Математикадан саба? ?зірлемесі 10 к?леміндегі сандарды ?айталау.
10 Көлеміндегі сандарды қайталауСабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын тиянақтау, қайталау, қалыптасу деңгейін анықтау, құстарды күтіп, асырай білуге тәрбиелеу блды.
2. Танымдық белсендігін арттыру, бастапқы негіздерін үйрету, ойөрісін, ойлау қабылетін, математикалық тілін дамыту.
3. Мақсатқа жете білуге, еңбек етуге, ұқыпты, таза жаза білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: баланың, ойөрісін, лгикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиешілігі: ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, үйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: сурақ, жауап, практикалық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қарлығаш ұясындағы кіш-кентай балапандары бар сүреттер, ағаш. "Қарлығаштар" деген жазулар, әр түрлі қызықты карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ә) Армысың, асыл күн.
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым.
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос.
Міне, менің қолым!
Бүгінгі саб ағымызға қонақтар қатысып отыр.
Тыныш отыруымыз керек.
ІІ. Ойын сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыз математика пәнінен ойын түрінде өтеді.
Бәріміз мұқият тыңдап тапсырмаларды дұрыс орындайық.
Ой шақыру.
- Бір аптада неше күн бар? (7)
- Неше күн оқимыз? (5)
- Неше күн демаламыз? (2)
- Бүгін аптаның қай күні?
- Аптаның үшінші күні қай күн?
Қазыр жылдың қай мезгілі (Көктем)
Көктемнің нешінші айы, қазыр қай ай?
Дұрыс, жарайсыңдар.
Күннің нұрынан қар ери бастайды. Бұлақтан су шулап ағады. Жылы жақтан әр түрлі құстар ұшыпкеледі. Қазір балалар, бізге қандай құстар қонаққа ұшып келгенін білеміз.
Тақтаға қарандаршы. Нелер шашылып жатыр? (сандар). Бұл сандарды дұрыстап өсу ретімен орналастырсақ, әдемі құстың аты шығады . Өте жақсы, Енды осы сандардың астында қандай құстың аты жазылып тұр?
"Шашу" ойны. 0-ден 10-ға дейін сандар шашылады.
Балалар сандарды жинап "қарлығаштар" деген сөзді жинап оқып береді.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
қ а р л ы ғ а ш т а р
(Тура ж\е кері санайды)
(Орыс тілінде)
Қарлығаштардың тапсырмасы:
Қарлығаштар өз ұясын құрды да, балапандарын шығарды. Ол бізге жай ұшып келген жоқ. Қарлығаштар, сендердің білімдеріңді тексеруге келді. Олар сендерге әр түрлі қызықты тапсырмаларын дайындап әкелді.
Қарлығаштың екінші тапсырмасың орындайық.
"Қандай сандар жетіспейді"? ойын
(Карточкамен жұмыс)
1 2 3 0
5 7
7 5 8 10
9 Сергіту сәті . Қәне қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық орнымызға қонайық.
4. "Қара да, сана, айта біл" ойыны.
- Сыныпта неше терезе бар?
- Сыныпта неше қатар парта тұр?
- 1- қатарда неше ер бала, неше қыз бала бар?
- 2- қатарда неше оқушы отыр?
-
Балалар ауызша санап, дұрыс жауабын айтып береді.
5. Бес санына сөзжұмбақ шешу.
3+2=?
б е с т ү й е
б е с і к Екі тауды көтеріп жүретін қай жануар?
Жас нәресте жататын орын ?
6. Логикалық есептер:
1. Табақта үш алма
қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (3+2=5)
2. Көлден ұшты төрт қаз
Қайтып қонды екі қаз
Ұшып кетті нешеу? (4-2=2)\
3. Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай
Біреуі бастаушы
Төртеуі қостаушы.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепте? (1+4=5)
4. Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұреді.
Желсоқты да үзіліп,
Ұшыпкетті екеуі.
Тұр әлі ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (5-3=2)
5. 10 асықтың 3-ін досың сұрап алды, айтшы сонда нешеуі өзінде қалды? (7)
6. Бір қоянның екі құлағы бар.
Екі қоянның неше құлағы бар? (4)
7. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек,
1-еуі тығылды, 1-еуі жығылды
Қалғаны неше үйрек? (6)
8. Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті 1-еуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (9)
7. Тізбекті есеп.
7+2= 6-3= 4+4=
8+2= 10-5= 7-3=
8. Геометриялық денелердің аттарын атап, бір-бірінен ажырату.
- Дөңгелек (шар, доп, күн т.б.)
- Үшбұрыш (сызғыш, үйдің шатыры т.б.)
- Төртбұрыш (есік, терезе, тақта, т.б.)
ІІІ. Геометриялық фигуралардан қандай да бір зат құрасыңдар.
- Аспанда не жарқырап тұр? (Күн)
- Дұрыс, балалар, аспандакүнжарқырап тұр. Кәне, балалар, барлығымызкүнсияқты күлімдейікші, әдемісіңдер.
- Балалар, бізқандайбаламыз?
- Сұлу, тәртіпті, әдемі.
- Олайболса, геометриялық фигуралардан құрастырған заттарын да әдеміболсын.
IV. Бекіту. "Жасырын санды тап"
6+
+2+5
3+10 4+
0+7+
1+
V. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен, балалар, бүгін қандай сандарды қайталадық?
- Балалар, бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.
- Сабақ ұнады ма? Қандай ойын ойнадыңдар?
VI. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқандарға жұлдызша, төртбұрыш таратып, марапаттау.
Орындаған: Сеитказина А.А.
2015 ж