?здігінен білім алуына есеп беру Мемлекеттік тілді о?ытуда?ы сюжеттік – р?лді ойынны? ?сері
«10 «Бал - бұлақ» ясли – бақшасы» ҚКММ
Тақырыбы: «Мемлекеттік тілді оқытудағы сюжеттік – рөлді ойынның әсері»
Семей қаласы 2015-2016ж
«10 «Бал - бұлақ» ясли – бақшасы» ҚКММ
Тақырыбы: «Мемлекеттік тілді оқытудағы сюжеттік – рөлді ойынның әсері»
Дайындаған : Карибаева Кульзира Серикказыновна
Өздігінен білім алу жұмысы
Семей қаласы 2015-2016ж
Карибаева Кульзира Серикказыновна
Тақырыбы: «Мемлекеттік тілді оқытудағы сюжеттік – рөлді ойынның әсері»
Бұл жинақта тәжірибелік және теориялық материалдар: ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті, тақпақтар, дидактикалық ойындар, сюжетті – ролді ойындар.
Мемлекеттік тілді мектепке дейінгі балаларды оқыту үшін мұғалімдерге көмек көрсетеді.
Семей қаласы 2015-2016ж.
«Мемлекеттік тілді оқытудағы сюжеттік -рөлді ойынның әсері»
оқу – әдістемелік құралына рецензия
Құрастырған: Карибаева К.С.- қазақ тілі мұғалімі.
«№10 «Бал бұлақ» мектеп - бақшасы» ММ.
Семей қаласы.
Пікір
Қазақ тілін үйретудің қаншалықты маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі –ақ көрсетіп отыр. Әрине, балабақша тәрбие жұмысына тілді үйретудің сан қилы тәсілдері мен әдістері қолданып жатса, соның бәрінен қайткенде тілді тез әрі сапалы игереміз. Сонымен бірге ұйымдастырған оқу іс- әрекетінді ойын, сюжетті – ролді ойын түрлерін өткізу тәрбиеленушілердің ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға және тағы басқа қабілеттерін дамыту арқылы ұйымдастырған оқу іс - әрекетін сапалы түрде меңгертуге әкеледі.
Сюжетті-рөлді ойындар үшін уақыт және ойынға жер, тағы үлкен адамның шыдамдылығы, көмегі, түсініспеншілігі қажет. Осы көмектесу туралы біз нақтырақ сөйлесеміз. Сюжетті-рөлді ойын өзі баланың өміріне келіп кіреді. Ол қалай бай және әртүрлі болады және бала қалай көп қыйын өмір кезендерді ойын арқылы өтуге тырысады. Сюжетті-рөлді ойын мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-рөлді ойының бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Мұғалім өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-ролді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Балалақшада ересектер және ортаңғы топтарда балаларға көбінесе сюжетті- ролді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Себебі балалар ойын барысында өздеріне берілген ролді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды. Мысалы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде төменгідей сюжетті-рөлді ойынды ойнатуға болады.
Рецензент:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.
Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б.
Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді.
Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді. Педагогтың негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын – бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды.
В.А.Сухамлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғылымдар ерекше шұғылданған.
Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Балабақшада пайдаланатын ойындар: Ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан – жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым – қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.
Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастарымен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.
Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, желілі ме, әлде драмалық болсын баланың ой – өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптасады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Ал сюжетті-рөлді ойының бір жағымды жағы, оны балалардың өзі жасайды және баланы өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге дағдыландырады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Сюжетті-рөлді ойында бейнелеу құралы, ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынын ойнағанда балалар сатушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Мен осы балалақшада ересектер және ортаңғы топтарда балаларға көбінесе сюжетті рөлді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Себебі балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды. Мысалы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде төменгідей сюжетті-рөлді ойынды ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты. Балаларды екі – үш рөлді қамтитын бірлесіп ойнайтын ойындарға қатысуға тарту. Өзге балалардың ойнайтын рөлін белгілеуге, атауға үйрету. Ойында балаларды мәдени мінез-құлық ережелерін, өзара көмек қатынас арқылы дамыту. Заттарды таңдап алып пайдалана білуге, рөлдерді орындауға, ойынның шартты әрекеттерін жасауға үйрету.
Көрнекі құралдар. Дүкен ойынына арналған ойыншықтар, дәрігерге-халат, қаламсап, тыңдайтын трубка, термометр, өлшейтін құралдар, т.б.
Сабақтың барысы. Балалар келген қонақтармен сәлемдескен соң, мұғалім баланың назарын өзіне аударады.
- Балалар, біз қазір сюжетті– рөлді ойын ойнаймыз. Балалар сендер қандай ойынның түрлерін білесіндер?
- Кәне кім айтады?
- Желілі – рөлді ойын. Дүкен, дәрігер.
- Балалар біз осы ойынды ойнамай тұрып, кімдермен таныстық. Қане естеріңе түсіріңдерші.
Балалар:
-Дәрігер апайдың бөлмесіне бардық, ол кісінің жұмысымен таныстық. Жақсы, өте дұрыс енді кім осы ойындарға байланысты тақпақ біледі.
Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.
Менің анам дәрігер
Тіс ауырса, іш ауырса.
Анам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
-Міне балалар, сендер дәрігер, нан туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер. Енді осы ойынды ойнайық. Дүкен ойынына қандай құралдар керек?
Енді өздерің таңдаған мамандықтарың бойынша ойнауға кірісіңдер.
Ойын басталды.
Дүкен ойыны.
-Дильмухамед сен дүкенге не үшін келдің, не алайын деп тұрсың?
-Шәй, нан, май аламын.
-Апам алып кел деп жіберді.
-Асия сен қайда бара жатырсың?
-Дүкенге.
-Не үшін?
-Торт сатып аламын. Гүлдана апайым торт әкел деді.
Автобус ойыны. Бала санына қарай бөлменің ортасына екі қатар орындық қойылады. Ең алдыңғы орындыққа жүргізуші, ал басқаларына жолаушылар жайғасады. Кондуктор балаларға билет сатып, аялдаманың атын айтып отырады.
Ойынға керекті заттар алдын-ала дайындалады. Ойын ережесіне сәйкес аялдамалардың аты болады. Мысалы: «Орман», «Дүкен», «Хайуанаттар паркі», «Орталық», «Цирк» т.б. Жолаушылар өз аялдамаларында автобустан түсіп қалып отырады. Жүгізуші жүріп бара жатқан автобус моторының дыбысын «РРР» - деп шығарады. Автобус кері қайтқанда жолаушылар орындарына отырады.
Дәрігер ойыны.
-Зарина сен ауруханаға не үшін келдің?
-Қуыршағым ауырып қалды.
-Түнде ыстығы көтерілді ме?
-Ия.
-Жақсы, шешіндір тыңдайын.
Балалар ұнатқан ойындары туралы әңгімелейді, бос уақыттарында жалғастырып ойнайтындарын айтады.
Ана мен бала ойыны:
Үш жастан кейін балалар ана мен бала ойынына қызығушылық таныта бастайды. Әрине, оның формасы әлі қалыптаспаған. Ұл балаларға «Қыздармен ойнау – ол ер балалардың ісі емес» деп айтуға болмайды. Бұл ойын балалардың отбасындағы рольдердің ерекшелігіне енуіне көмектеседі. Мұнда бала ойынды жалғыз өзі, достарымен немесе ересектермен ойнауы маңызды емес. Кез – келген жағдайда ол сәйкес іс – қимылдарды орындап және ойын әрекетінің мүмкін болатын нұсқауларын айтуы жеткілікті. Мысалы, ас әзірлеу немесе қала сыртына саяхат жасау. Осыған байланысты ойыншық ыдыстарды, көкөністер немесе сөмкелер мен машиналарды дайындау керек. Ұл балаларға дәстүрлі ер балалардың жұмысын ұсынып («жөндеу, біреуді, құтқарып алу», «бір жерге бару») ал қыз балаларға тігу, пісіру, сәбиді тербету т.б. Мұндай ойын үстінде бала еңбек етуге, ер балалар мен қыз балалар бір-бірін ренжітпеуге үйренеді.
Емхана ойыны.
Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесіңіз. Ол үшін дәрігер мен емделуші рольдік ойынын пайдаланамыз. «Дәрігерде» егер ақ халат қию мүмкіндігі болса жақсы болар еді – ол ерекше жағдайды құрады. Ойынға арналған барлық қажеттіліктер дайындалады: бинт, мақта, дәрілер т.б.
Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті бала ересектердің көз алдында ойнаса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде саудада емхана ойынына арналған көптеген ойыншықтар бар. Ондағы ойыншықтар пластмассадан жасалған және олармен ойнау тиімді.
Балаларға үнемі ойын барысында не қауіпті және не қауіпсіз екендігін түсіндіріп отыру қажет. Жұмсақ ойыншық қоянның іші ауырып жатыр, өйткені ол лас қолымен тамақ жеді, ал аю жол үстінде ойнап жүргенде, оны көлік қағып кетті, енді олар емханада ұзақ жатады деп түсіндіру керек.
Бұл ойынды ойнау барысында бала мейірімділікке, қамқорлыққа, досына жаны ашып көмектесуге үйренеді және ненің жақсы ненің жаман екенін ажырата біледі.
Дүкен ойыны: Баланың төрт жасында дүкен ойынын ойнауға қызығушылығы артады. Олар ересектермен азық – түлік немесе киім – кешек алуға дүкенге барады, сондықтан да олар бұл үрдістің қалай жүзеге асатындығын біледі. Тәрбиеші баламен ойнаған кезде алдын-ала қандай зат сатылатындығын және кім сатушы болатындығын анықтау қажет. Ойнай отырып балалардан тек зат сатып алуға ғана емес, сонымен бірге одан кеңес алуға да болады. Мысалы: «Мен сорпа пісірейін деп едім. Маған қандай зат алу керек? Мүмкін тәтті кәмпиттер ме? Кәмпиттерден сорпа пісіруге бола ма? Ал картоптан ше?» Бұл ойын санаудың бастапқы дағдыларын бекітуге көмек береді, өйткені әрбір тауардың өз құны бар. Мысалы, (картоп бір тиын тұрса, ал сәбіз екі тиын тұрады). Балалар ойынға деген қызығушылығын жоғалта бастағанда рольдерді ауыстыру керек.
Жалпы сәбилеріміз және ересек балаларда ойыншықпен ойнап өсетіні белгілі. Ойыншық арқылы айналадағы дүниені танып біледі. Ер балалар топталып мәшинелерімен ойнағанды жақсы көрсе, ал қыз балалар қуыршақтарын құшақтап жүргенді ұнатады. Жүк мәшинелеріне топырақты үйіп, ұзыннан ұзақ жолдармен жарыса зырғытқан кезде бала бар ойы санасымен басқа бір дүниеге еніп кетеді. Сол ойыншығының көмегімен өзара қарым-қатынасқа түсіп, тілін байытады, ой – өрісін жетілдіріп, дүниетанымы өседі. Ойынға беріліп кеткен бала өз ойыншығын мінезіне сәйкес сөйлетеді, қимылдатады. Бүкіл өнерін салып бар ынтасымен беріледі.
Егер балаңыз мәшинедегі топырағын төкпей-шашпай, ұқыптап көздеген орынға жеткізсе, оның тиянақты болғаны. Ешбір маңыз бермей, қалай болса солай ойнап жатқан бала әрекеті де біраз нәрседен хабардар етеді. Бір ойыншықтың қызығынан екіншісіне тез ауысатын балалар, керісінше тек біреуімен ұзақ ойнап жүріп алатыңдар болады. Демек бақылап отырсақ сәби қолына жаны кіріп, әр түрлі қимыл жасап жатқан ойыншықтар ересек балалардың мінез-құлқын тануға, олардың түсініктерін анықтауға көмектеседі. Яғни бала ойыншық арқылы өзін көрсетеді. Өкінішке орай ойыншық атаулының қымбат бағасы бәріміздің жанымызға бататын секілді. Ойыншықтар дүкендерде толып тұрғанның өзінде олардың бағасы маңына жолатпайды. Ойыншықты көріп қуанып, құнын көріп қорқып кетесің. Сондықтан әр ата – ана баласына анда – санда болсын қалаған сатып, әперіп отарса, жақсы болар еді. Ойын арқылы баланы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырып мынандай жетістіктерге жеттік:
-Балалардың ақыл – ойын кеңейту;
-Өз бетімен еңбектеп, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттерін ашады;
-Логикалық ойлау, ой – белсенділігін арту.
-Өзін – өзі бағалай білу, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамыту.
-Интеллектуалды ойлау қабілетін дамыту.
-Белгілі бір іс – әрекетті орындағанда жігерлі еңбек ету, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
Сондықтан тәрбиешілер, мұғалімдер сабақта болсын, серуен кезінде болсын балалардың іс-әрекетімен ұштастырып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.
Сюжеттік-рөлді ойындардың
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
№1 технологиялық картасы
Жас ерекшеліктері: ересектер
Өткізген: Карибаева. К.С.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Бөлменің гүлін күту»
Мақсаты: 1. Гүлдерді күту туралы көп сөздерді қайталап бекіту. Гүлді суғарамын, жапырақтың шашың сүртемін, жапырақты жүлмаймын.
2. Сөздік қорларына жаңа сөздер еңгізу:
Гүлдер өте әдемі, гүлді жұлуға болмайды, гүлді күту керек.
Оқыған сабақтарды, ойындарды іс – тәжірибеде қолдану.
3.Әдептілікке тәрбиелеу: рахмет көмектескеніне, істегеніне ризамын.
Көрнекілік құралдар: Гүл тұратын бөлме, су құйғыш тазик, су шұберек, кішкентай таяқ.
Меңгерілетін сөздер: Гүл әдемі, жапырағын жу, су қүй...
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушы
Балаларды шеңберге тұрғызып, жылулық лебізін айтуды ұсынады.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық! Балалар шеңберге тұрып, жылулық лебізін айтады .Ұйымдастыру –іздестіру
-Сәлеметсіндерме балалар!
-Біз бүгін сендермен «бөлменің гүлін қалай күту», ойының ойнап үйренеміз.
-Балалар, біз қазір ойын арқылы гүлді күтеміз.
Біз бұл ойынды ойнаймыз. Мен гүлдерді күтемін, ал сендер маған көмектесесіңдер. (сөздерді мұғалімнің артынан қайталап ойын ойнайды).
- Бұл гүл!
- Гүл шан!
-Шұберек аламын, шан сүртемін.
- Мынау гүлдің жапырағы.
Енді кішкентай лейканы алып гүлге су құямыз.
- Гүлге су құямын.
- Гүлді жұлма!
Бәріміз бірге қайталаймыз.
- Оның орына гүлді қалай күту керек екенің ойлан, ал гүлді күту оңай емес. Оны аптасына 3 рет суғару керек, ал жапырақтарын шұберекпен сүрту керек.
Гүлдің қатып қалған топырақтарын, таяқпен кішкене ғана қопарамыз.
- гүлде не бар?
- сабағы, жапырақтары, тамыры.
Мен сендерге гүл туралы тақпақ оқимын.
Бұл тақпақты жаттап алып, өзін осы гүлді суғарғанда айтуға болады.
Балалар тақпақты тыңдайды.
Егер мен гүл жұлсам,
Егер сен гүл жұлсан.
Егер бәріміз – мен және сен
Егер біз гүл жұлсақ
Онда бос қалады
Тоғайлар да, бұтақтар да,
Онда мейірімдік те,
Және әсемдікте те болмайды.
Егер мен және сен
Егер біз гүл жұлсақ.
(Балалар бөлменің гүлін күтіп ойнайды.) -Сәлеметсіз бе, мұғалім.
Балалар, қуанады.
Балалар сөйлемдерді қайталайды.
Балалар қарап отырады.
-Жапырақ, тамыр, гүлдің сабағы.
Балалар тақпақты жаттап қайталайды.
Балалар сөздерді қазақ тілінде айтып отырады.
Рефлексивті-түзету Бұл сөздерді біз күнделікті желілі – рөлді ойындарда айтып, іс – қимылмен көрсетіп қолданамыз.
-Сендерге осы гүді өсіріп, оны күту ұнадыма?
-Тақпақты қайталандар, оны гүлді суғарып жүргенде айтасындар.
-Жақсы ма, балалар?
-Сау болыңдар, балалар! - Иә!
Тақпақты қайталап айтады.
-Жақсы.
-Сау болыңыз мұғалім.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Табиғтты қорғай білу.
Болу керек: Гүлдер туралы түсінік.
Істей білу керек: Алған білімдерін ойын барысында қолдана білу. Сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
№2 технологиялық картасы
Жас ерекшеліктері: ересектер
Өткізген: Карибаева. К.С.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында»
Ойынның мақсаты:
1. Адамның дене мүшелерін қайталап бекіту.
2. Сөздік қорларына жаңа сөздер кіргізу: ішім, аурады, дәрі, кір, таза.
3. Сенің қай жерің ауырады? деген сұраққа түсініп, оған қысқаша жауап беруге дағдыландыру.
Көрнекілік құралдар: градусник, дәрілер, мақта, шприц. Дәрігерлік ақ халат.
Меңгерілетін сөздер: Сәлеметсіз бе? Кіріңіз, Қай жеріңіз аурады?, дәрі, бас, қол, аяқ аурады...
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушы
-Балалар, сендердің көңіл – күйлерің қалай?
Балаларды шеңберге тұрғызып, жылулық лебізін айтуды ұсынады.
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті болсын!
Деніміз сау болсын!
-Жақсы!
Балалар шеңберге тұрып, жылулық лебізін айтады .
Ұйымдастыру –іздестіру
-Сәлеметсіндер ме балалар!
- Ал ендіше біз қазір дәрігер қабылдауында болу оқиғалы рольдік ойын ойнаймыз.
- Бұл ойынды менімен ойнағыларың келе ме?
- Бірақ менің 1 шартым бар, осы ойынға қажетті заттарды қазақ тілінде айтып, ойнаймыз.
Ойын «Дәрігер қабылдауында»
Бала аурухана келеді.
Дәрігер баланы қабылдайды. Дәрігердің ролін мұғалім атқарып көрсетеді.
Бала: - Сәлеметсіз бе, дәрігер?
Дәрігер: -Сәлеметсіз бе.
Бала: - Кіруге бола ма?
Дәрігер: - Кіріңіз, отырыңыз.
Дәрігер:- Атын кім болады?
Бала: - Менің атым Ангелина.
Дәрігер: - Ал тегін ше?
Бала: - Шепелева.
Дәрігер: -Қай жерін аурады?
Бала: - Менің басым аурады.
Дәрігер: -Басына не болған, неге аурады?
Бала: - Басым осылай жиі аурады.
Дәрігер:- Ендіше, қазір мен саған жақсы басты жазылтатын дәрі беремің, ал сен оны күніне екі рет ішесін тәңертен және кешке таман.
Бала: - Рахмет сізге дәрігер! Сау болыңыз.
Дәрігер: -Тағы келіп тұрыңыз, ауырмаңыз. Сау болыңыз.
Мұғалім ойынға екі баланы шақырады. Екі бала өз сюжеттері бойынша ойын құрастырып ойнайды, бірақ жаңа сөздерді қолданады. -Сәлеметсіз бе, мұғалім.
-Иә!
Балалар тамашалап отырады.
Рефлексивті-түзету -Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
-Сендер үлкен болғанда кім болғыларың келеді?
-Бұл ойынды рольге кіріп, аурудың бейнесін келтіріп кім жақсы ойнады деп ойлайсыңдар.
-Иә!
Балалардың жауаптары.
Балалардың ой – пікірлері.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әр мамандықтар туралы білу керек.
Болу керек: Дәрігерлер туралы және оның жұмысы жайлы түсінік.
Істей білу керек: Ойын барысыңда сыпайлы сөздерді дұрыс қолдану. Төл дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
№3 технологиялық картасы
Жас ерекшеліктері: ересектер
Өткізген: Карибаева. К.С.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Менің жанұям»
Ойынның мақсаты:
1. Жанұя туралы білетін сөздерді қайталап бекіту. Шеше, әке, әже, ата, аға, апай. Оқылған сабақтарды, ойындарды іс – тәжірибеде қолдану.
2. Сөздік қорларына жаңа сөздер кіргізу: пісірдің, тамақ ішеміз, ас дәмді болсын, шанышқы, тамақ, құлақ.
3. Әдептілікке тәрбиелеу: Рахмет, ас дәмді болсын, көмек көрсетейінші.
Көрнекілік құралдар: Асхана, дастарханға қажетті құралдар: кесе, қасық, пышақ, шанышқы, тәрелке, табақ, т.б.
Меңгерілетін сөздер: шеше, әке, ата, кесені беріп жіберіңізші? Маған нан беріңізші? Әкенді асқа шақыр.
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушы
-Сәлеметсіндер ме балалар!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін,
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде, күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ. -Сәлеметсіз бе, мұғалім.
Балалар қолдарынан ұстап шенбер құрып айтады .
Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін,
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде, күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Ұйымдастыру –іздестіру
-Өз жанұян туралы айтып берші, жанұяда кім бар?
-Ал сендерді кім балабақшаға алып келеді?
-Үйде кім тамақ дайындайды?
-Сендер шешелеріне үстел жасағанда көмектесесіндерме?
-Шеше оған не құяды?
-Сендермен «Жанұя» болып ойын ойнайық. Сендерге бір шартым бар: барлық заттарды, сөйлемдерді қазақ тілінде айтып үйренеміз. «Семья» қазақ тілінде «Жанұя». Бәрі бірге қайталайды. Мен шешенің ролін атқарамын. Ал сендердің ішінен қалған жанұя мүшелерін таңдап аламын. Бізде үлкен, тату, жанұя болады. Сендермен түске асқа дастарханды дайындап қояйық. Ал асты ішу үшін қандай ыдыстар қою керек?
Шеше: - Қызым әкенді, әженді, атанды дастарханға ас ішуге шақырып келші.
-Қыз бала: - Жарайды шеше!
-Дастарханға барлық жанұя жиналады.
-Шешесі: - Ас дәмді болсын жеңіздер!
-Барлық жанұя шешеге «Рахмет» деп айтады. Дастарханның басында әңгімелеседі. -Шеше, әке, ата, әпке, аға, бауырым, қарындасым.
-Шешем, әкем.
-Шеше, әже, әпке.
-Иә! көмектесеміз Кесе, қасық, тәрелке әкелеміз.
-Көже, шәй, ботқа.
– кесе, қасық, тәрелке, шанышқы, табақ.
Рефлексивті-түзету -Балалар ойында қандай жаңа сөздер қолдандық?
-Сендерге ойын ұнады ма?
-Ал шешеге көмектескенде сендер дастарханға қандай ыдыстарды қойдындар? -Әже, әке, ата, шеше, аға, әпке, бауырым, қарындасым.
-Иә!
-кесе, қасық, шаңышқы, тәрелке...т.б.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үлкен отбасы мүшелерін сыйлау керек.
Болу керек: Ата-ана туралы, үстел жасау туралы түсінік болу.
Істей білу керек: Отбасына және үлкендерге көмек көрсету.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
№4 технологиялық картасы
Жас ерекшеліктері: ересектер
Өткізген: Карибаева. К.С.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Шаштараз»
Ойынның мақсаты:
Шаш, тара, тарақ, сүрт, отыр сөздерін бекіту. Қайшы, сүлгі кептіргіш, алжапқыш сөздерімен таныстырып, оларды ойында қолдана білу. Шашыңызды қидырасыз ба? Қалай қияйын? Сұрақтарына түсініп жауап беру. Сыпайы болуға тәрбиелеу. Рахмет, сәлеметсіз бе? сау болыңыз! Тағы да келіңіз, сөздерін дұрыс қолдана білуге үйрету. Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айту. Ойын арқылы тәртіпті, ұқыпты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: шаштаразға қажетті құралдар.
Меңгерілетін сөздер: айна, тарақ, алжапқыш, сүлгі, қайшы, кептіргіш.
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушы
І. Кіріспе.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Балалар сендерге «шаштараз» ойыны ұнай ма?
- Сендердің бұл ойынды менімен ойнағыларың келе ме?
- Бірақ менің бір шартым бар, осы ойынға қажетті заттарды қазақ тілінде айтып, ойнаймыз.
- Сәлеметсіз бе?
- Иә.
- Иә!
Ұйымдастыру –іздестіру
Ойын «Шаштараз» Бұл ойынға екі бала қатысады.
Біреуі шаштаразшы, екіншісі шаш қидырушы.
Шаштаразшы: - Сәлеметсіз бе?
Шаш қидырушы: - Сәлеметсіз бе?
Шаштаразшы: - шашыңызды қидырасыз ба?
Шаш қидырушы: -Иә!
Шаштаразшы: - жүріңіз басыңызды жуайық (шаштаразшы шаш қидырушының шашын шампуньмен жуып, сүлгімен сүртеді)
Шаштаразшы: - Отырыңыз, қалай қияйын?
Шаш қидырушы: Ұзын (қысқа)
Шаштаразшы: - тарақпен тараймын, қайшымен қиямын, кептіремін.
Шаштаразшы: - айнаға қараңыз, сізге ұнады ма?
Шаш қидырушы: Өте ұнады (ұнайды, иә). Рахмет! сау болыңыз.
Шаштаразшы: Сау болыңыз, тағы да келіңіз.
Балалар ойынның сөздерін қазақ тілінде айтып ойнайды. Балалар ойынға белсенді қатысады.
Рефлексивті-түзету -Балалар, сендерге ұнады ма?
-Сендердің ойларыңша кім көп сөз біледі?
-Ойынды кім жақсы ойнады деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары.
Балалардың ой – пікірлері.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Шаштараз туралы білу керек.
Болу керек: Шаштараз туралы және оның жұмысы жайлы түсінік.
Істей білу керек: Сөздердегі төл дыбыстарын дұрыс айту.
Мектепке дейінгі ересектер тобында желілі рөлді ойындарын ұйымдастыру үшін арналған құралдар.
Қазір балаларды алуан – түрлі ойындар және ойыншықтар қоршап, олар денешынықтыру, ой, дамуына және тәрбиеленуге бағытталған, сенсорлық аппараттар жанаруына да т.б. Баланың тәрбиелі даму процессі қызықты және түсінікті етіп істеу үшін қажетті құралдарды үлкен адамдар ойлап шығарған.
Алайда бала үлкенің рөліне әрекетіне әрқашан ұмтылады. Сондықтан мектепалды ересектердің өмірінде сюжетті- рөлді ойындар ерекше орын алады. Оның пайда болуы баланың өзінен басталады, үлкен адамдардың өзара қатынасын, айналадағы ақиқатты, өз ойынында бейнелеу. Әсіресе осындай ойын тартымды болғаны, солайша өз бетімен дамуға мүмкіншілік береді, өзінің қызығушылықтармен, қабілеттерімен, қиялдарымен. Қоғамның дамуынан желілі рөлдік ойын оқиғасының тақырыптық мазмұныда өзгере бастады.
Балалар «құтқарушылар», «автосервис», «сайлау», «митингтер» т.б. ойындарын ойнай бастады, бірақ сюжеттік- рөлдік ойын әр-түрлі болғанымен – ол әрқашан баланың айналадағы әлемі болады.
Бала келесі сюжеттік – рөлді ойынды ажырата алады.
Өндірістік («дүкен», «аурухана», «кафе», «мектеп», «шаштараз», «автосервис» т.б)
Тұрмыстық («Отбасы», «балабақша», «үй жұмысы», «қір жуу», «үй жинау», «ас дайындау», «Бақта», «отбасылық мейрамдар»)
Қоғамдық- политикалық («соғыста», «индейстер», «митингте», «сайлауда», «құтқарушылар» т.б.)
Ересектер топтарында сюжетті рөлдік ойын ұйымдастыру үшін келесі құралдарды пайдалануға болады.
Өндірістік сюжетті ролді ойындарын ұйымдастыру:
«Дүкен» ойынына байланысты келесі заттар болу керек.
«Супермаркет» жиынтығына келесі заттар жатады: қолшатыр, витрина, жарнамалар, қағазға жазылған тауардың бағалары, ақшалар, таразы, сонымен қатар әр түрлі жемістер мен көкөністердің муляждары (лимон, қияр, қызанақ, жүзім, анар, шабдалы)
Ойыншық таразы;
Ойыншық қаріпұя аппараты;
Жемістер жиынтығы (себетке салынған алманың, өріктің, бананың, шабдалының, мандаринның, жүзімнің, алмұрттың муляждары)
Көкөністер жиынтығы (арнайы контейнерлерде картоптың).
«Аурухана» («Емхана», «Жедел – жәрдем») ойыны үшін ұсынылады:
Ойын аймағы «Жаңа аурухана» (ойын кеңістігін белгілеу үшін пайдалануға болады: ауруханадағы медбикенің посшы орны, емханада тіркелетін орын, дәріхана сөресі және т.б.)
Ойын ауруханасы» (ішіне келесі жабдықтарды еңгізеді: бой өлшегіш, қалқа, көз дәрігерінің үстелі, кушетка, еден үстілік таразы)
Дәрігердің құралдармен арбашасы (фонендоскоп, жайма, іскек, шприц, дәрі – дәрмектермен, әр түрлі орамалар, жабыстырғыш, қайшы, медициналық термометр, нервропотолог балғасы және т.б.)
Дәрігердің ойыншық жас сандығы (ішінде бар: жайма, қайшы, жабыстырғыш, ғаныш лангеткасы, дәрі салынған ыдыс, капсулалар, шприц, фонендоскоп, көз дәрігерінің көзілдірігі, невропатологтың балғасы, өкпенің көлемін өлшейтін аппарат және т.б)
Ойыншық «Жедел жәрдем көлігі»
Балалар телефоны.
Әртүрлі қуыршақтар және басқа...
Ойын эпизодының өркендеуі және бейнелер мен қызметтердің бөлінуі. Балалардың қиялдарымен қызығушылықтарына байланысты екенің атап көрсету керек. Балаланың үлкен адамның ролін орындауға құлшындыратын ойындар бар.
Өзінің күн сайынғы әсерлерін ойында көрсеткісі келетін баланың уайымдауының дәрежесінен ойын сюжетін таңдау анықталатының көптеген бақылаулар көрсетеді. Оған келесі ойын жинақтары көмектеседі:
Темір ұстасы құралдарының жиынтығы: дрель, тістеуік, бұрауыш, болттар, тығырық, әр түрлі бекіту детальдары (ара, балға, көзілдірік, дұлыға, қауіпсіздік техникасы белгілері және т.б.)
Ағаш шебері құралдарының жиынтығы: (балға, қышқыш, дрель, ара, қашау, бұрауыш, рулетка және т.б.)
«Шашатараз» жиынтығы (ішіне кіреді: әр түрлі тарақтар, шаш кептіргіш, айна, шашқа арналған резеңкелер, шаш қыстырғыш, сабын, сусабын, лак және т.б.)
Косметикалық бұйымдар жиынтығы (қуыршаққа арналған әшекейлер, косметикалық сөмке, опа сауыт, лак, әр түрлі тарақтар, шаш қыстырғыштар, резеңкелер, айна, сусабын, шаш кептіргіш және т.б. кіреді.)
Шаруашылыққа қажет құралдармен ойын ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі балалар сюжетті – ролді ойын мазмұны әрқашан өзіне ұнаған ашық көріністерден ол отбасының ықпалымен анықталады. Осымен тұрмыс қалыпы желілі ойынымен түсіндіріледі «Саяжайда», «Отбасы мейрамы», «Үйде жұмыстан кейін» т.б., ал ойыншықтар ойынды тудыруына көмектеседі, балаларға тұрмыс байланысы оның мазмұнымен әсер етеді.
Жылдар бойы қыз бала қуыршақпен ойнап «Анамен - қыздар» , ал ұлдар өзіне әкенің ролін алған. Бұл табиғи, өйткені балаға айналамен таныстыру, бірінші әсерді оларға отбасы береді. Ата- анасының үй шаруасына еліктеп, балалар үй міңдеттерін атқаруға үйренеді: «Өз үйінде еденді сыпыру» қуыршақ киімін жуу, ас дайындау, қуыпшақтын бөпесіне қамқор болу. Осы ойындарды балаларға ұйымдастыру үшін келесі жабдықтарды қолдануға ұсыну.
Балаларға арналған ойыншық жиһаздар жинағы: (ауыз үй, буфет, ас үйлік тақта, үстел, кір жуғыш машинасы, қысқа толқынды пеш).
Жұмсақ жиһаздар жиынтығы: (әр түрлі дивандар және кресло)
Қуыршаққа арналған жиһаздар жиынтығы: (үстел, орындықтар, ыдыс аяқ пен кимдерге арналған шкафтар, төсек)
«Ас үй» ойын жиынтығы: (духовкасы бар ас үйлік тақта, жуғыш, ауа тазартқыш, кастрөлдер, таба, шыныаяқ, қасық, шаңышқы, пышақ, тарелке, шәйнек)
Әр түрлі "Ас үйлік және асханалық ыдыстар жиынтығы.
Шәй және кофеге арналған сервистер жиынтығы.
Кір жууға, үтіктеуге, кептіруге арналған жиынтық және т.б.
Жаз уақытында сумен ойнайтын ойындарға арналған құрал жабдықтар
Балалар сумен ойнағанды өте жақсы көреді. Ондай ойындарды ұйымдастыру үшін, әсіресе жаз уақытында, таза ауада жүргенде келесі ойын жинақтарын алуға ұсынылады:
"Теңіз порты" (кемелер, шлюздер, жүктерді тиейтін порттық кран)
"Өткел" (шлюздар, кемелер, машина, жүкті тиеу және жүкті түсіруге арналған кран, өткелге кіру, сулы диірмен, адамдар мүсіні).
Қоғамдық – саяси желісі бар ойындарды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ересек жасынында сюжетті ойындар артығырақ мазмұнды, мақсаттық сипаттау болуын қолданады. Жеке тұлғаның жетілігін сұрақтарын шеше отырып әр балалаға, қазіргі ойын өнімі балаларға еліктеуден бір әрекеттінің желісіне өтуге көмектеседі. Осыны шындыққа бағыттау үшін балаларға келесі ойын жинағын ұсынамыз:
"Өрт сөндіру бекеті" (диспетчерский пункті, гараж, вертолеттік площадка, өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру машиналарын сумен толтыруға арналған орын, бензоколонка, диспетчер және өрт сөндіруге арналған пішіндер)
"Жанған үй" (балкондағы кісілерді өрт сөндіруші жаңған үйден шығару және иттермен жаңған үйге кіруі мүмкін, тұрғын үй адамдарымен және т.б.)
"Темір жол бекеті" (рельсы, вагончики, перрон, теміржол бекетінің поезды күтуге жасалған зал, пассажиры, темір жол жұмысшылары, подъездные пути, машина, автобус, шопыр және т.б.)
Мектепке дейінгі ересектердің үлкендерге еліктеуі, олар еңбектері туралы үлкендердің әңгімесінен, теледидар сюжеттерінен және т. б., қазіргі сюжетті – ойындарда қолданады. Сондай ойынның бір түрі «құтқарушылар», осы ойында балалар өз әсерін қолданып, кімге көмек қажет соларға көмектесуге үйренеді. Тұлғада рақымдық, уайымдау, рақымшылық секілді сапа қалыптасу өзгерістері болады.
Бұл ойындарды ұйымдастыру үшін келесі жабдықтарды қолдануға ұсыну.
Жолақ кедіргісі, конустан құралған, гимнастикаға арналған таяқтар, клипс (для соединения деталей), обручтар.
Жұзуге арналған дөнгелек
Ойыншық ұялы телефон
Сюжетті – ролді ойынның балаларды тәрбиелеуде және қазақ тілінен сөздерді ойын арқылы үйретуде де маңызы зор. Оның қортыңдысы үлкеннің ролін ереже бойынша әрекет етсе, бала ол ережені игереді, қоғам мен адам қарым – қатынасын қалыптастыруын білдіреді, болашақта оған әрине керек болады.
Қосымша:
Тазалық – денсаулық кiпiлi. Чистота – залог здоровья.
- Балалар! Қолынызды жуындар!
-Таза болып жүргендi, өзiм жақсы
көремiн.
-Ал ендi қолдарынды сүртiндер!
-Қол жууды ұмытпандар.
-Қолымыз таза болса, денiмiз сау болады.
-Жарайсыңдар. Сiздер таза болсандар, бiз куанамыз. Дети! Мойте руки.
Я сама люблю ходить чистой.
А теперь вытрите руки
Не забывайте мыть руки.
Если руки у нас чистые, то будем здоровые.
Молодцы. Если вы всегда чистые, то это для нас радость.
Ауа райы
Қазiр қай жыл мезгiлi?
Қазiр күз
Күзде ауа райы қандай?
Күн салқындайды.
Бүгiн ауа райы қандай?
Күн салқын
Неше градус суық?
-2 градус суық
Погода
Какое время года сейчас?
Осень
Какая погода осенью?
Становится холодно
Какая сегодня погода?
Холодно
Сколько градусов холода?
- 2 градуса
II Жол тәртiбiн бiлейiк, есен- аман жүрейiк.
Қызыл шам жанғанда не iстеймiз?
Тоқтаймыз.
Сары шам жанғанда не iстеймiз?
Сақтанамыз.
Жасыл шам жанғанда не iстеймiз?
Жүремiз.
Зная правила уличного движения, мы в безопасности.
Что делаем, когда зажигается красный свет?
Стоим.
Желтый?
Ждем.
А когда зеленый?
Идем.
III Асханада
Балалар!
Тамақтанайық.
Отырыңдар.
Қандай тамақ iшемiз?
Ботқа жеймiз, шәй iшемiз.
Ас дәмдi болсын.
Рахмет. Столовая
Дети!
Будем завтракать.
Садитесь за стол.
Что будем есть?
Будем есть кашу, пить чай.
Приятного аппетита.
Спасибо.
Тұган күнiңмен! С Днем рождения!
-Разия, тұған күнiңмен!
-Тұган күнiңмен құттықтаймыз!
-Сәлем! Тұган күнiң құтты болсын!
Денiн сау болсын!
-Рақмет! Көп рақмет!
-Қандай тамаша сыйлық!
-Мен өте ризамын.
-Бәрiне де рақмет. Разия, с Днем рождения!
Поздравляем с днем рождения!
Здравствуй, с днем рождения!
Желаю здоровья.
Спасибо, большое спасибо.
Какой прекрасный подарок!
Я очень благодарна.
Всем спасибо.
Ойын бөлменi жинайық. Уберем игровую комнату.
Тәрбиешi: Балалар! Ойын бөлменi жинайық, тазалайық.Сен Саша ойыншықтарды орнына қой.
Саша: Жақсы Клавдия Васильевна. Ойын бұрышына қойямын.
Тәрбиешi: Ал сен Оля жапырақтарды жу.
Оля: Жарайды. Жуамын.
Тәрбиешi: Дима сен үстелдердi жу. Аделина мен Разия орындықтарды жуындар.
Разия: Иә, жуамыз.
Аделина:
Тәрбиешi: Балалар! Жарайсыңдар! Ойын бөлмемiз таза. Рақмет. Дети! Давайте уберем игровую комнату, почистим.Ты, Саша, поставь игрушки на место.
Хорошо Клавдия Васильевна. Поставлю игрушки в угол.
А ты,Оля, помой листья.
Хорошо. Вымою.
Дима, ты вымой столы. Аделина и Разия вымойте стулья.
Да, вымоем.
Молодцы дети. Наша игровая комната чистая. Спасибо.
Ойыншықтар дүкенiМагазин игрушек
Бала:Сәлеметсiз бе!
Сатушы: Сәлеметсiң бе!
Бала: Маған доп керек.
Сатушы: Қандай доп керек?
Бала: Үлкен, кызыл доп.
Сатушы: Жарайды. Ал үлкен, кызыл допты.
Бала: Көп рақмет.Сау болыныз.
Сатушы: Сау бол. Здравствуйте!
Здравствуйте!
Мне нужен мяч
Какой мяч нужен?.Большой, красный мяч.
Хорошо. Возьми большой, красный мяч.
Большое спасибо. До свидания.
До свидания.
Бiз қалада тұрамыз. Мы живем в городе.
-Бұл не ?-Бұл қала.
-Бiз қайда тұрамыз ?-Бiз қалада тұрамыз.
-Бiздiң қаламыз қалай аталады ?-Семей.
-Сен қай қалада тұрасын ?-Мен Семей қаласында тұрамын. Что это ?Это город.
Где мы живем ?
Мы живем в городе.
Как называется наш город ?
Семей.
В каком городе ты живешь ?
Я живу в городе Семей.
Сабақта На занятиях
-Бұл не ?-Бұл алма.
-Алма қандай ?
-Алма қызыл, тәттi.
-Алма қайда өседi ?-Ағашта. Что это ?Это яблоко.
Какое яблоко ?Яблоко красное, сладкое.
Где растет яблоко ?На дереве.
Қосымша:
Естиярлар тобындағы балаларға арналған сюжеттік-рөлдік ойындар.
Бала-бақшадағы естияр жасындағы балаларда ұжымдық ойындар пайда болады, бұл ойынның тақырыбы мен мазмұнын, сонымен қатар құрылымын лезде өзгертіп және дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың ойындарының тақырыбын өзгертуде белгілі бір заңдылық жатыр: тұрмыстық тақырыптағы (кіші жастағы балалардың шығармашыл рөлдік ойындарының шамамен 50-70%-ын дәл осы ойындар құрайды) ойындардан еңбек, өндіріс сюжетті ойындарға, кейіннен түрлі қоғамдық көріністер мен құбылыстар көрінетін ойындар кетеді.
Естиярлар тобындағы балалардың ойындарын басқаруда педагог топтың ішінде пайда болатын ойындардың мазмұнын байытады, кіші топшалардың бір-бірімен ұйымдасып ойнау дағдысын қалыптастырады, ойын мәселелеріне байланысты келісуге, ойнау кезінде достық қарым-қатынасты бекітуге атсалысады.
Әдістемелік төлқұжат
Сюжеттік-рөлдік ойынның атауы: «Балықшылар»
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Мақсаты: Балалардың балық аулау туралы ойын бекіту. Ойында қызығушылықты дамыту. Балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру.
Жас ерекшелігі:Естиярлар тобына арналған.
Керекті құралдар: конструктор, прутинкалар, жіптер, орынбасатын-заттар. Ойыншық балықтар.
Әдістемелік нұсқау:Балалар мен бірге құрылыс материалдарынан қайық пен ескек жасау, ұзын прутиктардан қармақ жасау. Ойынға барлығы дайын болған уақытта, мұғалім рөлдерді бөліп береді.
Ойын уақытында мұғалім «балықшылардың» ойынына қызығушылығын қолдауы және сюжеттің дамуына кеңестерді, сұрақтарды, ескертулерді пайдалануға бағыттауы тиіс. Мысалы, сұрақтар: Сендер неде жүзіп келе жатырсыңдар? Сендердің қайықтарың қайда жүзіп бара жатыр? Онда не алып бара жатырсыңдар? Кеңес: «капитанмен келісіп, балықты пароходқа тиеңдер және көрші қаланың дүкеніне апарыңдар». Қыз балаларға қарап: «жаңа ауланған балық әкелінді, сендерге балық сатып алу қажет пе? жәнет.б.»
Ойында мұғалім балалардың қабылдауын дамытып және қызығушылығын оятып қана қоймай, сонымен қатар ойынды ұйымдастыруға көмектеседі. Арасында ойынды жоспарлауға көмектеседі.
102997087630
Әдістемелік төлқұжат
Сюжеттік-рөлдік ойынның атауы: «Дүкен»
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Мақсаты:Азық-түлік, жеміс-жидек дүкеніндегі үлкендердің еңбегімен таныстыру. Ойында қызығушылықты дамыту. Балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру. Балаларды сатушының еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі:Естиярлар тобына арналған.
Керектіқұралдар: «Дүкен» ойыны үшін мұғалім мен «дүкен» деген жазуы бар тақтайша дайындалуы тиіс, ақша, чектер, «касса» деген жазуы бар тақтайша, сатып алушылар үшін әмияндар. мұғалім үстелдерді жылжытып, сөрелер жасайды, онда барлық ойыншықтар әдемі орналастырылады.
Әдістемелік нұсқау:Балаларға ақшасы бар таратылады, мұғалім жаңа дүкен ашылғанын, онда ойыншықтар сатылатынын хабарлайды
102524-173және оларға дүкенге баруды ұсынады. Дүкенде сатып алушыларды өте сыпайы қарсы алады және ескертуші сатушы (тәрбиеші), кассада-тәжірибиелі кассир (балалардың біреуі).
Сатушы сатып алушымен сыпайы түрде сәлемдеседі, сосын оған тауарды көрсетеді, оны қарауға береді, онымен қалай жұмыс істеуін көрсетеді, оның бағасын айтады. Кассаға сатушы мен аталған төлем төленеді және чекті алып, сатып алушы оны сатушыға береді және одан өзінің затын алады. Келесі күні дүкенде балалармен сабақ үстінде жасалған бір ассортименті сату керек. Ұстаз балалардың бірін сатушы болып тағайындайды, ал өзі сатып алушылардың бірі болып рөлді алады, бірақ та жаңа рөлде де ойынның барысын бағыттайды.
Егер балалар дүкенге арналған заттарға назар аудармаса, ұстаз өзі ойын жабдығына балалардың назарын аударады және ойнауды ұсынады. Бағаларды санау арқылы балалар өздеріне рөлді бөледі: «сатушы», «сатып алушы». Осыдан соң балалар тәрбиешімен бірге витриналарды құрастырады, гастрономнан азық-түлік сатып алады,одан түскі ас дайындайды және қуыршақтарды тамақтандырады, дүкеннен өздерінің балаларына мерекеге жаңа киімдер сатып алады. «Егіншілер» жеміс-жидекті, жинайды, оларды жәшіктерге салып, машинаға салады, «жүргізушілер» оларды дүкенге апарады. «Балықшылар» жүзуден келіп, балықты тиейді, ал «жүргізушілер» оны дүкенге апарады.
Әдістемелік төлқұжат
Сюжеттік-рөлдік ойынның атауы: «Кір жуу»
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Мақсаты: Ойында қызығушылықты дамыту. Балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру. Балаларды кір жуушының еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, таза киімге ұқыпты қарау-оның еңбегінің қорытындысы.
Жас ерекшелігі:Естиярлар тобына арналған.
Керекті құралдар: ванналар, құрылыс материалдары, қуыршақтардың киімдері, қуыршақтар.
Әдістемелік нұсқау:Кірлеген киімді жуу. Ұстаз «мама» кіржууға басшылық етеді: қай киімді бірінші жуу, киімді қалай шаю, киімді қайда ілу, қалай үтіктеу. Мұғалім келіспеушілік және балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру үшін ойында рөлдерді дұрыс қолдануы тиіс. Балаларды «кір жуушы» рөлі қызықтырады, себебі оларға «кір жуу қызық», әсіресе кіржуғыш машинада. Келіспеушілікті болдырмау үшін, мұғалім оларға екі ауысымда жұмыс істеуді ұсынады.
1319530-3175
Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім басқарудың негізінен жанама тәсілдерін пайдалануы қажет: балалардың білімдерін ойынның туындаған тақырыбына байланысты байыту. Естияр тобындағы балаларда түрлі тақырыпта бірнеше ойын бір уақытта пайда болады. Бұл жағдайда мұғалім алдымен бір-екі ойынға арналған білімдерін кеңейтуге көмектесіп, бірте-бірте басқа ойындардың мазмұнын тереңдетуге көшеді.
Мұғалім балалардың ортақ ойындарды ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру үшін сан алуан тәсілдерді пайдалануы қажет. балалардың ойындарына қызығушылық танытып, топшаларға сұрақтар қоя отыра мұғалім бірте-бірте балаларды ойынның тақырыбымен мазмұнын ойластыруға, келісуге, рөлдерді бөлісуге үйретеді. Бұнда мұғалім балалармен ойынның мазмұны, ондағы рөлдердің бөлісуі туралы қысқаша әңгіме жүргізеді және балаларға рөлдерді әділетті бөлісуге көмектеседі, балалардың назарын ойыншықтардың құрыс терілгендігіне аударады т.б.
Бес жастағы балаларға ортақ ойынды құру үшін екі не одан көп топшаларды қосуға көмектесуге болады.
Естияр тобында мұғалім ойынға белгілі бір рөл алып қатысуына болады. Алайда бұл жағдайда ол басты рөлді емес, қосалқысын таңдайды, бұл ойынды бағыттап немесе балаларға қиындықтар туындаған кезде көмек көрсету мақсатымен істелінеді. Мысалы: жолда пойыз (вагон) сынады да балалар саяхаттың орнына пойызды жөндей бастайды. Мұғалім механик рөліне кіріп, сынықты тез жөндейді. Ойын ары қарай жалғастырылады.Әдістемелік төлқұжат
Сюжеттік-рөлдік ойынның атауы:
«Бөгетсалу»
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Мақсаты:Ойында қызығушылықты дамыту. Балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру. Балаларды құрылыс еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі:Естиярлар тобына арналған.
Керекті құралдар: Әр түрлі көлік түрлері, бағдаршам, құрылыс заттары, қуыршақтар.
Әдістемелікнұсқау:Ойын басталмастан бұрын тәрбиеші балаларды бөгет ұғымымен таныстырады, суретін көрсетеді, бөгеттің маңыздылығын айтады. Бөгетке саяхат ұйымдастырады.
19519902969260Ойын тәрбиешінің серуенде балалардың жерде ағып жатқан бұлаққа назарын аударудан және Бөгет құрастыруды ұсынудан басталады. Балалар әрқайсысы жүк көлігінен алады және құм алуға барады. Жүк көлігіне салады және оны ағып жатқан бұлақтың қасына тасиды. Тәрбиешінің басшылығымен- бөгет жасайды, бұлақты қоршаулайды. Су тесікті шайып өтеді, оны қайтадан құммен жабады, бөгетті биік жасайды. Ұстаз бөгетті кеңейтуді ұсынады, одан машина жүру үшін, жаңадан құм әкелінеді. Әр бала өзінің жүк көлігімен әкеледі, арасында бір-біріне көмектеседі, себебі тезірек бітіру үшін, әйтпесе құм шайып кетеді. Тәрбиеші балалардың дос болып, ұрыспай ойнағанын қарайды. Келесі ойын өткізуді ұстаз балалардың өзіне тапсырады.
Әдістемелік төлқұжат
Сюжеттік-рөлдік ойынның атауы: «Автобус».
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Мақсаты: Жүргізуші мен кондуктордың еңбегі туралы ойлары мен білімдерін бекіту, оның негізінде балалар сюжеттік, шығармашылық ойынды дамыта алады. Ойында қызығушылықты дамыту. Балалардың арасындағы қатынасты оң қалыптастыру. Балаларды жүргізуші мен кондуктордың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі:Естиярлар тобына арналған.
Керекті құралдар: құрылыс материалдары, автобус ойыншығы, фуражка, жезл, қуыршақтар, ақша, билеттер, кондукторға сөмке.
Әдістемелік көрсетілім: Ойын үшін тәрбиеші орындықтарды жылжытып, автобустағыдай орындықтар қойып автобус жасайды. Барлығын құрылыс жинағындағы кірпіштер мен алдыңғы және артқы жағынан жолаушылардың кіретін есіктерін қалдырып қоршауға болады. Автобустың соңына тәрбиеші кондукторға орын жасайды, ал алдына-жүргізушіге. Жүргізушінің алдында-рөл болады, ол құрылыс жинағындағы цилиндрлі ағашқа орналастырылады, немесе орындықтың арқасына. Балаларға ойын үшін әмияндар, ақша, сөмкелер, қуыршақтартаратылады. Жүргізушіге өз орнына баруды сұрап, кондуктор автобусқа жолаушыларға кіруді сыпайы түрде айтады және отыруларын өтінеді.
41275023495
Ересектер тобындағы сюжеттік-рөлдік ойындар
Мектепке дейінгі ересек жасындағы балаларда ұжымдық ойындардың пайда болуы оның тақырыбы мен мазмұны, құрылымының жедел түрде дамуы мен өзгеруіне мүмкіндік береді. Ойынның мазмұны да дамиды. Ересек жасындағы балалар ойындарында әрекеттермен қатар алуан түрлі қоғамдық қатынастар мен әрекеттер көріне бастайды. Анасы қызына қамқорлық көрсетеді, онымен болмай, ол қызын тамақтандырып, жуындырып, киіндіріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелейді, кітаптар оқиды, дәрігерге апарады. Дәрігер өз алдына тек егу жасап, өлшеуіш қана қоймай, сонымен қатар ауруды жала лебзбен қарсы алып, оны сабырлыққа шақырады. Мектепке дейінгі ересек жасындағы балалардың ойындары негізінен балалардың қоршаған ортамен тікелей қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде алынатын әсерлермен бірге жүреді. Бірте-бірте ересек жасындағы балалар ойындарында көбінесе жанамаланған тәжірибе көрініс ала бастайды: кітаптардан алынған білім, үлкендердің әңгімелері. Тікелей тәжірибенің сипаты да өзгереді.
Ойын тақырыптарының кеңеюі, мазмұнының тереңдетілуі ойын формасы мен құрылымын өзгеруіне де әкеп соғады. Ойын мазмұнының дамуымен қатар оның құрылымында даярлық кезең ерекшеленеді.
Даярлық кезеңінде балалар ойын тақырыбы туралы келісіп, кей кезде рөлдерді бөледі. Одан кейін балалар ойын сюжеті дамуының ортақ бағытына қарай жүреді. Бұл – қарапайым жоспарлау. Бұнда ойын мазмұнының толықтай ашылады да, ойында дұрыс қарым-қатынас орнатылады. Келісіп ойнауға деген қажеттілік ойынның дамуына байланысты пайда болады. балалардың өмірлік әерлерінің байлығы, олардың ойындарындағы көрініс тапқан жағдайлардың көпқырлығы алдын ала келісуді талап етеді. Балалар ойнаған рөлдеріне талаптар да қоя бастайды. Келісу кезінде балалар ойнаушылардың қызығушылығына қарай рөлдердің бөлінуін де талқылауы мүмкін. Келісу орасан зор ұйымдастырушылық қабілетті, бір-бірінің мүмкіндіктерін есепке алуды талап етеді, сондықтан әрдайым бірге ойнайтын балаларға бұл жерде оңайырақ болады.
Жас үлкейген сайын ойыншылардың саны да үлкейеді. Ересек балалардың ойындарында – 3-7 не одан да көбірек. Ойынның дамуына балалардың ойыншықпен әрекет жасауы да әсер етеді. Балалардың жасы үлкейген сайын олар ойыншықтың ойын мағынасына сай келетіндей талаптар қоя бастайды. Мектеп алдындағы бала заттың үлгісіне жақын болатын неғұрлым күрделі ойыншықты таңдайды.
Осылайша, мектепке дейінгі ересек жасындағы балаларда ұжымдық ойындардың пайда болуы оның тақырыбы мен мазмұны, құрылымының жедел түрде дамуы мен өзгеруіне мүмкіндік береді, себебі ол оның бастауларының кеңеюімен шартталған.
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТ
Сюжеттік-рөлдіойынның атауы: «Дәріхана»
Білім беру аумағы: «Таным», «Әлеуметтік орта»
37909504945380Мақсаты: Дәріхана жұмысшыларының кәсіптері туралы білімдерді кеңейту: фармацевт дәрілерді дайындайды, сатушы-кассир оларды сатады, дәріхананың бастығы керекті өсімдіктер мен басқа да препараттарға тапсырыс береді, балалардың сөздік қорларын кеңейту: «дәрілік препараттар», «фармацевт», «тапсырыс», «дәрілік өсімдіктер».
Жас ерекшелігі: мектепке дейінгі ересек жас
Ойыншылар саны: 4-5 бала
Құрал-жабдықтар: дәріхананың ойыншық құралдары.
Әдістемелік нұсқаулар: дәріханада қай мамандық адамдары жұмыс істейтіні, немен айналысатыны туралы әңгіме жүргізіледі. Жаңа рөлмен – дәріхана бастығымен танысамыз. Ол дәрілік өсімдіктерді қабылдап, оларды фармацевтерге дәрілік препараттарды дайындау үшін береді. Бастық дәріхана жұмысшылары мен сатып алушыларға қиын жағдайлар кезінде көмектеседі. Дәрілер тек қана дәріқағаздар бойынша беріледі. Балалар рөлдерді өз бетімен, талаптары бойынша бөлінеді.
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТ
Сюжеттік-рөлдіойынның атауы: «Үй құрылысы»
Білім беру аумағы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Мақсаты: балаларды құрылыс мамандықтарымен таныстыру, құрылысшылардың еңбегін жеңілдететін техниканың маңыздылығына назарларын аударту, балаларды күрделі емес ғимаратты салуға үйрету, құрылысшылар еңбегінің ерекшеліктері туралы білімдерді кеңейту, балалардың сөздік қорларын кеңейту: «құрылыс», «тас қалаушы», «көтеру краны», «құрылысшы», «кран жұмысшысы», «құрылыс материалы».
Жас ерекшелігі: мектепке дейінгі ересек жас
Ойыншылар саны: 4-5 бала
41503604437380Құрал-жабдықтар: құрылыс материалы, көліктер, көтеру краны, құрылысты ойнауға арналған ойыншықтар, құрылыс мамандықтары бейнеленген суреттер.
Әдістемелік нұсқаулар: мұғалім балаларды үлкен үй салуға шақырады. Балалар құрылыс алаңында жұмыс істейтін мамандарды естеріне түсіреді. Олар құрылысшылар бейнеленген суреттерді қарастырып, олардың міндеттері туралы баяндайды. Бұдан соң балалар үй құрылысы туралы келіседі. Балалар арасында рөлдер бөлінеді: біреулері – құрпылысшылар, олар үй салады, екіншілері – жүргізушілер, олар құрылыс материалын құрылыс алаңына әкеледі, ал балалардың біреуі – кран көтеруші. Құрылыс барысында балалар арасындағы қарым-қатынасқа назар аудару қажет. Үй дайын болса оған жаңа тұрғындардың кіре берулеріне болады. Балалар өз бетімен ойнайды.
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТ
Сюжеттік-рөлді ойынның атауы: «Отбасы»
Білім беру аумағы: Таным, Әлеуметтік орта, Шығармашылық
Мақсаты: шаруашылықты ұжымдық түрде жүргізу, отбасы бюджеті туралы, отбасы қарым-қатынастары, отбасы мейрамдары туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелеріне жақсы, қамқорлық қатынасты тәрбиелеу, олардың қызметіне қызығушылықты тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: мектепке дейінгі ересек жас
Ойыншылар саны: 6-7 бала
Құрал-жабдықтар: отбасы ойнын ойнауға қажетті барлық ойыншықтар: қуыршақтар, жиһаз, ыдыс-аяқ, киімдер т.б.
31851607094220Әдістемелік нұсқаулар: мұғалім балаларды отбасы ойнын ойнауға шақырады. Рөлдер таңдау бойынша бөлінеді. Отбасы өте үлкен, ал апаның туған күні алдыда. Барлықтары мейрамды жасау үшін жүгіріп жүр. Отбасы мүшелерінің кейбіреулері азық-түлік сатып алып жүрсе, басқалары дастарқанды дайындап, үстел үстін жабдықтап, үшіншілері ойын-сауық бағдарламасын дайындап жатыр. Ойын барысында балалар арасындағы өзара қарым-қатынастарға бақылау жүргізіп, керек кезде көмек көрсету қажет.
40309802316480
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТ
Сюжеттік-рөлді ойынның атауы:
«Жер шарына саяхат»
Білім беру аумағы: Таным, Әлеуметтік орта
Мақсаты: балалардың көзқарасын кеңейту, жер шарының түптері мен түрлі мемлекеттер туралы білімдерді бекіту, саяхаттауға деген талапты тәрбиелеу, балалардың сөздік қорларын кеңейту: «капитан», «жер шарын айналу», «Азия», «Үндістан», «Еуропа», «Тынық мұхиты».
Жас ерекшелігі: мектепке дейінгі ересек жас
Ойыншылар саны: 6-7 бала
Құрал-жабдықтар: құрылыс материалынан жасалынған кеме, штурвал, бинокль, жер шарының картасы.
38138105699760Әдістемелік нұсқаулар: мұғалім балаларды кемеге отырып жер шарына саяхат жасауға шақырады. Өздерінің таңдаулары бойынша балалар Капитанды, Радисті, Матросты, Мичманды сайлайды. Бұл адамдар кемеде не істейтіні туралы білімдерді бекітеміз – олардың құқытары мен міндеттерін. Кеме Африканы, Үндістанды, басқа да мемлекеттер мен континенттерді айналып өтеді. Су жұмысшылары кеме мұз айдынымен соқтығысып қалмауы үшін, боранды жеңу үшін ұқыпты басқарулары қажет. Тек қана біріккен жұмыс пен достық бұл сынақтан өткізуге көмектеседі.
-4686307551420
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТ
Сюжеттік-рөлдіойынның атауы:
«Тігін шеберханасы»
Білім беру аумағы: Қатынас, Таным, Әлеуметтік орта
Мақсаты: Тігін шеберханасындағы жұмыс туралы балалардың білімін кеңейту мен бекіту
Міндеттер: балалардың тігін шеберханасы туралы білімдерін бекіту және дамыту, әрбір киімді даярлау үшін орасан зор еңбек қажет екені туралы бастапқы түсінікті қалыптастыру, қоғамдық жерлердегі тәртіп дағдыларын бекіту, көрсетілген көмек үшін рахымдылық білдіру, балалар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту және бекіту.
33756602880360Жас ерекшелігі: мектепке дейінгі ересек жас.
Ойыншылар саны: 7-8 бала
Өткізу орны: ойын бөлмесі 4657090-2607310
Құрал-жабдықтар: құрылыс материалы, түрлі-түсті қағаздар, картон, сызғыш, сантиметр, қайшы, сөмкелер, қойын дәптерлер, айна, заттар-айыстырғыштар.
Рөлдер: қабылдаушы, киім пішуші, тігіншілер, тапсырыс беруші, сурет салушы, тігін шеберханасын басқарушы.
Әдістемелік нұсқаулар: тәрбиеші балаларды тігін шеберханасын ойнауға шақырады. Балалар тігін шеберханасына барады. Көрмеде киім үлгілері қойылған. Үстел үстінде қарындаш, қайшылар, сантимерт, қойын дәптер, айна жатыр. Үстел жанында қабылдаушы әйел отырады. Ол фасонды таңдайды, бұдан кейін тапсырыс береді: тапсырыс берушінің атын жазып алады, матаны өлшейді, тапсырысты жазады, баланың өлшемдерін жазып алады. Түбіртекті 2 мәрте толтырып, біреуін тапсырыс берушіге беріп, екіншісін матаға бекітіп қояды, келесі күні киіп көруге ұсынады. Киім пішуші үлгінің котурларын сызып, киімді қиып, тапсырыс берушіге кигізеді. Айнаға қарап ұнайтынын сұрайды. Келесі күні тапсырыс берушілер дайын тапсырыспен келеді. Киім пішуші клиентке жаңа көйлекті киіп көруге ұсынады. Тапсырыс беруші тапсырысты төлейді, түбіртекті қолына береді. Қабылдаушы тапсырысты сөреден алып, клиентке тапсырады.