Сыныптан тыс ж?мыс «Айналаны ?орша?ан д?ние»


Сабақтың тақырыбы: «Айналаны қоршаған дүние»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қоршаған орта жайлы түсініктерін қалыптастыру, бізге қаншалықты қажет екенін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға , оның шаруашылығымен таныстырып, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек қорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,пікірталас, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Күн, жер, су, өсімдіктердің, жануарлардың суреттер.
Пән аралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
ІІІ. Сергіту сәті
ІV.Оқулықпен жұмыс
Ү. Дәптермен жұмыс
ҮІ Шығармашылық тапсырма
VІІ. Қорытынды
VІІІ.Үйге тапсырма
ІХ.Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
- Сендер айналаңа қара сынып ішінен не көріп түрсың? Аттарын ата. Бұлар не? Бұлардың бәрі заттар оны адам жасаған дұрыс айтасыңдар.
Енді терезенің сыртына қара, не көріп түрғандарыңды айтыңдар. Аспанды, құстарды, өсімдіктерді, шөптерді т.б ал бұлар табиғи заттар.
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар және сендер терезенің сыртына қарағанда аспанды, жерді, шөптерді, адам, өсімдіктерді, жануарларды көрдіңдер яғни табиғи заттарды. Сендер мектептен үйге бара жатқан жолда күн сайын табиғи заттарын және адам жасаған заттарды көресің.
Күн, ауа, жер, су, адам, өсімдіктер, жануарлар бұл табиғат.
Айналадағы табтғат және адам жасаған заттар бұл сені қоршаған дүние.
ІІІ. Сергітусәті.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Азамат бол білімді,
Қанат жайып ұш!
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып беру, сұрақтарға жауап беру.
V.Дәптермен жұмыс.
Өзіңді қоршаған дүние заттарының суретін сал
ҮІ.Шығармашылық жұмыс.
Сол суреттерің бойынша әңгіме құрастыр
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Қоршаған дүние деген не?
Өз үйіңнің маңайында кездесетін табиғат заттарын ата.
VІІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.
ІХ. Бағалау.