Дарынды балалармен ж?мыс т?рлері.


Дарынды балалармен жұмыс түрлері.
«Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Педагогикалық энциклопедия

Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.
Дарынды бала ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін адам.
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі уәждемесінің деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Мұғалімдермен жұмыс жасау: Мысал ретінде мұғалімдерге жұмыс түрлерін қарастыруды ұсынамын. Үш шағын топқа бөлінген мұғалімдерге тапсырма беремін: «Дарынды балалармен сабақта жұмыстарыңызды қалай ұйымдастырасыздар?»
Жұмысты қорғау: Салынған жұмыстары туралы айтады. Жұмыстарын қорғайды. Мұғалімдердің ойларын тыңдап алғаннан кейін өз ойымды айтып тәжірибеммен бөлісемін.
Дарынды және талантты балаларға сабақта берілетін тапсырмаларды күрделендіремін. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (салынған суретті толықтыру, әңгіме құрастыру, сөзжұмбақтар, ребус, шағын эссе жазу, өлең шығару синквейн құрастыру, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастырамын.
Тұжырымдама: Мысал ретінде мұғалімдерге жұмыс түрлерін қарастыруды ұсынамын.
Үш шағын топқа бөлінген мұғалімдерге сурет салуға тапсырма беремін:
І топқа елестету арқылы сурет салу (вербальды қиял әдісімен.Алдаркөсе ертегісіне),
ІІ топқа естігенін салуды тапсырамын,
ІІІ топқа көргенін көшіріп салуды тапсырамын.
(Бұл тапсырмалар менің ары қарай жасайтын жұмысыммен байланысты)
Тапсырмаға 5 минут беріледі, салынған суретті толықтыру, әңгіме құрастыру, сөзжұмбақтар, ребус, шағын эссе жазу, өлең шығару синквейн құрастыруға таңдаулары бойынша тапсырма беріледі.
Салынған жұмыстары туралы айтады: Сіздерге ұсынылған жұмыс түрлерін қолайлы деп санайсыздарма?

Нақты деректер: Бейнелеу өнері пәніне бастауыштан келген оқушыларға сабақ беру жолдарын түсіну үшін ең алдымен балалардың берілетін материалды қабылдау қабілеттерін және дарындылықтарын анықтап аламын. Бұл менің жұмысымның нәтижелі болуына ықпал етеді. Ол үшін балаларға бірқатар сауалнамалар жүргіземін. Сауалнамалар қорытындысы бойынша балалармен жұмыс жасау жолдары анықталады.
Сауалнамалар арқылы оқушылард іріктеліп, қай оқушымен қандай жұмыс жасалуы белгілі болды. Осы 2013-2014 жылы 6 сыныпта бейнелеу өнерінен дарынды бала болып Тайғара Айдана анықталды. Дарынды оқушылар аз емес бірақ араларында ең жақсы деген, бейнелеу өнерінен қабілетті деген оқушылардың тізімін құрдым.
Бірінші тест бойынша сыныпта дарынды балалар 60 пайыз болды, нақты бейнелеу өнеріне бағытталған балалар бес оқушы.
Тайғара Айдана – сурет салғанды өте жақсы көреді, суреттерді ашық, түрлі түсті етіп салады, көбінесе гүлдерді салғанды ұнатады. Тек қана сурет салып қоймай бейнелеу өнерінің басқа да түрлерімен айналысады. Витарждар жасағанды, бисермен тоқығанды, оригами жасағанды өте ұнатады. Нағыз дарынды бала болғандықтан бір нәрсемен үнемі айналысқан оны жалықтырып жібереді, сондықтан мен Айданаға жұмыс түрлерін ауыстырып отырамын, яғни қызықтырып жұмыс жасауына жағдай жасап отырамын. Мектепте жыл сайын жеке көрмелерін ұйымдастырып отырамын, ол Айдананың жұмыс істеуіне жақсы стимул береді. Үздік оқушылардың қатарында.
Тасболатов Ерболат – сурет салғанды ұнатады, көбінесе абстрактылы суреттерді салады, ойдан шығарған кейіпкерлерді салғанды ұнатады. Екпінді оқушылардың қатарында.
Имаканова Мөлдір – мультфильм кейіпкерлерін салады, еш нәрсе істемесе де мультфильм кейіпкерлерін салумен уақытын өткізеді, пропорция, пішім туралы хабары мол. Үздік оқушылардың қатарында.
Шаяхметова Аида – Сурет салғанды ұнатады, көбінесе компьютерлік графикаға жақын тұрады, Paint графикалық редакторын толық меңгерген. Суреттері әр-түрлі тақырыптарға арналған, сыныпта үздік оқушылардың қатарында.
Мейрамов Шынғыс – Сурет салғанды ұнатады, әр-түрлі тақырыптарға сурет салады, салу техникасы да әр-түрлі болып келеді. Салынған суреттерге әңгіме құрастырғанды ұнатады. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, суреттерін салуда көбірек уақыттың бөлінгенін талап етеді. Сыныпта үздік оқушы, өте дарынды, жан-жақты бала.
Осы аталған оқушылардың барлығы көптеген мектепішілік және аудандық суреттер сайыстарына қатысып жүреді, суретті шабыттары келген кезде ғана салады. Ал көңіл күйлері болмаған кезде олармен жұмыстың басқаша түрлерін қарастырамын, ол үшін екінші тестілеудің пайдасы көп. Мында оқушылардың айтылған нәрсені қабылдаулары басшылыққа алынады. Мысалы:
А типі -визуал, көру арқылы қабылдайды, тақтаға салынған суретті өте жақсы түсінеді, бір көрген нәрсені есте сақтап қалады, көрген нәрсені суреттеп бере алады. Визуалдарға жататын:
Тайғара Айдана
Шаяхметова Аида
Имканова Мөлдір
В типі кинесет - ұстау арқылы қабылдайды. Нәрсені ұстап көруді ұнатады, мұғалімнің сөзінен гөрі келіп қолымен ұстап көрсеткенді, бастарынан сипағанды, көрнекіліктердің ұстап көретіндей болғанын қалайды, осылай түсіндіргенді жақсы қабылдайды. өз қолдарымен жасаған нәрселерін өте бағалайды. Сыныптағы кинестеттер:
Сулейменова Алия
Алданазарова Мадина
Раукенов Алихан
Құдайбергенов Ерболат
С типі аудиал - есту арқылы қабылдау, мұғалімге қарамай ақ қойып өз жұмыстарымен отырып түсіндіріліп жатқан сабақты қабылдай береді. Оқылған өлең сөздерін көз алдарына елестетіп өте жақсы суреттеп бере алады. Сыныптағы аудиалдар:
Мейрамов Шынғыс
Санай Бекарыс
Оқушыларды осылай танып біліп алғаннан кейін сабаққа дайындалу, сабақты түсіндіру көбіне жеңілірек болады. Қандай оқушыдан не талап етілетіні түсінікті сабақ қызықты және нәтижелі өтеді.
Сыныптағы дарынды балаларға арнайы бақылау парағын қолданамын:
Оқушының жеке жетістіктер көрсеткіш парағы
Оқушы: Мейрамов Шынғыс
Сынып: 6
Ата-анасы: Жусупов Еркін
Мұғалімі: Аманбаева Ж.О.
Жұмыс түрлері қыркүйек қазан қараша желтоксан қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр қорытынды
Тәртібі 1 2 1 1 2 3 2 Сурет салуы 3 3 2 3 2 3 3 Мазмұндау, әңгімелеу 3 3 3 3 3 3 3 Шығармашылығы 2 3 3 3 3 3 3 Сөйлеу мәдениеті 3 3 3 3 3 3 3 Мәнерлеп оқуы 1 2 2 3 2 3 3 Идея айтқандығы 3 3 3 3 3 3 3 Жинаған ұпайлары Қорыта келе дарындылықтың түрлерімен дарынды адамдар туралы айтып кеткім келеді
Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктеріне қарай үшке бөлуге болады:
Шағармашылық дарындылық;
Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
Лидерлік дарындылық.
Интеллектуалды,табиғи дарындылық:
1. Исаак Ньютон мектепте нашар оқыған, математикадан басқа барлық пәндерден үлгермеген. Досымен төбелескеннен кейін сыныпта бірінші болды. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.
3. Сергей Королев мектепте үшке оқыды. Оның қолдауымен баллистикалық ракеталар, бірінші жер серіктері және «Восток» и «Восход» ғарыш кемелері құрылған
4. Дмитрий Менделеев орташа оқыды. Математика мен физикадан улгерді. Ұлы орыс ғалымы. 1859 жылы элементтердің периодтық жүйесін ашты.
Шығармашылық дарындылық:
1. Антон Чехов гимназияда екі рет екінші жылға қалды. Бірақ оған ол атақты жазушы және дәрігер болуына кедергі жасаған жоқ.
2. Александр Пушкин лицейде оқуы нашар болды, арифметика сабақтарында жылайтын күндері болды. Аттестация қорытындысы бойынша диплом алуа тізімнің аяғынан екінші болды. Әлемдік әдебиеттің данышпаны болды.
3. Людвиг ван Бетховен қатемен жазды, көбейту мен бөлуді меңгермеді. Ұлы композитор болды.
Лидерлік дарындылық :
1.Наполеон Бонапарт математикадан басқа барлық пәндерден нашар оқыды. Францияның императоры болды.
2. Уинстон Черчиль математиканы түсінбеді, сыныпта барлығынан нашар оқыды. Британияның атақты саяси қайраткері болды.
3. Борис Ельцин жетінші сыныпқа дейін жақсы оқыды, бірақ жетінші сыныптан кейін мектептен нашар тәртібі үшін шығарылды. Ресей Федерациясының бірінші президенті болды.

Сондықтан алдымызға келген балаларға барымызша көмектесіп, қолдау көрсетіп отыруымыз керек. Өйткені осы деректер бойынша кез келген балада іштей бір дарындылықтары болуы мүмкін.
Рефлексия.