Конспект урока по самопознание Ма?тану ма?танша?ты? емес


Мектеп: Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп.
Күні: 07.03.2015ж
№:
Тақырыбы: мақтану – мақтаншақтық емес
Құндылық: ақиқат
Қасиет: шындық айту, кішіпейілділік, тек жақсы және қажет заттарды айту
Мұғалім: Ахатова Л.М.
Сынып: 3
Оқушылар саны: 16
Сабақтың мақсаты:
балалардың «ақиқат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Адами қасиетін және жалған сөйлемеуге үйрету
Бойындағы жақсы қасиеттерін алға тартып, мақтанудан, тәкаппарлықтан алыс болуға тәрбиелеу
Шындықты айту, кішіпейілділікке дағдыландыру Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі өзін-өзі тану сабағына құралдарымыз түгел ме?
Тыныштық сәті.
Орнымызға отырайық қозғалмай. Екі қолымыз тізеге қояйық. Көзімізді жұмайық.
Релаксациялық әуен ойнайды
«Нұрға бөлену»
Елестетейік: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, өткен сабақтағы әңгімені еске түсірейік.
Онда астарлап не туралы айтылған?
Қандай дәйексөзбен таныстыңдар?
Ол қандай мағына береді? Дәйексөз.
Тақтада дәйексөз жазылып тұрады. А. Құнанбаевтың сөзі: «бес нәрседен қашық бол»
Балалар, бұл кімнің сөзі?
Өлеңнің осы жерін кім айтып береді?
Қандай мағына береді деп ойлайсыңдар?
Дәйексөздің мәнін ашып, жаттатқызу. Дәптерге жаздыру. Әңгімелеу.
Баяғыда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен. Бірде інісі ағасына: – Көк мұрын аға-аяз, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп.– Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды оны екінші аяз. – Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар.Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді. Қызыл мұрын аяз: – Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды.  – Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі.Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:– Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды.– Иә, – дейді көк мұрын аяз.– Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.Ағасы мақтанып:– Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді .
Бұл әңгіме не жайында айтылған?
Сендер осылай айтасыңдар ма? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін дамыту мақсатыңда тапсырма беріледі. Оқушыларға «Алтын қарбыз» мультфилімін көрсету.
Ойын
Балалар алдарындағы кез келген бір затқа жарнама жасайды.
Дәптермен жұмыс жасалады.
Топпен ән айту.
Оқушыларға әннің сөздері жазылған парақ таратып, «Қуанышым қазнам.» әнін бірге, хормен шырқаймыз.
Қуанышым қазынам
Мені армансыз деп пе едің,
Жердей емес көктеймін.
Көзімді ашып көргенім,
Аузымды ашып өткенім.
Қ-сы
Қуанышым қазынам
Қабағыңнан наз ұғам.
Таратайын халқыма,
Өзің жайлы жазып ән.
Қиял құстай самғайды,
Білесің ғой мән-жайды.
Көрсем көзім талмайды,
Сүйсем құмар қанбайды.
Қ-сы
Үй тапсырмасы.
Балалар, бүгінгі тақтада жазылған дәйексөзді келесі сабаққа жаттап, мазмұнын айтып бересіңдер. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу ән қосылады.
Көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткендерімізді еске түсірейік. Ешқашан өтірік айтпауға, алдамауға, тәкаппар болудан аулақ болыңдар.
Енді көзімізді ашайық.
Осымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.