Внекласные работа по физику на тему Физика ?лемінде 
Ашық сабақ
 Күні: 17.01.2017 ж                                               Пән аты: Физика
Сыныбы:  8 «а,б»                                                  Пән мұғалімі:  Смағұлов  Т.М
Сабақтың тақырыбы: «Физика әлемінде»   (сайыс сабақ)
Мақсаты: 
1.Білімділігі: Физика пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,  формуланы тез еске түсіру, есептер шығара білу сұрақтарға ұтқыр жауап беру.
2.Дамытушылығы: Тәжірибелермен жұмыс жасай отырып қорытынды шығара білу, физикалық эксперимент жүргізіп, есеп шығару дағдысын дамыту. Білімге, спортқа деген құлшынысын өз бойларына жинақтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, (плакаттар, карточкалар) Физикалық тәжірибелерге керекті құрал жабдықтар (штатив -3 дана, спиртопка шамдар-2, сым түрлері, мензуркалар. Колба, сызғыш, пластилин, шегелер электр құралдары, аккумулятор, шамдар.
Пән аралық байланыс: Биология, математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуы, сабаққа дайындығын, сынып бөлмесінің тазалығы.
Сынып оқушыларының арасынан бес-бестен іріктеліп, 2 топ құрайды.
І-топ.   «Ампермерт»
ІІ-топ  «Вольтметр»
1-ші бөлім. Топ мүшелерімен таныстыру.
2-ші бөлім. Әр топқа сұрақтар мен есептер беру.
3-ші бөлім. «Менің ойым» атты сайыс
Шартты белгілер
Физикалық белгілер
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
4-ші бөлім. «Формула құрастыру»
5-ші бөлім. «Тәжірибелер сайысы»
6-ші бөлім «Мақал-мәтелдер» сайысы
7-ші бөлім. «Физикалық көрініс»
8-ші бөлім. Қорытынды