Айналаны ?орша?ан ортамен таныстыру. Экология


Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Айналаны қоршаған ортамен таныстыру. ЭкологияТақырыбы: Менің елімнің рәміздері
Мақсаты: Балаларды еліміздің басты рәміздері – әнұран, ту, елтаңбамен таныстыру, балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, оларды құрметтеу керектігі туралы түсінік беру.
Балалардың бойында мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның әсемдігіне мақтаныш, таңдану сезімін туғызу. Еліміздің қуаттылығына құрметпен қарау, Отанды сүю, өз елі үшін мақтана білу дағдыларын тәрбиелеу.
Алдын – ала істелетін жұмыс: Рәміздер бұрышына топсеруен жасау, жәдігерлерді қарап көру.Балалармен әңгімелесу. Отан туралы мақалдарды жаттату..
Көрнекілік: Әнұран, Ту, Елтаңба суреттері.
Іс – әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық. Тәрбиеші балалармен аманасады.Сыныпты түгендейді. Оқу – құралдарын тексереді.
Шаттық шеңберін тұрады.
Бақыт деген –
Осы шаттық шеңбері.
Қол ұстасып
Тұрайықшы, кел бері.
Бақыт деген –
Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін адал жүрек сендегі. Қол ұстасып шеңберге тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиеші балаларға Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып береді.
Үлкен өзен, көлдері,
Үлкен орман, шөлдері,
Бұл – қазақтың даласы,
Ата – баба туған жер.
(Е. Өтетілеуов)
- Біздің Отанымыз – үлкен де әсем ел, оның даңқты тарихы бар, біз оны мақтаныш етуіміз керек.
- Бір мемлекетті екінші мемлекеттен кандай белгісі арқылы ажыратуға болады?
- Ия, дұрыс балалар! Әмемлекеттің өз рәміздері болады. Мемлекеттік рәміздермен таныстырады, ту мен елтаңбадағы бейнелердің мағынасын түсіндіреді.
«Рәміздерді таны» ойыны.
Балаларға 2 – 3 мемлекеттің рәміздерінің ішінен өз Отанымыздың рәміздерін табуға тапсырма береді. Өлеңді зейін қойып тыңдайды.
Сұрақтарға ойланып жауап береді.
Рәміздері арқылы.
Тыңдап, естеріне сақтайды.
Үлестірме материалмен жұмыс істейді, өз елінің рәміздерін тыңдайды, оларды атап береді.
Рефлексивті - түзетушілік Пысықтауға арналған сұрақтар қояды.
Біздің елдің рәміздерін атаңдар.
Туда не бейнеленген?
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұран деген не?
Оны қалай тыңдау керек?
Сендер – Қазақстанның кішкентай азаматысыңдар.Егер достарың мен жақыңдарыңды сүйетін болсаңдар, сендер елімізді күшті және уатты елге айналдыра аласыңдар. Қане, бір – бірімізге күлімсірей қарап, салтанатты түрде: «Достығымыз зор болса – Отанымыз мықты болады!» деп айтайық. Сұрақтарға жауап береді
Тыңдап, естеріне сақтайды.
Бәрі бірге айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Мемлекеттік әнұранды дұрыс тыңдауды, сұрақтарға толық жауап береді.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, оларды құрметтеу туралы түсінікті.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қазақстанның елтаңбасын, туын тануды, әнұранды айта алуды. Отан туралы мақалдарды жатқа білуді.