Урок Денсаулы?-зор байлы? атты эстафеталы? сайыс


Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайыс ойыныМақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Өтілетін орны: Спорт зал Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар, шеңбер, дартс, кедергілер, т.б құрал жабдықтар. Өту барысы: 1- Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайысына қош келдіңіздер! 2- Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,Сауығып айдай толарсың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боларсың.Жеңімпаз болу оңай ма,Арман болған талайғаБолмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалайда.Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысушы оқушылар бүгінгі «Денсаулық- зор байлық» атты сайысымызға хош келдіңіздер! 1-Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,Әр таңды бақытпенен атырамыз.Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға - Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң1.Қыран тобы. 2. Сұңқар тобы командаларды ортаға шақырамыз. 2 -Жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды таныстырып өтіңіздер. (Ойыншылар шығып өздерін таныстырады) 1-Жүгізуші: Ал, құрметті қонақтар!Жарысты енді көріңіздер.Әділ қазы алқаларыӘділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздіңжетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 1. Тәрбие ісінің орынбасары: Тоққожина Айнұр.2. Әлеуметтік педагог: Сагидуллина Назгүл3.Аудандық оқушылар үйінің әдіскері: Бақытжанова Амангүл 4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Аққөзова Жаңылсын.2-Жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!Қатардан артта қалып қоймайық,Белсенді болайық ортада,Уақытты тектен-тек жоймайық!Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады. 1. «Гимнсатикалық шеңбермен адам тасу» сайысы. 1) Гимнастикалық шеңбермен адам тасу;а) 1 адам, капитандар2) 2 адам,3) 3 адам,4) 4адам5) 5адам....барлық топ мүшелері2. «Доп лақтыру» сайысы.3. «Қаңбақ шар» сайысы. 4. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы. 5. «Ат жарыс» сайысы. 6. «Қаппен секіру» сайысы 7. "Мергендер" сайысы1 -конкурс: «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы. 1 Бала шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете береді. (Ойыншылар жарыса бастайды) 1 -Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің.Спорт- досың, серігің.Жаттықсаң шымыр боласың,Шынығып, өсіп, толарсың.2- конкурс: «Доп лақтыру» сайысы. Баскетбол добын кедергілер арқылы жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу. (Ойыншылар жарыса бастайды) 3- конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы. Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек. (Ойыншылар жарыса бастайды) 4 -конкурс: «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы. (Ойыншылар жарыса бастайды) 5 - конкурс: «Ат жарыс»сайысы.Үрілген доппен секіріп, жарысу. 2-Жүргізуші: Оқушылар назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сауда.Денсаулық терең бақыт деген сөздіҚұр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.6- конкурс «Қаппен секіру» сайысы Оқушылар қапты киіп алып секіру жарысы. 7 -конкурс " Мергендер" сайысы( Дартс)1-Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол-Еңбектену, жалықпауБіреу озса сайыста,Біреу артта қаладыЖеңілгендер ренжімейТарасса бізге жарады.2-Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар Сайыстың да соңы келіп таянарЖеңімпазды анықтайық қанекей,Әділ қазы сайысты әділ бағалар.Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. 1-Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда, Болашақты болжайтын. Дені таза, тәні таза, Елін, жерін қорғайтын! Денсаулық-басты байлық өмірдегі, Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. Салауатты өмір салтын насихаттап, Атанайық жақсы азамат өңірдегі. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!