Болаша? мектепке дейінгі ?аза? гимназиясы мектепалды даярлы? №5 А?ыл тобында президент к?ніне арнал?ан Елбасымыз са?ан м??гі разымыз та?ырыбында?ы ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? конспектісі
Топ: № 5 мектепалды даярлық "Ақыл"
Тақырыбы: "Елбасы саған мәңгі разымыз"
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық
сезімін ояту. Тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру.
Көрнекілік: ту, елтаңба, президент суреттері, слайд, кешкі Астана суреті, көгершін.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер: Қуан,шаттан балақай,
Жарқырайды аспанда күн алақай.
Атқан таңға, шыққан күнге сәлем беріп,
Тілейік бақыт баршамызға осындай.
Тәрбиеші: - Балалар, мен сабағымды сұрақтардан бастағым келіп отыр.
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
- Дұрыс. Біз қандай ұлтпыз?
Біз қазақ ұлтымыз.
- Дұрыс. Біздің ұлтымыз қазақ.
- Ал біз қай тілде сөйлейміз?
Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
- өте жақсы мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Олай болса, балалар, кім тіл туралы тақпақ біледі?
Ақерке: Ана тілім - анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Бойға біткен қаным.
- Өте жақсы. Балалар, айтыңыздаршы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев.
- Дұрыс. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланған. 1 желтоқсан тұңғыш президент күні.
- Балалар, интерактивті тақтаға назар аударайық. (слайд)
- Бұл Н.Ә.Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде туылған. Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
- Қараңыздар, бұл Н.Ә.Назарбаевтың әкесі Әбіш және анасы Әлжан. Бұл Н.Ә.Назарбаевтың отбасы. Жұбайы Сара Назарбаева...
Тұңғыш президентіміз туралы кім тақпақ айтады?
А.Нұрасыл: Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Асқар тауымыз боп аман да есен жүр атам.
Қазақтың бағын өзіңнен артық асырар,
Болған да емес, болмайды ешкім біл атам.
Нұрболат: Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.
- Елбасымыздың арқасында біз тәуелсіз ел атанып, өзіміздің рәміздеріміз бар. Олар: Гимн, Елтаңба, Ту.
- Гимн үлкен салтанатты жиындарда айтылады. Біздер сабақта айтып жүрміз. Олай болса, орнымыздан тұрып, гимн орындайық.
- Өте жақсы. Отыра қойыңыздар. Гимн туралы тақпақты Еркенұр айтып берсін.
Еркенұр: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сойлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
- Балалар, тақтаға назар аударайық. Мынау ҚР-ң туы. Тудың түсі қандай?
- Тудың бетінде не бейнеленген?
- Дұрыс. Күн әрқашан жайнап, жарқырай берсін дегенді білдіреді. Ал қыран құс биікке, болашаққа самғасын дегенді білдіреді.
- Балалар, ту туралы не білесіңдер?
Ерасыл: Отан туы желбіреп
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Туған жердің туына
- Өте жақсы. Ал мынау балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
- Нені көріп тұрсыңдар, сендерге не таныс?
-Дұрыс Елтаңба туралы тақпақты бізге Аян айтып берсін.
- Балалар, бұл Қазақстан картасы. Қазақстан біздің Отанымыз. Ал Отан дегеніміз еліміз, жеріміз. Балалар Отанымызды жақсы көреміз бе? Олай болса, балалар, Отан, туған жер туралы мақал-мәтел кім айтады?
Дінислам: Туған жер - алтын бесік
Алмас: Отан үшін отқа түс күймейсің
М.Нұрасыл: Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Бақдаулет: Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің
Ойын: "Мұқият тыңда"
шарты: Қазақстан, ту, елтаңба сөзді естісе қол шапалақтау, басқа сөздерге шапалақ ұрмайды.
Отыра қойыңыздар.
- Балалар, Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала?
- Астана
- Дұрыс, балалар интерактивті тақтаға көңіл аударамыз. Бұл Астана. Астанада не бар?
Ақорда. Ақордада президент отырады. Ханшатыр, Пирамида, Бәйтерек бар.
- Енді балалар, бірлік симолы бәйтеректі қолданып, түнгі Астананың суретін салайық. алдарыңызда сиқырлы Бәйтерек суреті салынғанқағаз берілген, сол суретті қылқаламмен қара туске сырлап түнгі Астана суретін салу керексіздер.
Сергіту сәті: видео
Балалар туған жер туралы тақпақ айтады.
- Бүгін біз ҚР-ң тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы, рәміздеріміз туралыәңгімеледік. Бүгінгі өткен сабағымыз туралы сұрақтар қоямын, қол котеріп жауап берейік.
1. 1-желтоқсан қандай күн?
2. ҚР-ң тұңғыш президенті кім?
3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан туылған?
4.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
5. ҚР-ң рәміздерін атап беріңдер.
6. Туда не бейнеленген?
7. Елтаңбада не бейнеленген?
- Өте жақсы балалар. Қазақстанда еліміз тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Бейбітшілік символы ол "Көгершін". Балалар, алдарыңызда өздеріңіздің қолдарыңызды салған кескін бар, соған тұмсық, көз, қанат жабыстырып бейбітшілік символы көгершін жасайық.
Ән "Қазақстан бақытты"