Біз осындай баламыз (2класс)
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Тақырып:Біз осындай баламыз!
Құндылық: дұрыс әрекетҚасиеттері: әділдік, мейірімділік, ақылдылық, білімділік.
Класс:2
Сабақ мақсаты: "Өзін-өзі тану" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1. 2-сыныпқа арналған "өзін-өзі тану" пәнінің мазмұнымен таныстыру.
2.Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру
3.Ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.
Сабақ барысы:
1.Алғашқы ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.
Тыныс алуАяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.
Сұрақ:
1) Өзіңді қалай сезіндің?
2) Қандай жағымды әсерде болдың?
3.Үй тапсырмасын тексеру Сабақ барысын талдау:
4. Мәтінмен жұмыс. Балапан мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру
Өзара қарым-қатынас
5.Ойын."Мен қалай өзгердім" Оқушылар айнаға қарап тұрып бір жыл ішінде қандай өзгерістер болғанын айтады 6.Шығармашылық жұмыс
""Біз осылай өсеміз" тақырыбына әңгіме құрастыру
7.Дәптермен жұмыс.
Соңғы тыныштық сәтi. Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.