Біз осындай баламыз 2 сынып 
Сабақтың тақырыбы:    Біз осындай баламыз        
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
-2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
-ізгілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.
Көрнекі  құралдар: үнтаспа,сюжетті суреттер.
Шаттық шеңбері
-Қош келдіңдер, балалар!Міне жазғы  демалысымызда аяқталып,жаңа оқу жылы басталды.Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар.Ер жетіп,ақылдарыңа ақыл қосылды.Сендерді алда қызығы мен шаттығына,жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану»сабақтары күтіп тұр.Олсабақтарда  өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар,сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып,адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер.Табиғат перзенті,Отан ұланы екндеріңді мақтан тұтасыңдар.
Сабақтың жақсы көңіл-күймен басталуы үшін,оқушыларға шеңбер айналасында  көңілді ән айту ұсынылады:
                                        Жас дәуірдің түлегіміз    
Сөзі:Е.Өтетілеуов                                             Әні:И.Нүсіпбаев  
Бау,бақша,белдер,                                  Көңілді ауыл,қаламыз.
Орман,тау,көлдер-                                 Қайырмасы:              
Көрікті шексіз даламыз.                        Жадырап күндей,
Дәулеті тасқан,                                        Жайнаған гүлдей-
Сәулеті асқан-                                          Бақытты біздер баламыз!(2 рет)
Өзіміз туған,                                             Жалықпай оқып,
Көбелек қуған-                                        Көңілге тоқып-
Өлкеде өсіп,толамыз.                      Білімді аджам боламыз.
Тапсырма       Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым»тақырыбына әңгіме құрастыру.
Әңгімелесу     Оқушылардың ,өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.
Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
Өзіңе,өзгеге,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Жаңа ақпарат       Оқушылар оқулықтан «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық,достық,бақыт,білім сияқты құндылықтармен танысады» деген жаңа ақпаратты оқу.
Мәтінмен жұмыс    Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлең оқылады. «Мен қандаймын?», «Жақсы болу- өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы  ойларды айқындай түсу үшін сұрақ қоюға болады.    
                                       Өзіңді тану.    Ө.Ақыпбеков
Тапсырма          Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан  үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді.
Дәптермен жұмыс     Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.Тапсырма: Кіші шеңберлердің ішінднгі әрәптерден   мейірім,қамқорлық,тазалық,денсаулық,рахмет,кешіріңіз деген сөздерді құрап жазу.
Жүректен жүрекке              Балалар шеңберге жиналып ән салады.
                                      Біз бақытты балдырғандар.