Презентация по информатике на тему ?лемні? а?паратты? бейнесі (6 сынып)
Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
АқпаратАқпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
Шығу облысына қарай ақпарат
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
Информатикадағы ақпарат
МысалКөрсетілген сигналдардың қайсысы аналогтік, қайсысы үзілісті (дискреттік)?
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиетТолықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет.Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.Ақпараттың сыртқы қасиеттері
Ақпараттың ішкі қасиеттеріАқпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады. Хабардағы ақпарат көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады. Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы:«он үш» 13 XIIIМысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады. Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса,байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.
Ақпаратты кодтау тілдеріТабиғи тіл (ауызша не жазбаша)Ым- ишара тіліЖол белгілері тіліГеография тіліМатематика тіліНота сауатыМорзе азбукасы, т.б