Жа?сы істер ?уанышы Жа?сылы?пен жаным дос.


Сабақ тақырыбы: Жақсы істер қуанышы
Жақсылықпен жаным дос.
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:адамның әр кезеңде білдіретін түрлі эмоциялары мен сезім-күйлері туралы білy;
Оқушылардың басым бөлігі:жақсы істер қоғам игілігіне бағытталса, көңілге қуаныш және шаттық сыйлайтынын түсінy;
Кейбір оқушылар:әртүрлі қарым-қатынас туралы ақпарат алy.
Тірек сөздер: эмоция – эмоция – emotion; сезімдер – чувства – feelings; көңіл-күй – настроение – mood;
жақсы істер – добрые дела – good deeds.
Ресурстар: Әр оқушыға төрт фишкадан, мұғалім алдын ала дайындалған оқушылардың әртүрлі эмоциямен түскен фотосуреттері, балалар әнінің фонограммасы, оқулықтағы «Ойлана біл» тапсырмасынан сурет.
Өсиет әңгіме, – М.: «Новая мысль», 2010. – с 256.
Сабақтың мақсаты: 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерӨсиет әңгіме. «Адам теңіз жағасымен келе жатып,құмнан бір нәрсені көтеріп, теңізге лақтырып тұрған баланы көреді. Ол жақын келіп, баланың құмнан теңіз жұлдызын алып жатқанын байқайды. Баланың айналасы толған теңіз жұлдызы. Көптеген аумақты алып жатыр.
– Теңіз жұлдыздарын неге суға лақтырып жатырсың? – деп сұрады адам.
– Егер теңіз жағасында таңертеңге дейін қалатын болса, су кері қайтқанда олар өліп қалуы мүмкін,
– деп жауап берді бала қимылын тоқтатпай.
– Бұл тіпті ақымақтық қой! – деп айғайлап жіберді адам.
– Жан-жағыңа қарашы, бұл жерде миллиондаған теңіз жұлдыздары жатыр.
Сенің әрекетің ештеңені де өзгертпейді.
Бала келесі жұлдызды қолына алып, бір сәт ойланып қалды да, сәл жымиды.
Оны суға лақырып тұрып:
– Жоқ, менің әрекеттерім осы жұлдыз үшін көп нәрсені өзгертеді, – деп жауап берді». Сабақты жұмыстарға қысқаша шолу жүргізуден бастаңыз. Оқушылардан қандай іс қызықтырғанын, қандай істер қуанышты эмоция мен жақсы көңіл-күй сыйлағанын сұраңыз. «Менің көңіл-күйім» тапсырмасында оқушылардан көңіл-күйлерін межеде белгілеуін ұсыныңыз. Оқушылардан өз қойған белгілерін түсіндіруін сұраңыз. Егер барлығының көңіл- күйі жақсы болса, өзіңіздің де қуанғаныңызды білдіріңіз. Бұл жұмыс кезеңін бірқалыпты әуенмен орындауға болады.
Көңіл-күй кемпірқосағы. Оқушылардың назарын өзіңіз алдын ала дайындап қойған «сөйлейтін қабырғада» ілінген фотосуреттерге аудартыңыз. Суретте олар әртүрлі көңіл-күйде болуы тиіс. Мысалы, таңдану, шаттану, мұңаю және т.б. Оқушылардан неліктен осындай эмоцияны сезінгенін сұраңыз. «Эмоция» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін анықтаңыз. Эмоция дегеніміз сезім білдіру екенін түсіндіріңіз. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Көңіл-күй кемпірқосағы» тапсырмасын жеке орындауды ұсыныңыз. Тапсырманың орындалуын, суреттерді қандай фишкамен белгілегенін тексеріңіз. Содан кейін оқушылардың жұпта 2 минут өздерінде жағымды сезім қалдырған оқиғаларды естеріне түсіріп, сол бойынша әңгімелесуін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Бекіту үшін «Айна» ойынын өткізуге болады. Бір оқушыны тақтаға шақырыңыз және құлағына сезім атауын сыбырлаңыз. Ол айнадағы қимылды қайталап көрсетсін.
Сынып оқушылары оның қандай сезім түрі екенін табуы тиіс. Бұдан кейін қалған оқушылар «айна» болып, құлаққа сыбырлаған эмоция түрін қимылмен қайталайды.
Оқушылар табуы қажет: Қуаныш, шаттық бар жерде, Байқалады ерніңде.

Жауабы: Күлкі.

Оқушылардан бір-біріне қарап, күлуі сұраңыз. «Сен білесің бе?» айдары бойынша нмәлімет беріңіз. «Ең қуанышты күлкі» байқауын өткізіңіз. Сабақтан кейін оқушыларды қалауы бойынша суретке түсіріп алыңыз. Фотоларын «сөйлейтін қабырғаға» іліп қойыңыз.
Өсиет әңгімені айтып беріңіз. Теңіз жұлдызшаларыеың суреттерін көрсетіңіз. Кімнің теңіз жұлдызын көргенін анықтаңыз. Өсиет әңгіменің идеясын қалай түсінгенін тексеріңіз:
– Бала неліктен осы іспен айналысты?
– Ол неліктен күлді?
Өсиет әңгіменің тәрбиелік мәніне назар аудартыңыз: бала жақсы, пайдалы іс жасады, өз еңбегінен қуаныш сезінді.
Ойлана біл. Әдемі қорапшаны көрсетіңіз.Оны «жақсы істер сандықшасы» деп атап, бұл сандықшаны толтыру қажет екенін айтыңыз.

Жақсы істер қуаныш сыйлайды. Олар ұзақ жылдар бойы есте қалады. Жақындарыңа қамқор бол. Достарыңды қолда. Әлсіздерге көмектес. Табиғатты қорға. Жақсы істер адамдарды жақсылыққа жетелейді.
Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Сабақ қорытындысын шығарған кезде оқушылардан қандай тұжырым жасағанын анықтаңыз. Олардан бірінші тапсырмаға қайтып оралуын сұраңыз. Оқушылар сабақ соңында көңіл-күй межесін белгілесін. Межеде х белгісінің саны дәл келген оқушылардың қол көтеруін сұраңыз. Оқушылардың жақсы іс жасағаннан өз көңіл-күйін дұрыс болжауға үйренгені үшін алғыс білдіріңіз.
Сен не білдің?
Дұрыс жауаптарды таңда.
Барлық адамдар бірдей.
Мереке – бұл қуаныш және шаттық.
Күн тәртібі тек балалар үшін ғана қажет.
Жақсы істер қуаныш сыйлайды.

Оқушылар тірек сөздерді есте сақтауы үшін сезім туралы әңгімелесіп, сөйлемді толықтыруы керек. Адамдарда әртүрлі сезімдер мен …….(эмоция)
…….…….…….…….…….…….(emotions) …….…….…….…….(эмоция) болады.
Әр адам …….…….…….…….…….(жақсы істер) …….……….….…….(доброе дело) …….…….(goodworks) жасай алады.
Пәнаралық байланысҚосымша тапсырмаларЖаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдары «Адам» тарауымен байланысты.
Өнер. Қосымша тапсырманы орындау үшін балалар әнін таңдап алыңыз.
АКТ. Оқушылардан фотосуреттерден таныстырылым жасауын, бір күнде оқушылардың өзгерген көңіл-күйі туралы бейнежазба түсіруін сұраңыз. Оқушылардан бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін жақсы істерді атқаруға қайсысының қатысқысы келетінін сұраңыз. Ән айтуды (үш тілде айтса болады) ұсыныңыз. Әнді күрделі емес бірнеше қимылдармен толықтырыңыз.
Бағалау
Оқушылар
– әртүрлі эмоцияны, сезімді, көңіл-күйді өз сөздерімен сипаттай алады;
– сабақтың әртүрлі кезеңдерінде өз эмоциялық жай-күйін анықтай алады.
Оқушылар
– өз эмоциялары мен көңіл-күйілерін басқаруға болатынын түсінді;
– егер қоғам игілігіне жасалған болса, жақсы істер табыс және жақсы көңіл-күй сыйлайтынын білді;
– жалпыға пайда әкелетінін және айналаға қуаныш сыйлайтын істерді таңдауға үйренді.
Оқушыларға сөйлемді аяқтауға ұсыныс беріңіз:
Жамандықтан – жамандық, жақсылықтан ...........
(жақсылық)
Жақсы ағаштың жемісі де ........... (жақсы)
........... жасауға асығыңдар. (жақсылық)
Күмісіңмен мақтанба, ........... мақтан. (жақсылығыңмен) Өмір ........... жасау үшін берілген. (жақсы істер)
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?