Ашы? саба? ?йтеке биді? шешендігі 
Әдебиеттік оқу
3  сынып
Мұғалім: Шайхиева А.И.
Сабақ тақырыбы: Әйтеке бидің шешендігі. 
Жалпы мақсат: Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып,  қорытынды жасау.
Сілтеме: Оқулық, дәптер
"Мың бір мақал,мың бір жұмбақ"  1992ж
Билердің  портреттері, нақыл сөздері
Оқушылар үшін оқу нәтижесі: Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу.
Түйінді идеялар: Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
                                                                        Л. Сенека         
Тапсырма көздері:  Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе.
Сабақта қолданылатын материалдар: Сызбалар,  билердің  портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Оқыту әдісі: СТО 
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті: 
Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Оқушының іс-әрекеті:
Топпен жұмыс жасау,  Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:  Оқушының іс-әрекеті:
1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
 1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы  тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша  қағаз алады.  Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады. 
 Топқа бөлу 
І- топ  «Төле би  »
ІІ- топ  « Қазыбек би »
ІІІ – топ « Әйтеке би»
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді?
Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады. 
Мұғалімнің іс-әрекеті:  Оқушының іс-әрекеті:
 Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.
2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.
Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады. 
Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді. 
Мұғалімнің іс-әрекеті:  Оқушының іс-әрекеті:
Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек. 
1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер) 
2 топ: Қазыбек би
3 топ: Әйтеке би
Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек.
1 топ: Отан туралы
2 топ: Отбасы туралы
3 топ: Бірлік туралы
Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек. 
Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін. 
1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би.
3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.»
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін  ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға  түсіреді. ( флипчарт)
Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.
Оқушылар оқиды, түсіндіреді.
Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс әрекеті
1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бағалау:    Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады
Кері байланыс (сұрақ-жауап) 
Өзін-өзі бағалау.  Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады. 
БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББМ.