Мероприатие на тему Маманды?ты? б?рі жа?сы


Күні: 9. 02. 2016
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Мамандық туралы түсінік қалыптастыру, мамандықтың құралын табуға және қызметтерін ажырата білуге тәрбиелеу. Мамандыққа қызығушылығын арттыру.Мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Корнекілік: Слайд, мамандықтардың суреттері.
Іс- әрекет кезендері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі басқарған
Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.
Өскенде кім болғыларың келеді?
Балалар іс-қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру- іздестіру Балалар кәні бәріміз жұмбақ шешеміз бе?
Бүгінгі біздің ҰОІӘ тақырыбы осы жұмбақтардың шешіміне байланысты болып отыр.
Кірпіштен сарай, уй салды
Ол адам кім болды?
Қалпағына қарасаң
Дәрігер емес ол бірақ
Ас мәзірін қаласаң
Алға ұсынып тұрады ол
Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалақтайтын
Мектептің жүрегі,Білімнің тірегі
Сауықтырар сырқатты,Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)Тікті әсем киімді,Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
Слайд көрсетіледі.
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Олай болса осы мамандықтар бізге қонаққа келіп отыр. Ортаға шақырайық.Дәрігер:Жақсы оқып сабақты,Білім алып толамын.Ауруларды емдейтін
Құрылысшы:Қолда темір қалағымСаздан сарай саламынАлматыдан аумайтынӘсем қала саламын.Мұғалім:Мұғалім, аспазшыЖақсы оқып сабақтыБілім алып толамынБөбектерді оқытарМен мұғалім боламынАспазшы:Дәмді тамақ пісіріпӨнерлі бала боламынХалқым сүйген ардақтыМен аспазшы боламын.
Шаштараз:Сән үлгісін қиятынШаштараз болам жолыңаТүрлі – түрлі шаш қиыпҚызмет етем халқыма.
Ал балалар сендер осы мамандықтар туралы тақпақтар білесіңдерме?
Олай болса айтыңдар?
Балалар қараңдаршы бізге келген мамандардың қолдарында құралдары жоқ екен.
-Кане бәріміз тауып берейікші?
Балалармен жұмыс: «Мамандық құралын тап» Балалар стол үстіндегі әр мамандықтың құралдарын өз иесіне тауып береді.
Сергіту сәті:
Видео ролик.
Ғажайып сәт.
Есік қағылып ішке қорап келеді.
Бұл не болды екен балалар?
Ішін ашып көреміз бе?
Ішінен қонжық шығады. Ол өзін таныстырып, өзінің басының ауырып тұрғанын айтады.
Қонжыққа кім көмектесе алады балалар?
Қонжық рахмет айтып топтан шығып кетеді.Балалармен жұмыс:
Балаларды екі топқа бөліп екі түрлі тапсырма беріледі.
1 топ Мамандық құралын табады
2 топ суреттегі мамандыққа ұқсас мамандықты тауып белгілейді. Балалар өз ойларын айтады.
- ия
Құрлысшы
Аспазшы
Шаштараз
Мұғалім
Жарайсыңдар балалар! Сендер дұрыс таптыңдар.
-ия
1 - бала. Қолда темір қалағым.Саздан сарай саламынАстанадан аумайтынӘсем қала саламын.2 - бала. Отанның ұланынБаулаған мұғалімӨзіңсің ағытқанБілімнің бұлағын.3 - бала. Тіс ауырсаІш ауырсаАнам дәрі бередіБарлық адамБарлық балаОны жақсы көреді.4 - бала. Емес оның жәй ісі.Қолда тарақ, қайшысыАпамның бес саусағыШашты қырқып тауысады.
Балалар аң таң. ешкім білмейді
-ия
Дәрігер.
Дәрігер бала қонжыққа дәрі беріп аруын емдеп жазады.
Балалар карандашпен әр мамандықтың қандай құрал пайдаланатынын және ұқсаитын мамандықты карандашпен сызып корсетеді.
Рефлексивті түзетушілік Балалар сендер жарайсыңдар өте керемет жұмыс жасадыңдар!
Балалар сендерге бүгінгі ойын ұнадыма?
Қандай мамандық иелерімен таныстыңдар?
Өскенде кім болғыларың келеді,қандай маман иесі боласыңдар?
Балалар сендерге үлкен рахмет! Өскенде үлкен азамат, үлкен білімді маман иесі болуларыңа тілектеспін. Балалар сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: мамандық түрлерін
Нені игереді: Мамандықтарға қажетті құрал жабдықтарды және ол мамандықтардың не үшін қажеттілігін.
Нені біледі: мамандықтардың түрлерін қандай құралдар пайдаланатынын