Талантты ж?не дарынды балалармен ж?мыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.
Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз - ақ дамуға қабілетті ету»
(Эдгард Хабард).
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72 бет).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емеc.Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын басты ерекшеліктері:
1. Дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды.
2. Көп көлемде білім меңгереді, алған білімін қолдана біледі.
3. Таным, түсінігі жоғары
4. Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, қиял - күшінің басымдығы.
5. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы.
6. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы.
Жұмыстың бағыттары:
- Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.
- Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен күрделі тапсырмалар бойынша жұмыс істеу;
- Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары
с, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге аса
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.
Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
Психологиялық жоғары дамуы
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
Ойлау қабілетінің озық болуы
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
Туа бітті шығармашылық қабілеттің
Дарындылықтың түрлері
Интеллектуалды
Академиялы
Шығармашылық
Көсемдік /лидер/
Көркем орындаушылық
Дарындылықты анықтау критерийлері
Теориялық материалды толық игеруі
Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне-өзі талап қоя білуі
Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі
Тақырып бойынша модель құруға үйрету
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне – өзі талап қоя білуі
Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ, ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
№ АТЫ-ЖӨНІ СЫНЫБЫ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1
Данабекқызы Ақгүл
10 «б» Оқуға ынтасы жоғары, шапшаң және ынталы. Оқу озаты.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады;
2
Өмірбаева Гулсая
10 «б» Оқуға ынтасы жоғары және ынталы. Оқу озаты.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары
3 Сүлейменов Шыңғысхан 8 сынып Оқуға ынтасы жоғары. Математика пәні бойынша үлгерімі өте жақсы.
Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады. Тез жалыққыш, бос тұра алмай бір нәрселерді ұнатады, есте сақтау қабілеті өте жоғары.
4 Жолдыбаев Балсейт 8 сынып Оқуға ынтасы жоғары және көп көлемде білім меңгереді де, оны ұмытпайды Екпінді.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; өте ретті жұмыс істейді, күрделі есептерді шығаруды ұнатады; алдына қойған мақсатқа жете біледі.
5 Аблаева Жазира 7 сынып Оқу озаты. Білімді, кең көлемде ойлайтын зерек оқушы.
Ерекшелігі:Тапқыр,логикалық тапсырмаларды тез шешеді. Математика пәніне деген қызығушылығы өте жоғары.
6 Күмісбаева Айжан 7 сынып Оқуға ынтасы жоғары және ынталы. Оқу озаты.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары
7 Есқазы Ақнұр7 сынып Оқуға ынтасы жоғары, ынталы. Оқу озаты.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу;алға ұмтылу,бәсекелестікке қабілетті.Логикалық тапсырма шешуді ұнатады.
Пән мұғалімі: Бегетаева А.Т.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2014 – 2015 ОҚУ ЖЫЛЫ
№ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ МЕРЗІМІ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1 Дарындыоқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру 01.09 Жоспар
2 Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу. 05.09 Тізімін құру
3 Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау 07.09 Оқушылардың ерекшеліктері
4 Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу Жеке жоспар бойынша Жоспар
5 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер, шығармашы-лық жұмыстар) Жоспарға байланысты Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
6 Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Жоспарға байланысты Сабақ жоспарлары
7 АКТ технологиялар элменттерін пайдалану Қажеттілігіне қарай Презентациялары
8 Деңгейлік тапсырмалар дайындау Қажеттілігіне қарай Деңгейлік тапсырмалар
9 Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту Қажеттілігіне қарай Тест тапсырмалары
10 Сабақ сайын озық тапсырмалар беру Жыл бойы Тапсырмалар
11 Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру
Сабақ сайын
Өздік бағалау