Айналаны ?орша?ан орта Нан — ел байлы?ы
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Айналаны қоршаған орта.
Тақырыбы: Нан – ел байлығы.
Мақсаты: Диханшылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет екенін әңгімелеу. Өсімдікке өсіп өну үшін ауа, су, жарық жылу қажет екенін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, тыңдау, әңгімелеу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалардың назарын
тәрбиешіге аудару.
Іздену ұйымдастырушы Ә. Ахметовтің нан туралы өлеңін оқиды мазмұнын түсіндіреді.
Нанның дастарханға қайдан келу жолын әңгімелеу.
Нан туралы мақал-мәтелдер айту.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгімелеу. Тыйым сөздерді оқып, олардың тәрбиелік мағынасын түсіндіру. Нанның келу жолын сурет арқылы көрсету.
Тыңдап, сұрақтар қояды.
Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.
Рефлексті коррекциялау Қорытынды.
-Нан дастарханға қалай келеді?
-Нанды не үшін қастерлеу керек?
-Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер? Білуі керек: Нанның дастарханға келу жолын білу. Диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.
Болуы керек: Нан туралы мәліметтер.
Баланың қолынан келуі: Суретке қарап әңгіме құрау.