Открытый урок ?о?амды? сана


Тақырыбы: Қоғамдық сана және оның құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Адамзатқа ғана тән қоғамдық сананың пайда болуын, дамуын оның түрлерімен таныстыру және қоғамдағы маңызы мен ерекшелігін таразылау.
Оқушылардың философиялық мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру;
Ойлау мәдениетінің өсуіне, ойлаудың өзіндік және ақылдың кеңдік, ашықтық, алғырлық тәрізді түрлерін дамыту;
Алған білімді өмірде қолдана білуге үйрету;
Өз пікірін ашық айту, талдау жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ізденіс зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ –жауап, түсіндірмелі, топтық жұмыс,
тыңдалым.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, тест тапсырмалары, үлестірмелі материалдар, бағалау жолақтары.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, саясаттану, мәдениеттану
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру
(топтық жұмыс)
IV Бекіту
V Қорытындылау
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларме сәлемдесу, түгендеу, сабақ барысымен таныстыру, оқушыларды топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы «Таным теориясы» тақырыбы бойынша мына сұрақтарға жауап береді.
а)
1 Гипотиза 1 Жалпы пікірден жеке пікірге
2 Агностицизм 2 Танымның бастапқы пункті, негізі мен маңызы
3 Гносеология 3 Сезімдік танымды жақтайтын философиялық бағыт.
4 Скептицизм 4 Таным процесін жоққа шығарушылар.
5 Рационализм 5 Жеке пікірден жалпыға
6 Практика 6 Таным процесінде күмәнданушылар
7 Индукция 7 Ақыл ойлаудың маңызын бірінші орынға қоятындар.
8 Дедукция 8 Адам – қоғам
9 Сенсуализм 9 Таным теориясы
10 Субъект 10 Жорамал
ә)
1 4 7
2 5 8
3 6 9
Түйсік дегеніміз не?
Адамның сезім мүшелерін ата.
Қабылдау деген не? Мысал келтір.
Рационалдық танымның негізгі түрлері.
Пікір дегеніміз не?
Ой тұжырымы деген не?
Ақиқат деген не?
Қателесу дегеніміз не?
Ғылым деген не?
б) Абайдың «Қара сөздері» ( тыңдалым «Жетінші», «Он тоғызыншы» қара сөздері)
в) Ұлы адамдар өмірінен
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушылар назарын сабаққа аударту үшін өткен тақырыптармен байланыстыру. «Қоғам», «Қоғамдық болмыс» ұғымдарын еске түсіреміз.
Қоғам дегеніміз – адамдардың материалдық игіліктерді өндіру барысында қалыптасатын қатынастары.
Қоғамдық болмыс – адамдардың қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс – қимылы, қызметі, өмірі сонымен қатар айырбастау, бөлу, тұтыну, тәжірибе алмасу әрекетінің көрінісі.
Ал қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі.
Қоғамдық болмыс – алғашқы, себебі ол қоғамдық санадан тыс, оған тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана материяның өндіріс қатынастары негізінде, адамдардың әлеуметтік тәжірибесі барысында пайда болады.
Мұны схема түрінде көрсетсек.
Қоғамдық болмыс әр адамның санасы қоғамдық сана
Қоғамдық болмыс өзгерсе қоғамдық сана да өзгереді.
Мысалы: Елбасымыз «Қазақстан – 2030» Жолдауында : «Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет», – деп жазды.
1 – слайд
Қоғамдық сана
Қарапайым күнделікті теориялық
өмір тәжірибесінен арнайы теоретиктер
(стихиялы)
өмір өзгерістерін себебін, заңдылығын
бейнелейді түсіндіреді
2 – слайд
Қоғамдық сана
Қоғамдық пікір
Салт – санасы
жалпы
Әдет – ғұрып
Көңіл – күйі
абстрактілі
Ойшыл кемеңгер
Таптар (Ұлттар) жеке әлеуметтік топтар
қоғамдық психология қоғамдық идеология
3 – слайд
Қазіргі Қазақстан Республикасының идеологиялық бағыты: ұлттық сана – сезімді ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтар достығын нығайту, ішкі саяси тұрақтылық, қоғамның топтасуы.
4 –слайд
саяси сана
құқықтық сана
моральдық (адамгершілік) сана
эстетикалық сана (өнер)
Қоғамдық сана діни сана
атеистік сана (философиялық)

Әр топ өздері дайындаған мәлімет пікірлерімен бөліседі.
IV. Бекіту
Тест тапсырмаларын орындайды.
V. Қорытындылау
VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма
Қоғамдық сана мен жеке сананың өзара байланысын дәлелде.
Абайдың «Отыз жетінші» қара сөзіндегі философиялық мәселені талдау.