Презентация ?ыс ?ызы?ы.Айналаны ?орша?ан орта


Сабақ: Қоршаған ортамен таныстыруТақырыбы: Қыс қызығыМақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру, қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға баулу.Қыс айының кереметтерін түйсіндіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Табиғат көрінісін сипаттап,қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.Өзара сыйласымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу І.Ұйымдастыру/Шаттық шеңбері/Білгір қазақ баласы ,Сәлем сөздің анасы.Тобымызға кеп отырған,Қонақтарға қарашы,Бәріне де ізетпенБіздер сәлем береміз,Сәлеметсіздер ме? СТО технологиясы бойынша топқа бөлу:Ортаға қыста ойналатын ойын заттары шана, шаңғы, конькидің суреттері қойылады.Балалар өздері ұнатқан,қалаған заттардың суреттерін таңдап алып, сол бойынша топқабөлініп отырады. СырғанақҚар жамылды күллі алап,Жүрмедік біз құр қарап.Бір топ бала бірлесіп,Жасап алдық сырғанақЕ.ЕлубайІІ.Жаңа сабақ Аяз беттен өбеді,Ай барады жылыстап.Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстапБұл қай мезгіл екенінКім біледі, қане, тап! ІІІ.Ой бөлісу:1. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?2.Қыста адамдар қалай киінеді?3. Қыс мезгілі қызықты деп неге айтамыз? “Қыс қызығы”Сурет бойынша әңгіме Сергіту сетіҚыс қызығын тойлаймыз,Суықтан еш тоңбаймызШаңғыменен сырғанап,Қар атысып ойнаймызАққалада жасаймыз,Қарды ойып қашаймызБеті, қолды уқалапҚуанышқа батамыз. Ойын: Кім жылдам?Әр топ өздері таңдаған суреттеігі қысқы ойынға қажетті затты тауып,бояу керек. Үйге тапсырма:“Қыс қызығы ”деп аталатын суретті бояп,“Сырғанақ” өлеңін жаттап келемізСырғанақҚар жамылды күллі алап,Жүрмедік біз құр қарап.Бір топ бала бірлесіп,Жасап алдық сырғанақ Суретті боя! Қортындылау:Сабақ ұнады ма?Қыс мезгілін ұнатасыңдар ма?Қыс кезінде қандай ойын түрлерінОйнауға болады екен? ЖАРАЙСЫҢДАР!Таза ауа жұтып, дем алайық!