (3 сынып)
Атырау облысы, Индер ауданы
М. Әуезов орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі
Тажиева Раушан Сагингалиевна
Сынып: 3
Сабақ: 12
Сабақтың тақырыбы: What date is it today?
Cабақтың мақсаттары:а)”What date is it today?” тақырыбы бойынша
оқушылардың лексикалық дағдысын дамыту;
1-ден 20-ға дейінгі реттік сан есімдерді үйрету
және оларды алғашқы рет пысықтау;
Kk-әріпін және оның транскрипциясын оқу
дағдыларын арттыру;
б)оқылған лексиканы белсенді ету сөздік қорды
байыту арқылы оқушылардың тілін дамыту;
с)оқушының әдептілік,сыпайылық,тәртіптілік,
сыныптастарының жетістіктері мен сәтсіздігіне
ортақтаса білу сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:1-ден 20-ға дейінгі реттік сан есімдері,тақырыптық
лексиканы білу және пайдалана білу.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:СD ойнатқыш,көрнекті материалдар,
карточкалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ/орыс тілдері.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру сәті.
T: Good morning, children!
Ch: Good morning, teacher!
T: I’m glad to see you!
Ch: We are glad to see you too!
T: How are you today?
Ch: Fine, thanks. And you?
T: I’m OK. Thank you.
T: Tell me, please, what day is it today?
2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Балалар,сендер жыл мезгілдерін атауды және ай атауларын білесіңдер,ал бүгін біз күннің атауын атап үйренеміз.Ол үшін есептік сан есімдерді қайталау,сондай-ақ реттік сан есімдерді жаттап алуға тиіспіз.Келесі сабақтан бастап сабақ бастамас бұрын бүгінгі күннің қай күн екенін сұрап отыратын боламын.
3.Тірек білімді белсендіру.
“Сан есімдер” лексикалық ойыны.
Мақсаты:есептік және реттік сан есімдерді қайталау.
Ойынның барысы:сынып екі командаға бөлінеді.Мұғалім кез келген есептік сан есімді атайды.Бірінші команда алдыңғы санды атауға,ал екінші команда келесі есептік сан есімді атауға тиіс.
4.Жаңа білім мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру.
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар,әдеттегідей сабақты фонетикалық жаттығудан,яғни тілімізді жаттықтырудан бастайық.What letter is it?You are right,letter K.What sounds is it?
Yes,[k].Listen and repeat after me:[k],[k],[k].
Let’s say together: kiwi, kitchen, a kitchen, kiwis.The kiwis are in the kitchen.
Оқулықпен жұмыс.
Ех:1.Look at the picture.Listen and learn.
Оқушылар реттік сан есімдер жазылған суреттерге сүйене отырып,дикторды
тыңдап,оның артынан осы сан есімдерді қайталайды.Оқушылардың назарын
алғашқы үш сан есімнен басқа реттік сан есімдердің жасалуына,сан есім негізіне th жұрнағы қосылған кездегі сан есімдердің жазылуын түсіндіру.
Track 20.1st- first11th-eleventh
2nd-second12th-twelfth
3rd-third13th-thirteenth
4th-fourth14th-fourteenth
5th-fifth15th-fifteenth
6th-sixth16th-sixteenth
7th-seventh17th-seventeenth
8th-eighth18th-eighteenth
9th-ninth19th-nineteenth
10th-tenth20th-twentieth
“Line”дидактикалық ойындар.
1.Оқушылар 2 қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Бірінші қатарға –қаңтардан маусым айына дейінгі,екінші қатарға-шілдеден желтоқсанға дейінгі айларда дүниеге келген балалар.Бір-бірінің туылған күні қашан екенін білу үшін балалар бір-біріне сұрақ қояды:When is your birthday? Жауап:Мау.
2.Әр қатар бір команда болып есептеледі.Мұғалім командалардың бірінен
кез келген баланың атын атайды.Келесі команда ол баланың қатар бойында нешінші тұрғанын айту керек.Мысалы:
Т:Alua is…
Ch:The fifth.
T:Good job!
3.”What date is it today?”фразасымен жұмыс. Оқушылар бір-біріне қағаз парағына жазылған дата мен апта күні туралы сұрақ қояды. –What date is it today?-It’s the third of August.
Сергіту сәті.
Up, down, up down.
Which is the way to London Town?
Where? Where?
Up in the air.Close your eyes.
And you are there!
5.Дәптермен жұмыс.Ех:1.Match the words to the numbers.
Жаттығу орфографиялық дағдыны дамытуға бағытталады.
Ex:2.Write the correct number.
Keys:
1. eighth3.third5.second
2. fifth4.seventh
Ex:3. Choose the right word.
Keys:
1.c; 2.b; 3.a;4.b;
Ex:5.Write the date.
1.It’s the fifth of May.3.It’s the twelfth of November.
2.It’s the twenty-second of August.4.It’s the first of April.
6.Сабақты қорытындылау.Сабақта“Check yourself!”рубрикасындағы оқылған лексиканы қайталау.
7.Үйге тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі 4-жаттығу.27-бет.