Саба? жоспары. Конспект по казахскому языку


Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиеті туралы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеуСабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
1.Әдебиет не туралы ғылым?
2.Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
3.Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?
4.Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5.5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
6.Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?
ІV Жаңа сабаққа дайындық 1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу2.Сабақ мақсатын түсіндіруV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі – жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты – жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.
VІ. Түсінік тексеру:
1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2.Ауыз әдебиеті деген не?
3.Жазба әдебиет деген не?
4.Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
5.Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
6.Ауыз әдебиетінің бізге берері не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
1.Тұмыс – салт жырлары2.Ертегілер3.Мақал – мәтелдер4.Жұмбақтар5.Шешендік сөздер6.Аңыз – әңгімелер7.Батырлар жыры8.Ғашықтық жыры9.Ақындар айтысы.

VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау 2.Үй тапсырмасын беру. 1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік.2.Ертегілер оқу