Урок по казахскому языку на тему «?аза?станны? к?рікті жерлері»


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті жерлері
Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренеді
Сабақтың міндеттері:
1 мәтіннің мазмұнымен танысады, жаңа сөздерді меңгереді
2 шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылады; мәтінді қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге дағдыланады
3 Топпен жұмыс істеу барысында ұйымшылдыққа үйренеді
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясының әдістері, диалогтық , топтық
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Пәнаралық байланыс: география ,тарих
Сабақтың барысы:
І Қызығушылығын ояту 3-минут
Фонетикалық жаттығу
Ә,і,ө,ұ,ү,қ,ғ,ң,һ
Қазақ тіліне тән дыбыстарға І топ сөз айтады.ІІ топ сол сөзге сөйлем құрайды.
Ә-Әке - менің әкем құрлыста жұмыс істейді.
Ө – өрік- Өрік- өте тәтті жеміс.
Қ- қала-Жазғы демалыста отбасыммен қалаға бардық.
І – іні- Менің інім екінші сыныпта оқиды.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 5-минут
Берілген күшейткіш үстеулермен сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
Аса, ең, өте
күшейткіш үстеу+ сын есім+ зат есім
Аса+Аса қымбат+Аса қымбат сыйлық
Ең+ ең қалың+ ең қалың кітап
Өте + өте таза+ өте таза көше
Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
Заттың сынының бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады
ІІІ Мағынаны тану 10-минут
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстанның көрікті жерлері» Бүгінгі сабақта сендер тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысасыңдар. Бізді қоршаған табиғат туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренесіңдер. Біздің бүгінгі сабағымызда біз Қазақстанның әдемі жерлеріне саяхатқа шығамыз. Ал қазір сабағымызда кездесетін жаңа сөздермен танысып алайық.
Сөздікпен жұмыс Сөз тіркесін ,сөйлем құрау.
Ортаңғы бөлігінде- в середине
Мақтаныш-гордость
Күрделі- сложный
Ұқыпты- бережливый
Кейінгі ұрпақ- грядущие поколения
Мәтінмен жұмыс
Қазақстан Республикасы – Еуразияның дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Қазақстан жері кең байтақ. Оның өте әдемі жерлері көп. Олар - Көкшетау,Алатау бөктерлері, Шарын шатқалы және Балқаш көлі. Бұл жерлер- қазақ халқының мақтанышы.Шет елден келген қонақтарға осы жерлерді көрсетеді. Көрікті жерлерде көк аспанмен таласқан әсем таулар, тап– таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар,сан алуан өсімдіктер бар. Қазіргі кезде барша қазақстандықтардың алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау , оның байлығын ұқыпты пайдаланып , кейінгі ұрпаққа қалдыру .
Мәтінді оқып беру
Оқушылардан не туралы деп сұрау
Оқушыларға оқытып, аударту
Мәтінге екі топ сұрақтар қойып, жауап алмасады.
Қазақстан қайда орналасқан?
Оның жері қандай?
Көрікті жерлерін ата
Шет елден келеген қонақтарға не көрсетеді?
Қазақстан жерлерінде нелер бар?
Қазақстандықтардың алдында қандай күрделі мәселе тұр?
3-тапсырма Мәтіннен сын есімнің күшейтпелі шырайын табыңдар. Әр топ тапқан сөздерге 2 сөйлем құрайды. Бір сөзге фонетикалық талдау жасайды.
І топ Өте әдемі Қазақстан табиғаты өте әдемі. Менің өте әдемі мысығым бар
ІІ топ тап-таза Біздің ауылда тап-таза бұлақ бар. Асан үнемі тап-таза болып жүреді.
І топ
Әдемі -5 дыбыс, 5 әріп, 3 буын ә-де-мі
Ә- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Д-дауыссыз,ұяң
Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
М- дауысыз, үнді
І- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
ІІ топ
Бұлақ - 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын бұ-лақ
Б-дауысыз, ұяң
Ұ-дауысты, жуан, қысаң, еріндік
Л-дауыссыз,үнді
А-дауысты, жуан, ашық, езулік
Қ-дауыссыз, қатаң
Сергіту сәті
І топ Мына сөздерді топтастырып қалай атауға болады?
Шеше, әке, бала, қыз
Ит, ат, сиыр, қой 
Қоян, қасқыр, қалам, қала 
Мойын, іш, құлақ, арқа 
Балапан, үйрек, қаз, тауық 
Өшіргіш, сызғыш, қарындаш, дәптер
ІІ топ 5 артықты тап
Ат, қасқыр, қой, қозы 
Құлақ, тон, саусақ, мұрын
Жүзім , алмұрт,алма, карындаш 
Қылқалам, бояу, шұжық, өшіргіш
Көйлек, шалбар, қол, жейде
Есік, кітап, терезе, еден
Терме диктант Біздің бүгінгі сабағымыз ана тілі апталығы бойынша өтіп жатыр. Сендер өз ана тілідеріңді жақсы білесіңдер. Қазақ тілі мемлекеттік тіліміз сондықтан да оны да сендер жақсы білулерің керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тіліне аса көп көңіл бөлінген. Осы Жолдауды барлығымыз біліп жүруге тиіспіз. Ендеше диктант ретінде қазақ тілі туралы Жолдаудан үзіндіні дәптерге жазып алаыңдар.
Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.
Білім тексеру Тест
Тест І нұсқа
Мақалды толықтыр «... –тал бесік»
А) Аспан
В) жер
С) Су
Д) Табиғат
2. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
А) Азия
В) Еуропа
С) Еуразия
Д) Африка
3. Алматы қаласы қай таудың баурайында орналасқан?
А) Алатау
В) Қаратау
С) Алтай
Д) Көкшетау
4. «Қазақстан -2050» стратегиясы қашан жарияланды?
А) 14.12.2012
В) 01.12.1991
С) 25.10.2012
Д) 14.01.2013
5. Сын есімнің күшейтпелі шырайын тап
А) Ең қызық
В) Үлкендеу
С) Кішілеу
Д) Сарылау
Тест ІІ нұсқа
Мақалды толықтыр «Жері байдың -... »
А) елі бай
В) алтын бесік
С) жер ырысы
Д) жұмсақ
2. Қазақстандықтардың мақтанышы не?
А) Қалалары
В) Ауасы
С) Көрікті жерлері
Д) Үйлері
3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
А) Теріс
В) Есіл
С) Сырдария
Д) Іле
4. «Ана тілі» күні қашан аталып өтеді?
А) 22 қыркүйекте
В) 1 желтоқсанда
С) 22 наурызда
Д) 21 ақпанда
5. Сын есімнің күшейтпелі шырайын тап
А) көкшіл
В) қызыл
С) сап-сары
Д) Сарылау
Интерактивті тақтадан екі топқа 5 сұрақтан тест жұмысы
Қазір сендер Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхатқа шығасыңдар. Ол үшін бізге интернет желісі қажет .
Әр топтан алдарындағы ноутбуктен интернет арқылы Қазақстанның көрікті жерлері туралы іздейді.
І топ Шарын шатқалына ІІ топ Көкшетау жерлеріне саяхатқа шығады. Өздері болған жерлер туралы шағын шығарма жазады. Топ ішінде оқып ең жақсы деген шығарманы «Автор орындығында» оқиды.
Үйге тапсырма Қазақстанның көрікті жерлері туралы қоысша деректер жинау
5-тапсырма
Бағалау